ҚЎлпыбаев с


Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент –



бет301/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент – Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тəртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) жəне аударатын, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңи тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңи тұлға, сондай-ақ шетелдік заңи тұлғалардың, филиалдардың өкілдіктері.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарна­лары есебінен зейнетақымен қамсыздан­дыру туралы келісімшарт жасасқан жəне жинақтаушы зейнетақы қорында дара зейнетақы шоты бар жеке тұлға.
Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі – жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетіледі.
Н
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мəслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет.
Нəтиженің көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей жəне түпкілікті нəтижелерінің, тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы.


Негізгі борыш сомасы – қарыз берушіден алынған жəне оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұр­ақ­сыздық төлемнің (айыппұлдың, өсім­пұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома.
Негізгі қаражаттары – мынадай: басқа тараптарға жалға беру үшін немесе жеке қажеттіліктер үшін, өндірісте қолдану үшін немесе тауарларды не қызметтерді жеткізу үшін ұсталатын; бір жылдан астам уақыт ішінде қолданылады деп күтілетін материалдық объектілер.
О
Облигацияның номиналдық құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген ақшалай көрінісі, оған купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілген сыйақы есептеледі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома.
Опцион – келісімшарт, оған сəйкес бір тарап (опционды сатушы) сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) осы келісімшартта аталған мүліктік (базалық активтің) белгілі бір санын келісімшартта келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай келісімшартты стандарттаған жағдайда ол туынды мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз ретінде пайдалануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет