Гуманитарлық көмек – халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою үшін шет елдерден жəне халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар жəне дəрілік заттар, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде, Қазақстан Республикасының Үкіметі уəкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік.
Д
Дара зейнетақылық шот – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы дара атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кəсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімпұл жəне өзге түсімдер есепке алынады жəне содан зейнетақы төлемдері төленеді.
Дара инвестор – институтционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор. Дара шот – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржылық құралдар бойынша мəмілелерді тіркеу жəне құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сəйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы.
Дивидендтер – акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңи тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңи тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңи тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар жəне басқалары.
Делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау.
Достарыңызбен бөлісу: |