Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


-дәріс.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс



бет15/46
Дата07.02.2022
өлшемі468 Kb.
#85986
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Nurgalieva A K, 1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
2-дәріс.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.
1.Нұралы ханмен қақтығыстары.
2.С.Датұлы алғашқы кезеңі басталу себебі.
3. С.Датұлы 2-ші кезеңі: алғышарттары, барысы, аяқталуы.
3.Хиуаға ығысуы.
1783-1797 жылдары Кіші жүз Сырым Датұлының басшылығымен халық –азаттық көтерілісі болды. Бұл көтеріліс феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған қозғалыс. Кіші жүздің Ресейге қосылуы қазақ қоғамының шаруашылық және мәдени дамуында елеулі тежеуші рөл атқарды. Сонымен қатар Кіші жүз патша үкіметінің отаршылдық езгісінің күшеюіне де себепші болды. Феодалдық қатынастардың одан әрі дамуы тап қайшылықтарының шиеленісуіне әкеп соқты. Осының бәрі еңбекші бұқараның наразылығын туғызды. Бұл әсіресе, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қауымдарына аса қажетті қоныстық жерлерді пайдалану мәселелерінде байқалды. Патша үкіметінің 1756ж указы бойынша қазақ қауымдарына Жайықтың оң жақ жағалауындағы жерлерді («ішкері жақ») пайдалануға тйым салынған. Еділ (Волга) мен Жайық аралығындағы едәуір жерді 1771жылға дейін қалмақтар мекендеді олардың Жоңғарияға үдере көшуіне байланысты (1771ж) бұл жерлер босап қалды. Қазақ шонжарларының осы жерлердегі қысқы жайылымға сұраған өтініштері патша үкіметі тарапынан аяқсыз қалды. Қазақтардың «ішкері жаққа» өтуіне патша үкіметі 1782жылы ғана рұқсат берді. Кіші жүз ханы Нұралы және оның туыстары қоныстарды иемдену правосын пайдаланып, халық бұқарасына барынша қиянат жасады. Олар «ішкері жаққа» өтетін әрбір түтіннен 1 жылқы мен 1 қой алып отырды. Ал, Орал казак-орыстары старшиндармен ауыз жаласқан хан мен сұлтандар мұндай ақы төлемейтін, әрі «ішкері жаққа» өткен ауылдарды тонайтын. Мұның өзі хан тұқымының, шекаралық әкімшілік- орындарының және Орал казак-орыстары билеуші тобының пайда түсіретін табыс көзіне айналды. Бұл отырықшылдық және феодалдық езгінің ұштасқан анық аңғартады. Мұның бәрі көтерілістің шығуына себепші болды. Кіші жүздерде жер мәселесінің шиеленісумен қатар феодал, шонжарлардың өз ішінде өкімет билігі үшін тартысы да өрши түсті. Төре тұқымынан шыққан ақсүйектер билер мен батырлардың ел арасындағы ықпалының артуына қарсы болды. Патша үкіметінің қолшоқпарына айналған Кіші жүз ханы Нұралы билер мен батырлардың саяси өмірінде атқарған жұмыстарын жоққа шығаруға тырысты. Сол мақсатпен ол билер кеңесін шақырғысы, олармен санасқысы келмеді. Өз кезегінде билер мен батырлар хан мен сұлтандардың правосы мен билігіне шек қоюға ұмтылды. Бұл көтерілістің қозғаушы күші феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы күрескен шаруалар табы болды. Көтеріліске патриархалдық- феодалдық шонжарлар - билер мен батырлар да қатысты. Бірақ олар халық наразылығын өз мақсаттарына, дәлірек айтқанда , хан мен сұлтандардың билігін шектеуге пайдаланды. Сондықтан да көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар мен патриархалдық – феодалдық топтардың мүдделері бір-біріне қайшы келді. Олардың арасындағы тап қайшылығы жойылады. Көтеріліс кең көлемде өріс алғанмен, шаруалар соғысының дәрежесіне көтере алмады. Ол халық қозғалысы сипатында болды. Көтерілістің негізгі себептері мен мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің «ішкері жаққа», Жайық сыртына өтуге тиым салуы, ру басшыларының праволарына қысым жасауы, хандардың, сұлтандардың, Жайықтың казак әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық жасауы болды. Көтерілістің тікелей басталуына 1783жылдың көктемінде Орал казак-орыс әскері старшиналарының Кіші жүз қауымдарының «ішкері жаққа» өткізген 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі сылтау болды. Көтеріліс алғаш ында Кіші жүз жерінің Батыс аймақтарын мекендеген Тама руын қамтып, көп ұзамай Жайық пен Жем өзендерінің аралығындағы басқа руларға да тарай бастады. Көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға ру старшындары басшылық етті. Бұлардың ішінде, әсіресе Байбақты руының старшины Сырым Датовтың ықпалы зор еді. Көтеріліс 1784жылға дейін Орал әскерлеріне қарсы бағытталды.мысалы, көтеріліс басшысы Сырым Датов 1783жылы Нұралы ханның ауылдарын талаған Чаганов басқарған шеп әскерлерімен соғысты. Чаганов тұтқынға алынып, Сырым оны Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бірақ сол жылдың өзінде жазалаушы отряд Сырымның өзін тұтқындады. Оны Нұралы хан мал беріп құтқарып алды. Тұтқыннан босаған соң Сырым Табын руының старшины Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Орал казак-орыс әскерімен күресін қайта жалғастырды. Бірақ Сырым Нуралыны енді қолдамады. Қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісті басу үшін әскер беруін өтінді. Өйткені Сырым Датов бастаған көтеріліс халық қозғалысы 1784жылдан бастап Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды. 1785жылдың басында Сырымның отряды 2700 адам болса, жалпы көтеріліске қатысқандардың саны 6мыңнан асты. Көтерілістің бұлайша кең жайылуынан қауіптенген патша әкімшілігі енді оны қарулы күшпен басуға кірісті. Осы мақсатпен Орынборға генерал Смирнов бастаған әскери отряд құрылып, ол 1785жылғы ақпанның орташа шеніне Елек өзеніне қарай беттеді. Ал әскери старшиналар Калпаков пен Пономарев бастаған отрядтар Оралдан Жем өзеніне бет алды. Алайда, бұл отрядтар халық қозғалысын баса алмады. Бұл кезде көтеріліске қатысқан ауылдар Жем бойынан көшіп кетті. 1785жылдың наурыз айында Сырым бастаған шағын отряд Антоновск форпосты мен Сахарная қамалына шабуыл жасады. Дегенмен, сол кездегі соғыс өнеріне сай қаруланған гарнизондарға Сырым жасақтары төтеп бере алмады. Осы кезде Назаров бастаған жазалаушы отряд Каршинск форпосты мен Сахарная қамалына жақын жерлерде көшіп жүрген Табын руының бірнеше ауылдарын тонады. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтеріліске бұрын одан тыс қауымдардың қосылуына мүмкіндік жасады. Осы жылдың орта шенінде Кіші жүздің көптеген рулары Нұралыға бағынбай , көтерілісшілер жағына шықты. Соның салдарынан Нұраы ханның өкіметі едәуір дағдарысқа ұшырады. Көтерілісшілердің хан мен сұлтандарға, патша әкімшілдігіне қарсы жүргізген күресі қалың бұқара тарапынан қолдау алып отырды. Хандық өкіметінің дәрменсіздігін жақсы түсінген жергілікті патша әкімшілдігі енді көтеріліс бастаған старшиндармен тікелей байланыс жасауға кірісті. Осы мақсатпен генерал-губернатор О. А. Игельстром көтерілісшілерге Ахун Құсайновты елші етіп жіберді. 1785ж азында көтерілісшілер қатысуымен өткен старшиндар жиналысында патша әкімшілдігінің көтерілісті тоқтату жөніндегі талаптарды талқыланды. Олар сонымен қатар генерал-губернаторға өз талаптарын білдірді. Көтеріліс басшылары қазақ қауымдарына Жайық пен Еділ аралығындағы қоныстарды беруді және Орал казак-орыс әскерлерінің жазалаушы отрядтарын жіберуді тоқтатуын талап етті. Көтеріліске қатысқандардың басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан түсіру болды. Ал сол жылдың күзінде болған старшиндар жиналысы Нұралыны бұдан былай хан деп танудан бас тартқандықтарын білдірді. 1786ж апрелінде көтеріліске қатысушылардың қысымымен Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Сол жылдың маусым айында Екатерина ІІ Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қойды. Осы жағдайды пайдаланған патша үкіметі енді Кіші жүзде хандық үкіметін бір жолата жоймақшы болды. Мұны Игельстром реформасы жүзеге асыруға тиісті болды. Алайда, бұдан еш нәрсеге шықпады. Оның үстіне көтеріліске қатысқан старшиндардың барлығы бірдей хандық үкіметті жоюды қолдамады. Олардың бір бөлігі Нұралыға ғана қарсы шығып, Жәдік әулетінен шыққан Қайыпты хан етіп сайлауды ұсынды. Сондықтан да Игельстром реформасына сәйкес құрылған шекаралық сот пен сот келісімін орындау ешқандай нәтиже жаңа басқару системасын орнатуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін патша үкіметі хандық билікті қайта қалпына келтіру, қазақ қоғамының жоғарғы сұлтандар тобымен арадағы одақты нығайту бағытын ұстады. Игельстромның орнына жаңадан генерал-губернатор болып сайланған А. А. Пеутлинг енді Нұралының інісі Ералы сұлтанмен байланыс жасады. Осы кезден бастап (1790ж) Орал казак-орыс әскерлері старшиндарының қазақ ауылдарына шабуыл үдей түсті. Жазалаушы отрядтардың іс-әрекетін сұлтандар қолдады. Мұның өзі халық наразылығын күшейтті. Осыған байланысты Кіші жүз ауылдарында стихиялық толқулары күшейіп, көтерілісшілер жасақтары Ойыл және Шыңғырлау өзендерінің бойында шоғырланды. Көтеріліс барысында таптық күштердің күштері барған сайын айқындала түсті. Билер мен старшиндардың кейбір топтары халық наразылығының одан әрі өріс алуынан қорқып, сұлтандармен ауыз жаласып кетті. Сөйтіп, көтерілістің негізгі қозғаушы күші болған шаруалар мен патриархалдық-феодалдық шонжарлардың мүдделері іс жүзінде қайшылыққа ұшырады.
Алайда, патриархалдық-феодалдық дәстүрлерге шырмалған, езілген халық бұқарасы «өз» феодалдарына қарсы батыл күрес жүргізе алмады. 1790ж тамызда Нұралы хан Уфа қаласында қайтыс болды. Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып жарияланады (1791ж тамыз). Сұлтан тобының басшысы Ералының хан болуын халық наразылығын күшейтті. Сырым бастаған топ енді патша әскерлерімен кішігірім қақтығысулармен бас тартып, 1792ж ашық соғыс қимылдарына көшті. Патша қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар айтарлықтай нәтижеге жете алмады. Өйткені сол кездегі соғыс тактикасын бұрынша меңгерген қамал гарнизондарының күші қазақ жасақтарынан әлде-қайда басым болатын. Сондықтан да көтерілісшілердің 1792ж күзінде Елек қамалына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталды. Бұдан соң көтеріліс басшылары күрес әдісін өзгертіп, партизандық соғыс тәсілдерін қолдады. Олар шекаралық бекіністерге , сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алды. 1794ж Ералы қайтыс болғаннан кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп Нұралының баласы Есімді сайлады (1796ж). ол көтерілісті басуға бар күшін салды. Көтеріліс басшыларын патша үкіметіне ұстап берді. Сол жылдың желтоқсанында Орынбордың әскери губернаторы болып тағайындалған барон Игельстромға көтерілісті біржолата басуға бағытталға шараларды жүзеге асыру жүктелді. 1797ж наурыз айында көтерілісшілердің бір тобы хан ауылына шабуыл жасап, Есімді өлтірді. Ханның өлтірілуі феодал топтардың Сырымға қарсы шығуына себепші болды. Мәселен, Сырымға қарсы жіберілген жазалаушы отрядтың құрамына Кіші жүздің Байбақты, Алаша, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш т.б. руларының билері мен старшиндары да кірді. Есім хан өлтірілгеннен кейін, Кіші жүзде хан кеңесі құрылды. Оған Айшуақ сұлтаннан басқа 6 старшин және патша әкімшілігінің өкілі муфти Құсайынов кірді. Бұл кеңестің құрылуы сұлтандар мен ірі патриархалдық-феодалдық шонжарлардың мүдделеріне толық сай келіп, халық көтерілісін басып-жаныштауға жағдай жасады. Хан кеңесінің 1797ж тамызда болған мәжілісінде Сырым мыңға тарта адаммен келіп күресті тоқтататынын мәлімдеді. Сырым хан кеңесінің құрамына енгізілді. Осыдан кейін көп ұзамай –ақ 14жылға созылған Кіші жүз шаруаларп көтерілісі тоқталды.
Сонымен, халқымыздың тарихындағы ашылмай жатқан ақтандықтардың бірі –ұлт-азаттық көтерілістері. Бұл тұрғыдан көпшілік қауымға Сырым Датұлы, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық қозғалыстары, 1916ж ұлт-азаттық көтерілістері кеңірек таныстырылған. Алайда еш шүбә келтіруге болмайтын осы қозғалыстардың өзі де советтік дәуіріміздің белгілі бір кезеңдерінде тарих сахнасынан орынсыз ысырылды, ол жайында айтылған шындық сөз буржуазиялық-ұлтшылдықтың көрінісі ретінде ай ыпталды. Соның да салдары болуы керек, бұл аталған халық қозғалыстарының назардан қалған тұстары әлі де баршылық. Әрі Қазан төңкерісіне дейінгі бостандық, теңдік аңсаған қазақ елінің ұлт-азаттық көтерілісі, әділет жолындағы күресі осы айтылған үш кезеңмен ғана шектеліп қоймады. Оған төменгі хронологиялық тәсілмен беріліп отырған архив деректері айқын мысал.
Алдымен ауызға ілігетіні , әрине, Әлкей Марғұлан: «Әбілқайыр тұқымы патшаға қарсы күресте қазақ тарихынан ең қадірлі орын алатын көрнектісі » деп бағалаған ХҮІІІғ аяғындағы Сырым Датов бастаған айбынды қозғалыс. Оның 1780ж басталып, жиырма жылға жуық уақытты қамтығаны жұртшылыққа мәлім. Көтерілістің туу себебін Әлкей Марғұлан ертеректе жазылып, архивке тапсырылған қолжазбасында : «Бұл кезде хан мен патша халықты екі жақтап сорып, оларға жыл сайын төлейтін рамат, жасқ, салық деген нәрселер халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халық бұқарасын әбден көк иық қылып, кіші жүз қазақтары енді құлдық бұғауының астында шіруге айналды. Бұлардың ішінде халықтың еңсесіне батқаны әсіресе олардың атамекен қонысын тартып алып, өздерінің бас еркіндігіне нұқсан келтіргендік еді» деп көрсетеді.
Хан тұқымының озбырлығы күресті бейбіт түрде бастаған Сырым батырдың патшаға жөнелткен шағым хаттарына ашық айтылған. Саяси бостандықты көксеп , бір хатында: «Ханды орнынан түсіріп, әкімшілікті халықтың өз қолына беруді» талап еткен. Сонымен қатар патша үкіметінің отаршылдық іс-әрекетіне де наразылық білдіріп: «Бұл Мәзқұр Досқанов Орал қаласынан мың жарым әскермен шығып, бейбіт жатқан кінәсіз қазақ халықының екі жүз жиырма үйін шауып, оларды талан-таражға ұшыратып, 57 кісін ұстап әкетті. Алған жылқы, ту сиыр дегеннің есебі жоқ» деп жазғаны ерекше назар айдартады.
1783ж жазда көтерілісшілер Ойыл мен Жем бойын жайлап, патша ұлықтарына, өткінші саудагерлерге, хан-сұлтандарға шабуыл жасады. Сырым батыр патша әскерімен қалай қақтығысуды ақылдасу ниетімен атасына ас беруді сылтауратып, өзіне жақтас би, батырларды, халық өкілдерін жинады. Мұны алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары қарулы қолмен келіп, Сырым батырды бірнеше серігімен алдап оңаша шығарып, тұтқындап әкетеді. Ол Орынбор түрмесінде бір жыл жатып, халықтың талап етуімен бостандық алғаннан кейін күрес қайта жанданды. «Лябежный», «Руежный», «Сахарный»,т.б.қамалдарға шабуыл жасалып, өрт қойылады. Бұдан сәл ертерек Кульнев бастаған 3462 адамдық жазалаушы отряд көтерілісшілерді таппай, бейбіт ауылдарды қан қақсатып оралса, енді Орынбор мен Оралдан екі әскер шығады. Бетпе-бет қақтығыста екі жақтан да біраз шығын болып, патшаның үш офицері оққа ұшады. Осы ұрыстан соң көтерілісшілер шегініп, жазалаушы отряд қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей ауыл мен жүзден аса кемпір-шал, бала-шағаны тұтқынға алған. Оған кектенген Сырым батыр ізінше сарбаздарын аттандырып, Орынбор мен Жайық төңірегіндегі қамалдарға шабуыл жасатқан. Осылай жалғасқан көтерілістің бірде басылып, бірде қайта өрлеп, 1798ж дейін созылғанын, олардың қолынан Нұралының баласы есім хан өлтіргені , патша үкіметінің Сырым Датовтың басына үш мың сом алтын тіккенін айғақтайтын деректер жетерлік.
Біздің Сырым батыр бастаған көтеріліске көбірек тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Хан-сұлтандардың шексіз билігіне, сатқындығына және патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсылық-бұдан соңғы көтерілістердің бір қатарына ортақ сипат. Мәселен, Сырым батыр бекініс-қамалдарға шабуылдап, өрт қойдыртса, кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен қақтығысып, жалаңаш қолмен от көсегендей болды. Рас, хандыққа таласып, халық толқынысып, көтеріліс мақсатын жеке бас пайдасына бұрып әрекет етушілер де жоқ емес.
Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХІХғ алғашқы ширегінде Қартай Нуралиев басшылық етті. Есім хан өлген соң, ел жақсылықтарының қалауы соған түсті. Ол жөнінде тарихшы А. Ф. Рязанов «Қазақ халқының қырық жылдық ұлт-азаттық күресі» (1926ж Қызылорда) атты кітабында : «Бұл өктем әрі өте қатал адам еді, оны россияның «қолжаулығы»етіп, басшылықтың талабын бұлжытпай орындату қиын болды. Игельстром Қаратай сұлтан таққа отырса, олардың тәуелсіз, күшті басқарушысына айналып , Россиядан бөлініп кетуі мүмкін екендігінен қауіптенді» деп жазды. Сөйтіп, патша үкіметі ел жақсылықтарының тілегін ескермей, ант аманаты ретінде Орынборда көп жыл тұрған, кейінгі қызметінде де сенімдерін ақтаған Айшуақты хан көтереді.
1806ж Қартай Нуралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді олар күтпеген қарсылыққа ұшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетінен де жасап көрді. Оған да көнбеген сұлтанды ұстауға 1807ж 3артиллерия құруы, 1500 адам бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штаб-капитан Ешпанешниковтың т.б.жазалаушы отрядтары аттандырылды. Көтеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820ж басына дейін созылды.
Іле қазақ даласында 1826-1838ж аралығында Қайып-Ғали Есімов бастаған тағы бір көтеріліс шықты. Архив деректеріне оның да ел ішінде ықпалды сұлтан болғаны айтылады. Қайып-Ғали екі рет тұтқындалып, алғашқысында сегіз айдан соң босатылған, ал екінші жолы өз жақтастарының көмегімен түрмеден қашып шығады. Оны ұстап, көтерілісті басуға 1828ж подполковник Биязновтың , бір жылдан соң 520 адамдық әскері бар атаман Бородиннің т.б. жазалаушы отрядтарын жұмсады. Қайып-Ғалиды у беріп өлтіру, алдап қолға түсіру, жанындағы серіктерін ақшаға сатып алу әрекеттері де ойластырылды. Алайда бұл әрекеттердің бәрі нәтижесіз аяқталып,жазалаушы отряд көбінесе бейбіт ауылдарды шауып , тонап қайтып жүрді. Есесіне көтерілісшілер де хан-сұлтандар ауылына, бекініс-қамалдарға шабуыл ұйымдастырды. Арада тілегін орындамаған Хиуа хандығымен де араздасып, Исатай Тайманов бастаған көтерілісшілерге көмекке ұмтылды. 1838ж Исатай мен Махамбетке қосылып, құрамында бірнеше жүздігі, Орал казк полкі, 50 жаяу солдаты, екі зеңбірегі және хан жасағы бір патша әскерімен қақтығыста жеңіліс тапты.
ХІХғ басында патшалық Россиямен қатар, қазақ жерін жаулаған Хиуа, Қоқан хандығына қарсы да ұлт-азаттық көтерілістері өріс алды. Оның бірі 1820жылдары Омар ханның салық жинаушыларына наразылық көрсеткен Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата өңірінде басталды. Ұзын саны 12 мыңға жеткен көтерілісшілерге Тентек төре (Мәлік төре) басшылық етті. Оны басуға Омар хан мен үлкен жасақ жөнелткен. Екіге бөлініп , Сайрам мен Шымкентке бекінген көтерілісшілер табан тірескен ұрыстан соң күші сарқылып, амалсыз тізе бүкті.
Дәл осы кезде Жаңа Елек ауданы маңындағы шүйгінді жайылымдарын патша отаршылдары тартып алаған, табын руы қару асынып, атқа мінді. Батыр Жоламан Тіленшиевтің соңынан ерген бұл көтерілісшілер де шекаралық аймақтарға, хан-сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Көтеріліс, әсіресе 1835ж кең қанат жайды. Жазалаушы отрядтармен сан мәрте бетпе-бет келіп қақтығысқан Жоламан батыр өз жерінен ығыстырылып, ақыры үш жүзді түгел қамтыған Кенесары қозғалысына аттанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет