Жөтел жəне өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру жəне организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.
Халық медицинасында құлпынайды ежелден-ақ қаназдыққа және балалардың іші өтуіне қарсы қолданған. Сонымен қатар ол витамин жетіспеушілігі, яғни авитаминоз, қан қысымының көтерілуі, буынға тұз байланғанда, атеросклероз ауруына таптырмас ем. Құлпынайдың қабынуды және микробты кетіретін де қасиеті бар.
Құлпынайды қалай таңдауға болады?
- Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дəруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады.
- Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа жəне ұсақ жидектерінде дəрумендер көбірек болады.
- Құлпынайдың беткі қабатында түрлі дақтар болмауы керек. Бұл құлпынайды өсіргенде химиялық заттар қолданғандығын көрсетеді.
- Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, əрқайсысының өзіндік дəмі мен ерекшеліктері болады.
- Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын жидектердің «химия» көмегімен өскендігі белгілі болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. – Жұмыста қарастырылған құлпынайдың үш сортының in vitro қопсыту үшін барынша ыңғайлысы Зенга Зенгана сорты болып табылады, ол жоғары өміршеңдігімен және қуаттау ортасына оңай бейімделіп кететіндігімен ерекшеленді.
2. – Барынша қалпына келтіргіштік қабілеті Редгаунтлет сорты өсімдігінің оқшауландырылған апикалды меристемаларын сипаттайды.
3. – Бастапқы материал ретінде мұртшаларды пайдалану ыңғайлырақ, түтікшелерден эксплантаттарды оқшаулау техникалық жағынан күрделі, оның үстіне тазартылған дақылды алу да қиын.
4. – Эксплантаттың оңтайлы көлемі қойылған міндеттерге байланысты. Сауықтырылған клонды алған жағдайда, 200-300 мкм апекстерді тармақтау қажет, ал микрокөбею үшін – ұзынырақ (400-500 мкм) апекстер пайдаланылады, мұндай жағдайда бастапқы өсімдік арнайы сауықтырылған болуы тиіс.