ҚЎлпыбаев с



бет300/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Мемлекеттік кредит – кредиттік қатынастардың жүйесі, бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарыз беруші, ал жеке жəне заңи тұлғалар қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредит арқылы қайтарымдылық негі­зінде мемлекеттің шығындарын қаржы­ландыру үшін ақшалай қаражат шоғыр­ландырылады.
Мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті – Республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қарыз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Респубикасының Ұлттық банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыздық қатынастар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға жəне бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық жəне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджеттік қаражатты алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдендірген қарыздарды пайдаланатын жеке жəне заңи тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жəне ішкі бақылау жөніндегі есеп комитеті мен ішкі бақылау жөніндегі орталық уəкілетті орган.
Мемлекеттік инвестициялық саясат – инвестициялық үдерістерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық жəне қаржылық негізделген шараларын көрсететін əлеу­меттік-экономикалық саясаттың құрамды бөлігі.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – Қазақстан Республикасы, Үкіметінің, Қазақстан Респубикасы Ұлттық банкінің жəне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық құқықтық мəмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы.
Міндетті зейнетақы жарналары
жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақ­стан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен салынатын ақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет