Демеушілік көмек – осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде: жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін жəне шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім жəне спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (əлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде; ком мерциялық емес ұйымдарға өздерінің жар ғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік.
Депозитарийлік қолхат – осы депозитарийлік қолхаттың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз.
Депозитарийлік қызмет – басқа номиналды ұстаушылар үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету жəне ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржылық құралдармен мəмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі қызмет.
Дефолт – эмиссиялық бағалы қағаздар жəне өзге қаржылық құралдар бойынша міндеттемелердің орындалмауы.
Дилер – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жəне ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп жəне өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен жəне өзге қаржылық құралдармен мəмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушысы.
Донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық жəне шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары жəне қорлары.
Е
Ең төменгі зейнетақы – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері.
Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасы заңнамасында жəне ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшартта белгіленетін тəртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнет ақы қорларына салатын ақшасы.
Достарыңызбен бөлісу: |