Логикалық МӘдениет білікті заңгер негізі бақтығали Айкөркем Саматқызы, Рахмет Аяжан Нүреденқызы



Дата12.03.2018
өлшемі62,65 Kb.
#38430
ЛОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – БІЛІКТІ ЗАҢГЕР НЕГІЗІ

Бақтығали Айкөркем Саматқызы, Рахмет Аяжан Нүреденқызы

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі,

Әлеуметтік-гуманитарлық бөлім, Құқықтану мамандығы


Логика (гр.-«талдауға құрылған», — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылыми теориялар жиынтығын құрайды.

Логика – адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды. Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған. [3]

ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Әрбір әрекет, әрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз. Жаңа технологияны енгізу жетістікке жету жолы. Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болып қалмақ. Қазақ білім беру саласының шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу жайы» еңбегінде: «... әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі» деген пікір айтқан болатын. Бұл ұлағатты ойдың құндылығы бүгінгі таңда күн сайын айқын сезілуде. Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңін – дәстүрлі оқыту түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған түрі технология термині. «Технология » ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым.

«Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында айтылғандай – жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың  потенциалдық деңгейін көтеру бүгінгі күннің негізгі жаңа оқыту технологиясымен  жүзеге асады.

Жаңа технологияны енгізу – халықаралық қауымдастық элементі ретінде тарихи үрдіс болып саналады. [6]



Ойын технологиясы. Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу жетіліп қалыптасады. Ойын түрінде оқытудың мақсаты: Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді. Мағынасы: Оқу материалын ізденуге, өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер. Іске асыру құралы: Білімалушылардың шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.

Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып, білімалушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады. Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі:



  • Дидактикалық мақсат білімалушыларға ойын түрінде беріледі;

  • Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;

  • Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;

  • Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.

Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар. [7]

Іскерлік ойыны. Жаңа материалды меңгеру, қорытындылау, кешенді мәселелерін шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланады. Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді. Іскерлік ойынның әдіс- тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады:

Дайындық кезеңі. Дайындық кезеңі ойынды жоспарлаудан басталады:

сценарий дайындау; іскерлік ойынның жоспары; ойынды жүйелеп баяндау; нұсқау мазмұны; мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау.

Ойынға кіру: мақсат, міндеттерін қою; жағдайы, нұсқауы, уақыт тәртібі, ережесі; рөлдерді бөлу; топтарды қалыптастыру; кеңес беру.

Өткізу кезеңі: топтардың тапсырмамен жұмысы; дерекнамамен жұмыс, тренинг, миға шабуыл; ойын құрал-жабдықтарымен жұмыс.

Топтар арасындағы пікірталас: топтардың көрсетулері, нәтижелерді қорғау; пікірталас ережесі, сарапшылар жұмысы.

Талдау және қорыту кезеңі: ойыннан шығу; талдау; баға беру және талдап қорыту; нұсқаулар.

Сөйтіп жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ойын түрлері арқылы дамытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:



оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, өтілген материалды қорыту және бекіту;

тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық – құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыру;

дамытушылық – бітірушінің барабар әлеуметтік өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.

Ойын арқылы оқыту процесінде қарым-қатынас стилі мен сипаты, сондай-ақ педагог қызметі өзгереді, ол сабақта ұйымдастырушы, үйлестіруші және кеңесші рөлін атқарады. Ойында бірде-бір білімалушы елеусіз қалмайды, әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі.



Қорыта айтар болсақ, нағыз білікті заңгер болу үшін құқықтық сауаттылықпен қатар логикалық мәдениетке, іскерлік қабілеттілікке ие болуымыз керек. Логикалық мәдениет дегеніміз – анық ойлау, алған білімімізді тиімділікпен пайдалану, басқа адамға дұрыс жеткізе білу. Іскерлік қабілеттілік дегеніміз – өз құзыреттілік шегінде еңбек ету процесін аса жауапкершілікпен жүзеге асыру. Бүгіннен бастап іскерлік ойындармен, логикалық мәдениеттілікпен бағытталуымыз – болашақ заң саласының маманы ретінде қалыптасуымыздың алғышарты іспеттес.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж

  2. Запаренко В.С. Пиратская бухта. Логические задачи, лабиринты, игры и раскраски

  3. Тұрғынбаев Әділ Халыкулы. Логика: Оқу құралы/ - Алматы: Білім, 2000. - 173 б. - ISBN 5-7667-2437-3 : 330 т.

  4. Ысқақова Р. О. Логика/Р. Ысқақова, Т. Ғабитов. – 2004

  5. Э. Гуссерль. Логические исследования. Том 1: Пролегомены к чистой логике

  6. Massaget.kz

  7. G.global.kz




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет