ҚЎлпыбаев с



бет52/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

4.3. Қаржылық көрсеткіштер
Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жал­пы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржылық-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржылық қатынастардың элементін бейнелейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мыналар аса маңызды қаржылық экономикалық көрсеткіштер болып табылады:
өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс; бұл көрсеткіш ақшалай қаражаттардың ауқымын және нысаналы арналым қорлары бойынша оларды одан ары бөлу және пайдалану мүмкіндігін алдын ала анықтайды;
шығындардың көрсеткіштері (өткізілген өнімнің өзіндік құны, жалпы шығындардағы шығындардың жекелеген элементтерінің үлес салмағы, кезең шығысы);
жалпы табыс;
таза табыс (немесе зиян);
табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
амортизациялық аударымдардың мөлшері;
өндірістік және әлеуметтік даму қаражаттарының (капиталды толықтыруға, еңбекке ақы төлеуге резервтер, жөндеу мақсаттарына)көлемі;
жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа ұйымдармен есеп айы­рысудың жай-күйінің көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер, міндет­темелердің көлемі, бюджет бойынша берешектер және т.б.);
акционерлік капиталдың көлемі және дивидендтердің мөлшері;
жалгерлік ақы мөлшері;
негізгі және айналым қаражаттарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы,өнімнің қор сиымдылығы, айналым қаражаттары айналымдылығының коэффициенті , айналымның ұзақтығы , айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету көрсеткіші);
айналым қаражаттарының көлемі,сақталымдылығы және оларды жасау көздері;
айналым қаражаттарына қажеттілік пен олардың болуының арасындағы сәйкестік;
кәсіпорынның қаражаттары өтімділігінің көрсеткіштері.
Бірқатар көрсеткіштер (мүліктің қалдық және бағалау құны, жекешелендіру қорын жасау мен пайдалану көрсеткіштері және басқалары) кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру кезінде қолданылады. Қаржылық жұмыста сонымен бірге жалпыэкономикалық көрсеткіштер пайдаланылады: шығарылған өнімнің бір ақшалай бірлігіне жұмсалынған шығындар (өнімнің 1 теңгесіне); өнімнің өзіндік құнын, кезең шығыстарын төмендету, саудада айналыс шығындарын қысқарту;
күрделі жұмсалымдар (инвестициялар) көлемі;
құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру.
Салық салуда мынадай айрықшалықты көрсеткіштер қолданылады:
жиынтық жылдық табыс, оған салық төлеушілер алуға (алынған), өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаға немесе тура және жанама шығыстарды өтеуге бағытталған ақшалай немесе басқа қаражаттар (жөнелтілген өнім, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа операциялар) кіріктіріледі;
жиынтық жылдық табыс пен салық заңнамасымен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелетін салық салынатын табыс;
қосылған құн салығы, акциздерді өндіріп алу кезіндегі салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт, бірсыпыра басқа көрсеткіштер («Салықтар және салық жүйесі» тарауын қараңыз).
Аталған қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің көбісі жоғарғы ұйымдар, министрліктер, ведомстволар деңгейінде жалпы сала кәсіпорындарының тобы бойынша жұмыс нәтижелерін сипаттау үшін пайдаланылады. Бұлармен бірге бұл ұйымдарда тек осы саланы сипаттайтын басқа айрықшалықты көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін, құрылыста – сметалық құн және құрылыстың өзіндік құны, аяқталмаған құрылыс көлемі; делдалдық (жабдықтау және өткізу) ұйымдардың, сауданың айналыс шығындары және басқалары.
Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, өзгешеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады (9.3 параграфты қараңыз).
Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жекелеген құрамдас бөліктерінің көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылықтарының сомалары; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының (профицитінің) ішкі жалпы (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.
Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржылық ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, ұлттық шаруашылықтың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке жұмылдырылатын табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржылық ресурстар ауқымының жалпы ұлттық өнімге қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржылық ресурстарды жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төмен, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері* қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда – жеке дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.
Норма мен нормативтер қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған, өйткені экономикалық үдерістерді, техникалық дамудың прогресстивтік бағыттарын, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруда зерттеулер мен эксперементтік талқылау жолымен есептеледі; бұл ретте нормалар мен нормативтерді есептеп шығарудың талдамалық, статистикалық және математикалық әдістері қолданылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп-қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталдарды) жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған – түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.
Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Сөйтіп, қызметтің қаржылық нәтижелерін жоспарлау мен болжау үдерістеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.
Қаржылық қатынастарды реттейтін экономикалық нормативтер мыналарды қамтамасыз ету тиіс: бөлгіштік қатынастарда мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің оңтайлы үйлесуі; ақшалай қорланымдар өсуінің интенсивтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбек ұжымдарының тапқан қаражаттары есебінен оларды материалдық көтермелеу бойынша шығындарды қаржыландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет