ҚЎлпыбаев с



бет28/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. «Қаржы» термині қандай ұғымды білдіреді және қай кезде пайда болды?
2. Қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісі, оның құрамы деп не түсініледі?
3. Ұлттық өндірістің көлемі қалай өлшенеді?
4. Қоғамдақ өнімді алғашқы бөлу үдерістері мен оны қайта бөлу қалай көрінеді?
5. Қаржының айрықшалықты белгілерін атап шығыңдар.
6. Экономикалық категория ретіндегі қаржының анықтамасын тұжырымдаңдар.
7. Қаржының объективті қажеттігі неде және оның қоғамдық дамудағы рөлі қандай?
8. Қаржының тауар-ақшалай қатынастармен және құн заңының іс-әрекетімен байланысын анықтаңдар.
9. Қаржы қандай функцияларды орындайды?
10. Қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тұжырымдамаларының мағыналарын ашыңдар.
11. Қаржының негізгі экономикалық категориялармен өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін ашыңдар.
12. Қаржылық ресурстар, қорланымдар және қорлар деп нені түсінеді? Қаржылық ресурстардың негізгі түрлері мен көздерін атаңдар.
13. Қаржылық ресурстарды өсірудің қандай негізгі факторларын білесіңдер?
14 «Қаржы жүйесінің» ұғымы және сыныптамасы.
15. Мемлекеттің қаржы жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
16. Қаржылық қатынастардың субъектілері бойынша қаржы жүйесінің сызбасын құрыңдар.
17. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда белгілі бір қағидаттарды қолдану неге қажет?
18. Қаржы жүйесін жетілдірудің міндеттері неде?


2-тарау. Мемлекеттiң қаржылық саясаты.
Қаржылық механизм



2.1.Қаржылық саясаттың мазмұны,
міндеттері, мақсаттары және қағидаттары

Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi. Қаржылық саясат – мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi; мемлекет пен басқа экономикалық агенттердің қаржы саласында өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жүргізетін іс-шараларының жиынтығы; қаржылық ресурстарды жұмылдыру және оларды бөлудің нысандары мен әдістері жүйесінде, қаржылық заңнамада, мемлекеттің табыстары мен шығыстарның құрылымында көрініп білінеді.


Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады (2.1 сызбаны қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет