1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды "қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.
Этникалылық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде "этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты, сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан айырылмайды. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.
Этникалық қауымдастыққа М.Вебер берген анықтама әлі күнге өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық - оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жніндегі ортақ жадына байланысты субъективті сенімге ие топ.
Этникалылықты түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады (Ф.Барт). Этникалық қауымдастықтар ең алдымен, мүшелерінің өздері үшін маңызы бар деп санаған (немесе бұл маңыздылық сырттан таңылған) және ол өзіндік сана-сезімнің негізінде жататын сипаттамасымен анықталады. Сонымен, этникалылық - мәдени айырмашылықтарды ұйымдастыру формасы. "Халық” ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақмен байланыстыра алатын және топтық ынтымақтастық сезімін көрсете алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.
Ғылымда және саясатта кең таралған ұғым "ұлт” болып табылады. Оған әр түрлі тарихи әрі қазіргі заманғы мағыналы мазмұн жатқызылады. Ең кең таралғаны осы терминнің көмегімен бір мемлекет азаматтарының жиынтығын саяси бірлестік ретінде белгілеу болып табылады. Кейде саясатта ұлттар деп кәдімгідей мемлекеттерді атайды (Біріккен Ұлттар Ұйымы ұғымы). Ұлттардың басым көпшілігі әр түрлі тілде сөйлейтін және әр түрлі дінді ұстанатын бірнеше, кейде ондаған және жүздеген этникалық қауымдастықтарды қамтиды (американдық, үнді, канадалық, қытайлық, швейцариялық, т.б.). Әдетте мемлекетте ең көп этникалық қауымдастықтың мәдениеті үстемдікке (ресми) мәртебеге ие болады, ал аз қауымдастықтардың мәдениеті ассимиляция мен кемсітушілікке тап болады. Сонымен қатар, ұлттар, этникалық қауымдастықтар немесе этникалық ұлттар деген түсінік (этнос түрі ретінде) айтарлықтай дәрежеде таралған, тарихи пайда болған және адамдардың ортақ мәдениеті мен өзіндік сана-сезімі бар тұрақты этноәлеуметтік қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.
Ұлт ұғымының ғылыми мазмұны, оны талқылауа көптеген ірі ғалымдар мен публицистердің қатысуына қарамастан ұзақ және тиімділігі төмен пікірталастардың тақырыбы болып табылады. (И.Гердер, О.Бауэр, К.Каутский, М.Вебер, К.Маркс, В.И. Ленин, П.Сорокин, Н.А. Бердяев, қазіргі заманғы қоғамтануда Д.Амстронг, Б.Андерсен, Э.А. Баграмов, Ю.В. Бромлей, А.Г. Здравомыслев, Э.Геллнер, Л.Н. Гумилев, У.Коннер, Э.Смит, Э.Хобебаум, М.Хрох, П.Чатарджи). Әлемдік ғылымда жалпылама қолданылатын "ұлт” түсіндірмесі, әсіресе егер сөз оның шекаралары, мүшелері мен статистикалық категориялары турасында болғанда жоқ. Сонда да соңғы уақыттарға дейін қоғамтануда ұлтты нақтылы тұтастық, қауымдастық деп түсіну үстем болып келді және әлі күнге дейін өз позициясын сақтауда. Бұл жағдайда ұлт базалық қажеттіліктері, өзіндік сана-сезімі, ортақ еркі бар бірыңғай және мақсатты бағытталған ұжымдық индивид ретінде қарастырылады. Ұлтты қазіргі заманғы эмоционалдық және саяси заңдылыққа ие болған, бірақ ғылыми анықтамасы болмаған және бола алмайтын семантикалық-метафориялық категория ретінде қарастыруға болады. Өз кезегінде ұлт ұжымдық түрде қуаттауға болатын бейне ретінде, ұлтшылдық саяси аумақ ретінде (доктрина және тәжірибе) нақтылы өмір сүретін тұтастық ретінде мойындаусыз-ақ өмір сүре алады.
Саяси лексикада, көбіне ғылыми әдебиетте этнос және ұлт түсінігі синоним ретінде қолданылады, өйткені "этнос” "этникалылық” ұғымдары этникалық жіктелім үшін базалық болып табылады, ал "ұлт” ұғымы көбіне адамдардың этникалық тұтастығының мемлекеттік формасы ретінде анықталады. Сонымен бірге, В.М. Межуев былай дейді: "Ұлт этносқа қарағанда менің туылу фактісімен берілген нәрсе емес, өзімнің күш-жігерімнің арқасында және жеке таңдауым бойынша берілген нәрсе. Этносты мен таңдамаймын, ал ұлтты таңдаймын, таңдай аламын. Ұлт адамның антропологиялық және этникалық анықтауы емес, ол индивидтің мемлекеттік, әлеуметтік, мәдени тиістілігі”. Оның үстіне жаңарту мен жаһандану жағдайында этникалық бірдейлік ұлттық ұқсатумен ауыстырылады деген біршама уақыт бұрын таралған сенім іс жүзінде расталмай отыр.
"Ұлт” жөнінде айта отырып, тағы бір маңызы бар "ұлтшылдық” түсінігін қозғай кеткен жөн. Қоғамдық ғылым дәстүрінде кеңестік уақыттан бері "ұлттық” пен "ұлтшылдықты” анықтауда айтарлықтай қатаң айырмашылық қалыптасты. Біріншісін алатын болсақ ол жерде өз этникалық ұлтына табиғи сүйіспеншілік сезімі және жақындығы, игілігі жайында қамқоры, ана тілін, мәдениетін және дәстүрін сақтау және олардың еркін түрде дамуы түсіндіріледі. "Ұлтшылдық” "ұлтқа” керісінше, атап айтқанда өз этносын басқаларға қарсы қою, басқа ұлттардың мүдделері мен сезімдерін құрметтемеу, менсінбеу, т.б. Соңғы уақытта ресейлік әдебиеттерде (В.А.Тишков), әлемдік ғылымға сілтеме жасай отырып "ұлт” пен "ұлтшылдықты” бір ұғым ретінде түсіну ұсынылуда, атап айтқанда "ұлтшылдық” оның негізгі көрінісі ретінде - этникалық ұлтты айрықша әлеуметтік бірыңғайлық және ол жерде жеке мемлекеттілікті құру құқығын мойындалуы ұсынылып отыр. Посткеңестік ұлтшылдық (дұрысы этноұлтшылдық), ұлтты терең тарихи және басқа да объективті сипаттамалардың негізінде мүшелікке ие этникалық қауымдастықтың формасы ретінде негізделген доктрина және саяси тәжірибе деп анықталады.
"Ұлт”, "ұлттық”, "ұлтшылдық” түсініктері біртексіз түсіндірілуіне ие және екі аспектіде пайдаланылады - этникалық (этномәдениеттік) және мемлекеттік (саяси). Этникалық және мемлекеттік қауымдастықтардың объективті айырмашылығы осыдан. Оларды бір-біріне қарсы қою әрекеттері мен біреуін дұрыс деп мойындау, әсіресе көпұлтты мәдени, тарихи ортада қажет емес этноұлттық бедерсіздікке міндетті түрде алып келеді.