ҚЎлпыбаев с


сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның базис және қондырма жүйесіндегі қаржы



бет29/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

2.1 сызба. Қоғамдық-экономикалық формацияның
базис және қондырма жүйесіндегі қаржы




Қаржы жалпылама экономикалық категория ретiнде абстракцияның аз дәрежесi болатын (салықтардың, бюджеттiң және т.б.) жеке қаржылық қосалқы категория­лардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен саясаттың түрлерін: салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетiн салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің, мемлекеттiк кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сақтық механuзмдерiн бөлуге болады.
Қаржылық саясат қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып ажыратылады ­және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
Қаржылық стратегия – экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анық­талып, ұзақ мерзімді перспективаға есептелген және ipi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыратын курс. Ол макроэкономикалық үдерicтер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады. Сөйтiп, қаржылық саясаттың мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылық үнeмi анықталып отырады.
Қаржылық стратегия қоғам дамуының ipi тарихи кезеңдерiне үйлестiре отырып жасалады. Оны жасау үдерiсiнде қаржыны дамытудың негiзгi үрдiс­терi болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдapы қалыптасады, қаржы­лық қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi.
Қаржылық тактика назарды кезек күттiрмейтiн мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардағы және елдiң, өңiрдiң, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқамaны нақтылайды.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іc-әpeкeтін ескере отырып және қоғамның даму міндеттерiне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбiр кезеңiнде қаржылық саясаттың өзiне тән белгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйiн, қоғамның материалдық және әлеуметтік өмірінің толғағы жеткен қажеттiлiктерiн және басқа факторларды ескере отырып, түрлi міндeттepді шешеді.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны айтарлықтай күрделi, өйткенi ол шаралардың ауқымды кешенiн, оны дәйектi жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1) экономикалық заңдардың әрекетін, экономиканың жай-күінде, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық даму перспективаларын әзірлеу негізінде елдегі қаржы дамуының негiзiнде қаржының ғылыми негiзделген тұжыpымдaмaсын әзір;
2) экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттepiн негiздей отырып, қаржылық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын тұжыpымдay;
3) белгiленген iс-қимылдарды қаржылық механизм арқылы экономикалық қайта құрудың түбегейлiгiне қарай оны жаңғыртумен және түзетумен нақтылы жүзеге асыру.
Осы негiзгi үш буынның (бөлiктiң) бiрлiгi мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұнын анықтайды. Егер бұл буындардың ең болмағанда бiрi жоқ болса, онда қаржылық саясат қазiргi жағдайларды қанағаттандыра алмайды.
Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мaқcaты iс-шаралар әзірлеу және оларды индустриялық-инновациялық дамудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдiң экономикасын әлемдік шаруашылыққа ұтымды бiрiктiру жолымен сыртқы экономикалық қызметтi жандандырудың негiзiнде экономикалық өсудi қамтамасыз ету, әлеуметтiк бағдарламаларды үздiксiз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы icкe асыру болып табылады. Бұл ретте қаржылық саясат пен қаржылық механизм рыноктық үдерiстерде инфляциядан, жұмыссыздықтан, табыстарынан айырылудан халықты әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасында тиicтi қаржылық саясатты және оны жүзеге асыру механизмiн жасау мен айтылған бағыттарды кiрiктiретiн рыноктық реформаларды тереңдету жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру жалғастырылуда.
Қазiргi кезеңде қаржылық саясаттың көмегiмен шешiлетiн басты мiндет­тердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдiң дамуының әрбiр нaқты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемiн жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржылық ресурстарды қоғамдық өндiрicтiң сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгiлi бiр мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгiленген бағыттарын орындау үшiн тиiстi қар­жылық механизмдi жасап, оны үнeмi жетiлдiрiп отыру.
Қаржылық саясатты жүргiзгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
қолда бар нaқты қаржылық ресурстарды негiздей отырып, бюджеттердi жасау, бекiту және aтқapy кезiнде қоғамдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының әлеуметтiк, ұлттық және кәсiби топтардың мүдделерiн caқтay;
қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындарында кipicтер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет