ҚЎлпыбаев с



бет46/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қазақстан Республикасының біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесі (ҚР БСАЖ) – Қазақстан Республикасы салық органдарының біріккен ақпараттық ортасы, салық төлеушілері, Қаржы министрлігі.
Қазақстан Республикасы БСАЖ-ның арналымы:
Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік реестрін орталықтан жүргізу; соның ішінде: салық төлеушілерді тіркеу, қайта тіркеу, есептен алу; салық төлеуші туралы қосым­ша мәліметтерді енгізу; дербес шоттарды автоматты түрде ашу;
төлемдер мен мағлұмдамаларды (салықтық нысандарды) өңдеу, соның ішінде: салықтық есептеме нысандарын қабылдау және енгізу; салықтық есептеме нысандарындағы ақпаратты бақылау; бюджетке түсімдердің түсуін бақылау; салық төлеушілердің дербес шоттарын енгізу; есептеулер мен есеп айырысу; объективті көрсеткіштер бойынша өсімпұлмен және айыппұлдармен есеп айырысу;
салықтық операциялардың (салықтық тексерулер мен алымдар) орындалуын қолдау, соның ішінде тіркеу мәліметтері және төлемдер мен мағлұмдамаларды өңдеу негіздемесінде салықтық операцияларды жүргізу үшін істерді іріктеу; іріктелген істер бойынша нысандандырылған салықтық операцияларды жүргізуді бақылау және салықтық рәсімдердің нәтижелерін тіркеу; есептеме және әр түрлі аспектілерде салықтық операцияларды жүргізу нәтижелерін қорытындылау;
шешімдер қабылдауды қолдау: есептерді, соның ішінде кешенді және аумақтар түрінде бөлінген есептерді дайындау; күрделі алгоритм бойынша деректер жинақтамасынан мәліметтерді іріктемелеу; барлық деңгейлердегі мәліметтерді қарап шығу, мәліметтерді өңдеу (сұрыптау, іріктемелеу, саралау, топтастыру)
Біріктірілген Салықтық Ақпараттық жүйенің Web қосалқы жүйесі (web БСАЖ немесе Web сайт) ҚР БСАЖ жүйесін пайдаланушылар болып табылатын салық органдары қызметкерлерін қолдауды ұйымдастыруға арналған.
Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орындарын –АЖО-ны ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады.
АЖО – кәсіби бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені.
АЖО-ның техникамен жарақтауының құрамы тиісті бағдарламалық құралдарға сәйкес бірқатар экономикалық есептерді шешумен қатар диалогтік тәртіптемеде графиктік, кестелік, мәтіндік құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді. АЖО ақпараттарды түзетіп, редакциялауға, тұжырымдар мен қорытындыларды қалыптастыруға, мәтінді тіркеуге, аралық және ақтық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа жұмыскерлермен арақашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.
Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлініп көрсетіледі, онда қаржылық-кредиттік басқарудың есептері шығарылады. Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділікке жету үшін пайдаланылатын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйеде басқару ерекшеліктері өндірістік қорлар мен айналыс қорларының толық айналымын қауыштыратын ақшалай қаражаттардың толық айналымымен байланысты және басқарудың бұл функциясының көп мақсатты сипатын айшықтайды. Қосалқы жүйе ресурстардың жай-күйімен олардың қозғалысының үдерістерін сипаттайтын басқару блоктарын кіріктіреді.
КБАЖ-дағы қаржылық есептер ақпараттардың (өндірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің және т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа объектілері бойынша шешілетіндіктен кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны кіріктіретін және есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырылған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-нің ресурстарын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей және ДЭЕМ-мен жарақтанған және жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей.
Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы жүйесінің төменгі деңгейлерінің техникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, көбейтудің, көшірудің, өңдеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпараттық құралдарды пайдалануды қарастырады.
Дербес ЭЕМ-нің. әсіресе кәсіби КДЕМ-нің, электронды поштаның, деректер жинақтамасының, мәтінді және графиктік ақпаратты өңдеу құралдарының, өзге қазіргі ақпараттық техниканың болуымен байланысты басқару қызметін ұйымдастыруды түбірлі өзгертудің жағдайлары пайда болып отыр. Техникалық құралдар басқару шешімдерінің тікелей үдерісінде көптен-көп пайдаланылып келеді.
ҚЕАЖ жағдайларында қаржыны басқару аппарты жұмысының мазмұны айтарлықтай өзгеруде. Мамандардың шығармашылық жұмысқа – БАЖ үшін
проблемаларды, есептерді және оларды шығару шарттарын әзірлеу мен қоюға, терең экономикалық талдау жасауға және қаржыны оперативті басқарудың бар­лық буындарында – жергілікті қаржы органдарынан бастап Қаржы минис­трлігіне дейін БАЖ кеңестерінің көмегімен білікті шешімдер қабылдауға уақыты босайды. Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржылық тәртіптегі алшақтықтарды жоюға бағытталған жедел шараларды уақтылы қабылдау жөніндегі қаржылық аппараттың мүмкіндіктері едәуір артады. Қаржы жұмыскелерінің БАЖ-дан ал­ған ақпараттарды оларға көптеген нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қаржы органдарының төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржылық есеп-қисаптарды автоматтандыруды енгізу көкейкесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейкесті мәселе.
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететінін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржылық аппарат жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет