PISAхалықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында
меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу оқушылардың заттың терең мағынасын түсінуі мен себеп-
салдардың байланысын, жан-жақты оқу әрекеттерін мен оқудың
негізін құрайтын: шығармашылық тапсырмаларды шешу мен табу
дағдылары, мәліметтерді талдауы және түсіне білуі тексеріледі. Оқушылар өмірлік жағдайларда кездесетін проблемаларға қатысады. Олар кешенді ойлануды талап ететін жоспарлау мен бағалауды, проблемаларды шешуді, дәлелдемелер келтіруді және шешімдер қабылдауды және т.б.қажет ететін тапсырмаларды орындайды.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саясатында ғылыми дәлелденген және жасампаздық шешімдерді шығару үшін білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды
сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстанусауаттылығы» мен «оқусауаттылығы». Зерттеу оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін қолдана білу ептіліктерін бағалауға басым көңіл бөлінген.
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты «оқусауаттылығы»,2003 жылы – «математикалық сауаттылық»,2006 жылы – «жаратылыстанусауаттылығы»,2009 жылы
«оқу сауаттылығы» және 2012 жылы - білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «математикалықсауаттылығы»болды.PISA