PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу құралдары, оқушылардың өмірде кездесуі мүмкін проблемаларды шешуде жалпы оқыту дағдыларының қалыптасқандығын және жаңа қоғамда тиімді қызмет етуін бағалау мақсатын көздейді.
Зерттеу объектісі болып 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктері. Көптеген елдерде жасөспірімдер 15-жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес
зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
PISA зерттеуін ұлттық орталықтар мен ЭЫДҰ ұйымдарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын Консорциуммен жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кірді:
Білім беру аймағындағы Нидерланд Ұлттық өлшеу институты
АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing
Service,ETS);
Білім беру аймағындағы Жапония Ұлттық зерттеу институты
(NationalInstituteforEducationalResearch,NIER) ;
статистикалық ақпараттар жинау бойынша түрлі зерттеулерді орындайтын Америкалық ұйымы (WESTAT).
Консорциумның жұмысын педагогикалық зерттеулердің Австралиялық Кеңесі үйлестіреді (The Australian Council forEducationalResearch,ACER).
Қазақстанда зерттеудің Ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» болып табылады.