ҚЎлпыбаев с



бет53/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

4.4. Қаржылық жоспарлауды
жетілдірудің негізгі бағыттары
Ұлттық шаруашылықтағы рыноктық қатынастар қаржылық жоспарлауды дамытуды, экономиканы рыноктық реттеудің әдістері мен оның өзара іс-әрекетін күшейтуді қажет етеді. Рыноктық қатынастар стихиялықтарымен қатар өзіне реттеуші бастауды да ала жүреді: салықтар, аударымдар, банк кредиті мен пайызы, келісімшарттық міндеттемелер, мемлекеттік тапсырыс, акциялардың бақылау пакеті. Бұл жағдайда, сөз жоқ, қаржылық жоспарлау айтарлықтай элементі болып саналатын экономиканы жоспарлы реттеу де қажетті болып табылады. Рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу бірінші кезекте монополияға қарсы саясатты, салықтық, бюджеттік, банктік, кедендік саясатты жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның үдерісінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Норма (лат.-тәртіп ереже үлгі, басшылық негіз) – өлшеуін, белгіленген өлшем ресурстардың саны немесе мөлшері. Норматив (лат.- реткекелтіру) – шектердегі белгіленген нормалардың саны шығындардың немесе
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы үрдістерге терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.
Индикативтік жоспар – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды, елдің әлеуметік-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштерін (индикаторларын) және мемлекеттік-экономикалық реттеуіштердің тізбесін қамтитын құжат.
Индикативтік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты айқындайды.
Индикативтік жоспар ғылыми негізделген түрде экономикалық үдерістерді бейнелеп көрсетуі және экономика мен қаржы дамуының жекелеген параметрлерін баламалы түрде келісіп шешуі, дамудың ұзақ мерзімді үрдістеріне сәйкес оларды қажетті арнаға бағыттауы тиіс. Бұл, біріншіден, әр түрлі жүйелер, көрсеткіштер бойынша (натуралдық-заттай және құндық теңгерімділік, бағаларды тұрақтандыру, кірістер мен шығыстардың үйлесімдігі, төлем балансының тепе-теңдігі және т.б.) экономикалық тепе-теңдікті сақтаудың қажеттігіне қатысты. Екіншіден, индикативтік жоспар ұлттық шаруашылықтағы қажетті құрылымдық өзгерістерді, соның ішінде инвестициялар арқылы да қамтамасыз етуі тиіс. Индикативтік жоспарлау кезінде басымдықтардың тізбесі экономикалық және әлеуметтік саясаттың бағыттарына байланысты болады: бұл даму үйлесімсіздіктерін жою, инвестициялық қызмет, өндірісті жаңғырту, өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, ғылымды дамыту, білім беру, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік жаңғырту және басқалары болуы мүмкін.
Индикативтік жоспарлау жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады. Бұл жерде сонымен бірге мемлекеттің, аумақтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпкерлер) келісімі мен мүдделерінің қағидаты міндетті.
Рыноктық экономиканың қағидаттарына сәйкес келетін шаруашылық механизмін енгізу басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлаудың жаңа әдістерін әзірлеуді қажет етеді. Қаржылық жоспарлаудың мазмұнындағы өзгерістерді айқындайтын аса маңызды шарттар ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
меншікті қаражаттарды пайдалануда дербестікті кеңейту және қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін шаруашылық органдардың жауапкершілігін арттыру; табысты бөлудің жаңа салықтық қағидаттарын енгізу орталықтандырылған органдардың бақылауынан ресурстардың едәуір бөлігін шығарады;
тауар-ақшалай қатынастарды пайдалану сферасын кеңейту, өндіру және тұтыну сферасында материалдық өтеуі болатын төлем қабілеті бар сұранымның теңгерімділігін қолдаудың әдістерін әзірлеуді талап етеді; жиынтық қаржылық жоспарлаудың негізіне материалдық-заттай және қаржылық-құндық құрамы бойынша жиынтық экономикалық көрсеткіштерді теңгеру әдістері қойылуы тиіс;
аумақтық жоспарлау сферасында биліктің жергілікті органдары мен барлық деңгейлердің басқару дербестігі күшейіп отыр.
Бюджеттік жоспарлаудағы іс-шаралар бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін, нақтылы, өлшенетін, қоғамдық мәнді нәтижелерге қол жеткізуде бюджеттік үдерістің барлық қатысушыларының тұрақты мүдделілігі мен ынталандырмаларын жасауға бағытталған. Бюджет жүйесі нормативті белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан формалды емес, іс жүзінде бірыңғай болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет