Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Бюджеттік инвестициялау –
Бюджетті нақтылау – Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мəслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік көрсеткіштерді өзгерту.
Бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік қаражаттар есебінен іске асырылатын жəне аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге жəне дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық жəне / немесе жергілікті бюджеттердің қаражаттары, соның ішінде сыртқы рыноктарда қарыз алу, концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру жəне мемлекеттің заңи тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі – бюджет қаражаттарды бөлу сəтінен бастап пайдалануға беру сəтіне дейінгі жаңа объектілерді құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау барысы туралы ақпаратты жинау жəне талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттік қамтамасыз етілу – тиісті бюджеттер қаражаттары есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны.
Бюджеттік қаражаттар – мемлекеттің ақшалай жəне өзге активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер.
Бюджеттік қаражаттарды алушылар – бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері арқылы алатын жəне оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке жəне заңи тұлғалар.
Достарыңызбен бөлісу: |