ҚЎлпыбаев с


Институционалдық инвестор –



бет292/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Институционалдық инвестор – Қа­зақстан Республикасы заңнамасына сəй­кес инвестицияларды жүзеге асыру мақса­тымен қаражат тартушы заңи тұлға.
Инновация – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, қолданыла­тын сол тақылеттестермен салыстырғанда прак­тикалық қызметте пайдалану кезінде са­палық артықшылықтарға ие əрі эконо­ми­калық жəне (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық нəтиже.
Инновациялық грант – тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жəне (немесе) қолданбалы сипаттағы тəуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, зияткерлік меншік объектін шет мемлекеттерде жəне (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант туралы келісімшартта көзделген талаптарда берілетін бюджеттік қаражаттар;
Инновациялық даму институттары – инновациялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғам түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған заңи тұлғалар;
Инновациялық инфрақұрылым –Қазақстан Республикасы инновациялық қыз­метінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жа­сайтын мамандандырылған субъект­ті­лерінің жүйесі;
Инновациялық қор – инновациялық жобаларды жəне инфрақұрылымды қар­жыландыру, сондай-ақ инновациялық қыз­мет саласында қызметтер көрсету ар­қылы инновациялық қызметтің дамуына жəр­демдесетін заңи тұлға;
Инновациялық кызмет – инновацияларды өндірістің жəне қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайда­лану;
Инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағытталған жəне инвестицияларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын жəне аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені;
Инновациялық инфрақұрылым – инно­вациялық қызметті қолдауды қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығы;
К
Кастодиан – қаржылық құралдар мен клиенттер ақшасының есебін алуды жəне олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржылық құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жəне Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сəйкес өзге қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет