ҚЎлпыбаев с



бет45/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Деректердің негізгі ағындары «Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» ақпараттық жүйесі басқа жүйелермен біріктірілген. Жүйе бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік мекемелерден ақпарат және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттің шығыс бөлігі бойынша біріктірме деректер жинауға жағдай жасайды.
Ақпаратты жинау кезінде деректерді сақтау сызбасының бөлгіштік сипаты болады және құрылымдық тұрғыда үш деңгейге бөлінген: бірінші деңгей – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде орналасқан деректердің орталық базасы, онда бүкіл бастапқы ақпарат сақталады. Екінші деңгей – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректер базасы – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен барлық ведомствоға бағынышты мемлекеттік мекемелердің бастапқы ақпараты бар жергілікті базалар. Үшінші деңгей – мемлекеттік мекемелер деректерінің базасы – мемлекеттік мекемелердің бастапқы ақпараты бар жергілікті базалар. Деңгейлер арасында ақпарат алмасуды әрбір деңгей деректерінің базаларын әкімшілер деректерді берісу арқылы жүргізеді. Деректерді берісу байланыстың бөлінген арнасы, байланыстың коммутелінген арнасы, не электрондық пошта арқылы файлдық алмасуы бойынша жүргізілуі мүмкін. Жүйенің осы не өзге клиенттердің деректеріне кіруді жүйе әкімшісі реттеп отырады.
Біріктірілген түрдегі республикалық бюджеттің мәліметтері, бағдарламалар қосалқы бағдарламалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемдері, Бюджеттік бағдарламалар Қаржы министрлігінің «Қаржыландыру жоспарларының жобаларын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесіне экспортталады.
Бюджеттік бағдарламалар сондай-ақ Қаржы министрлігінің «Бюджеттік үдеріс мониторингі» біріктірілген ақпараттық жүйесіне экспортталады.
«Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі облыстық және аудандық буынның жергілікті қаржы органдарына арналған және мыналар бойынша функцияларды автоматтандырады:
әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің жобасын қалыптастыру, болжамдық көрсеткіштерді негіздеу үшін есеп-қисаптарды жасау;
жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;
жергілікті бюджеттік бағдарламаларды жасау.
ЖБЖҚ БАЖ-ы бюджет жобасын қалыптастыру бойынша бюджеттік рәсімдерді жүзеге асыру кезеңдерінің дәйектілігі, функциялылығы қағидатын негіздей отырып бес қосалқы жүйелерден тұрады:
«ЖББӘ-нің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру»;
«Бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру»;
«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру»;
«Бюджеттің жобасын қалыптастыру»;
«Әкімшілік ету»;
Басқа ақпараттық жүйелердің құрылымында, деректер ағындарында, оларды сақтау сызбаларында, аспаптық платформаларында айырмашылықтар болады. Мәселен Қазақстанда бюджеттік реформаларды жүргізу қазынашылықтың ақпараттық жүйесін жаңғырту қажеттігін тудырады. Бұл жүйе – негізгі мақсатты – мемлекет қаржыларын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған функциялық сипаттамалар кешені.Жүйе барлық деңгейлердегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуына пәрменді бақылау жүргізуге және негізделінген қаржылық-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, нақтылы уақыт режімінде бюджеттік қаражаттарды аударуды тіркейді, олардың мақсатты арналым бойынша жұмсауды қадағалап отырады. Ол Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасына сәйкес және бюджеттік қаражаттарды тиімді және нысаналы жұмсауды қамтамасыз етуде Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін бөлуді ескере отырып әзірленген.Қазынашылықтың ақпараттық жүйесі мына функциялық модульдерді кіріктіреді. Бас кітап, Бюджетке түсетін төлемдерді басқару, Қазынашылық және қаржылық шешімдер беру, Қолма-қол ақшаны басқару, Міндеттемелерді басқару және бақылау, Төлемдерді басқару, Қазынашылық және төлем жүйелері арасындағы интерфейс, Активтер есебі, Мемлекеттік борыш пен кредиттеудің мемлекет кепілдендірген борыштың есебі.
ҚЕАЖ-дың құрамына сонымен бірге мына біріктірілген ақпараттық жүйелер кіреді:
«Мемлекеттік мекемелер шығыстарының дара жоспарының атқарылуының бухгалтерлік есебі» АЖ-ы (ЕСЕП);
«SALARY жалақысының есебі» АЖ-ы;
«Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, мекемелер қимасында бюджеттен қаржы бөлу лимиттерінің есебі және бөлу» АЖ-ы;
«Ведомство кадрлары» АЖ-ы;
«Мемлекеттік мекемелердің шығыстары дара жоспарының атқарылуының бухгалтерлік есебі (ЕСЕП)» БАЖ-ы мемлекеттік мекемелер үшін қаржылық-шаруашылық операцияларды (оперативті бухгалтерлік есеп) автоматтандырылған өңдеуге арналған.
Жүйе міндеттері мынада:
негізгі құралдардың есебі;
материалдық құндылықтардың есебі;
қаржылық есеп-қисап операцияларының есебі;
тоқсандық бухгалтерлік есептемені қалыптастыру.
Бұл бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды балансқа қою, есептен шығару, ауыстырылуы және т.б.;
түрлі қаржылық құжаттарды енгізу және олардан үзінді көшірме. Қаржылық орперациялар бойынша құжаттар «Бюджеттің атқарылуы және есептеме нұсқаларын жүргізудің қаржылық рәсімдерінің ережелеріне» сәйкес қалыптасады:
шығыстар дара жоспарының атқарылу есебі бағдарламалар, қосалқы бағдарламалар бойынша және өзіндік ерекшеліктер бойынша жүзеге асырылады. Қосалқы шот бойынша өзіндік ерекшеліктерді талдау тізімдемесі, лимиттер мен шығыстар кітабы қалыптасады.
Ұйғарымды құжаттарды (түгендеу кітаптарын, айналым тізімдемелерін, есеп бойынша картечкелерді тіркеу жорналдарын, мемориалдық ордерлерді, бас кітапты, талдамалық есептің түрлі тізімдемелерін және т.б.) қалыптастыру және мөр.
Бұдан басқа, жүйенің жұмысқа қабілеттілігін қолдауға жәрдемдесетін және жұмыс істеудің нақтылы нұсқасына бағдарламалық құралды жөнге салуы қамтамасыз ететін бірқатар көмекші фукнциялар бар.
Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйеге және кәсіпорындарды басқарудың авто­маттандырылған жүйелерін қысқаша қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет