ҚЎлпыбаев с


Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз –



бет299/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз – инфрақұрылымдық облига­циялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз.
Мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тар­тылған, белгілі бір күнге алынған жəне өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сома­ларының сомасы.
Мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті – Республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін.
Мемлекет кепілдендірген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған жəне өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.
Мемлекеттік кепілдендірген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.
Мемлекеттік борыш – Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақ­стан Республикасы Ұлттық банкінің борышына немесе мəслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игеріл­ген) жəне өтелмеген мемлекеттік қарыз­дардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы. Мемлекеттік борыш ішкі жəне сыртқы мемлекеттік борышты кіріктіреді.
Мемлекеттік борышты қайта қар­жыландыру – мемлекеттік борышты жаңа­дан алынған қарыздық қаражаттар есебінен өтеу.
Мемлекеттік емес қарыз – Қазақстан Республикасы Үкіметін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақ­стан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық укілетті орган – стратегиялық, экономикалық жəне бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган – тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте стратегилық, экономикалық жəне бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жəне сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет