Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


-дәріс. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс



бет16/46
Дата07.02.2022
өлшемі468 Kb.
#85986
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Nurgalieva A K, 1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
3-дәріс. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс.
1. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің алғышарттарына сипаттама жасау.
2. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің барысы.
3. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің ерекшелігі және аяқталуы.


Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты окр. және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 ж. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына ұйытқы болды. Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат. Сібір ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 казактан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерілісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор ген.-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерілісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтары барған сайын жаңа көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан Абылай Ғаббасов Қарқаралы окр-не жорықтар ұйымдастырды. Көкшетау окр-нде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерілісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімш-ке жағымпаздануымен ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерілісшілердің талқандалуына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті. Саржан 1832 ж. Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өз. бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 ж. жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Елек өзенінің бойына 29 бекіністен тұратын Жаңа-Елек әскер желісі салынды. Жайық пен Елек бойындағы Кіші жүздің табын руының ең шұрайлы 7 мың десятина жері тартып алынды. Бұл жерлерге орыс шаруалары мен казак әскері орналаса бастады. Бұл табын руының батыры Жоламан Тіленшіұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің негізгі себебіне айналған еді. 20-жылдардың басында Жоламан батыр қазақтардың өз жеріне иелік ету жөніндегі құқықтарын патша әкімшілігімен бейбіт түрде шешуге әрекет жасаған болатын. Орынбор губернаторына Эссенмен жазысқан хаттары да нәтижесіз қалды. Сөйтіп, 1823 жылы Жоламан батыр Ресейге қарсы күреске шығатынын жариялайды. Оның себебін Елек өзені бойына тұрғызылған әскери мекемелер үшін, «бұрын ол қазақтардың мал өсіруге ыңғайлы жері болды, ал енді оларға тақыр далаға көшуге тура келді» деп түсіндіреді[11,199-б].
1835 жылы Жоламан Тіленшіұлының көтерілісі кең құлаш жая бастады. Ол отаршылыққа қарсы сипат алды. Өйткені, 10мың км2 құрайтын Ор мен Троицк бекіністері арасындағы жерлердің тартып алуына байланысты қазақтың жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ, рулары көтеріліп, Жоламан батырға қолдау білдіре бастаған еді. Бұл аймақтағы рулардың жағдайы киындап кетті. Олар еріксіз шекаралық жерлерге жақын көшуге мәжбүр болды. Ал ол үшін үлкен көлемде ақы төлеп отырды. Қазақтар мұндай әділетсіздікке наразылықтарын білдіріп, желілер бойындағы бекіністерге, сауда керуендеріне шабуыл жасай бастады.
1837 жылы Ора жүзде Кенесары Қасымұлының басшылығымен көтеріліс басталған кезде, Жоламан Тіленшіұлы оған бірден қолдау көрсетті. Ол Кіші жүз ру басыларын ың біразын біріктіріп, оларды Кенесары көтерілісіне қосылуға шақырды. 1838 жылы Бөкей Ордасында И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс жүріп жатқан. Сөйтіп, қазақ жеріндегі көтерілістер кең құлаш жая бастады. Жоламан батыр жасағы 3000 адамға жетті. Көтерілісті басуға патша үкіметі үш жазалаушы отрядын жіберді. Ор бекінісінен шыққан полковник Мансуров, Орынбордан полковник Подуров және Елек бекінісінен полковник Гекке бастаған отрядтар өз міндеттерін орындай алмады.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарында Абылай хан ұрпақтарының алатын орны ерекше. Абылай ұқрпақтары отарлық саясатқа қарсы шығып қана қойған жоқ, олар Қазақ хандығын қалпына келтіру бағытындағы Ресей патшалығымен бітіспес саяси күрес жүргізді.
Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің шығуына түрткі болған 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» енгізілуі еді. 1824 жылы Қазақ даласында алғашқы округтық приказдарды ашу үшін екі экспедиция ұйымдастырылған болатын: біріншісі полковнк Броневскийдің басқаруымен Қарқаралыға, екіншісі полковник Григоровскийдің жетекшілігімен Көкшетауға жіберілді. Броневский экспедицясы Қарқаралы аймағына жеткен бойда жергілікті қазақтар оған қарсы бірден күреске шықты. Бірақ та, қазақтардың қарсылықтарына қарамастан, приказдар ашыла бастады. 1824-1836 жылдар аралығында патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліске сұлтан Саржан Қасымұлы жетекшілік жасады. Саржан Қасымұлы округтық приказдарды жоюды, Қазақ даласынан орыс әскерлерін шығаруды және бұрынғы қазақтың дәстүрлі заңдарын қайта орнатуды талап етті. 1825-1826 жылдары көтерілісшілердің саны мың адамға жетті. Саржан сұлтан және ағасы Есенгелді екеуі ауыл- ауылды аралап, қазақтарды патша үкіметіне және оның сойылын соғушы сұлтандарға қарсы күрес жургізуге шақырады. Өзінің ордасын Саржан Бұғалы және Тағалы сайына көшірді. 1826 жылы тамызда ол Қарқаралы округтық приказына шабуыл жасады. Саржан Қасымұлы жасағына қарсы жүзбасы Карбышетің жазалаушы отряды жіберілмеді. Бұл отряд көтерілісшілердің приказды талқандауына мүмкіндік бермеді. Карбышетің экспедициясы кезінде жергілікті қазақтардың 100 қой, 36 жылқы, 10 сиыр тартып алынды.
1832 жылдың басында Саржан Қасымұлы тағы да белсенді күреске шығып, Қарқаралы округіндегі патша әкімшілігін қолдап отырған би-сұлтандардың ауылдарын шабады. Көтерілісшілерді басу үшін енді артиллериямен қаруланған жүзбасы Потаниннің отряды атанды. Бұл отрядтың Саржан сұлтан жасағымен Сұлукөл сайына тақау жерде шайқасы болады. Кескілескен шайқас кезінде көтерілісшілердің көпшілігі осы жерде қаза болады.
Бұл сәтсіздік Саржан Қасымұлын Ташкент әмірімен Ресейге қарсы күресу үшін одақ жасауға мәжбүр етеді. Ташкент билеушілері тарапынан ұсыныс қабылданып, Саржан сұлтан мен Ташкент әмірі едәуір әскери қолмен Орта жүз аумағына келеді. Бұл жағдай патша үкіметін қатты алаңдата бастады.
Батыс Сібір генерал-губернаторы Вельямино жедел түрде бірнеше отрядты көтерілісшілерді басуға аттандырды.Көтерілісшілер бұл жолы да көп шығынға ұшырайды. Жазалаушы отрядтар Сарысу сұлтан мұндай сәтсіздіктерге қарамастан күресін жалғастыры береді. Ол аздаған жасағымен Ресей әкімшілігін қолдаушылардың ауылдарына, жолдарға, сауда керуендеріне шабуыл жасайды.
Вельяминов жазалаушы отрядтарға Саржан сұлтанды ұстап алуға бұйрық береді, бірақ олардың бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Алайда Саржан Қасымұлы Ташкент әміршілерінің опасыздығынан қаза тапқан еді. Бұл қайғылы оқиға 1836 жылы болды. Патша әскерінің қыспаққа алуына байланысты Саржан сұлтан Ұлы жүз жеріне өтіп кеткен болатын. Ондағы мақсаты Ұлы жүзбен Сыр бойы Қазақтарымен біріге отырып (Сыр бойында үш жүздің қазақтары көшіп-қонатын), отаршыларға қарсы күресті жалғастыру еді. Бұдан Ташент билеушілеріне де қауіп төнуі мүмкін деп ұққан олар Саржан сұлтанды балаларымен бірге жауыздықпен өлтірген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет