Ұлттық білім беру


Зерттеу өткізу стандарттары



бет6/30
Дата23.09.2024
өлшемі1,91 Mb.
#204956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
PISA жаттығулар (1)

Зерттеу өткізу стандарттары


Зерттеу, жобаға қатысушы барлық елдерде зерттеуді өткізу технологиясының стандарттары бірдей сақталуы үшін координациялық орталықпен дайындалған бірыңғай нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Халықаралық сарапшылар зерттеудің әрбір кезеңін (іріктеуді жүргізу, құралдарын аудару мен бейімдендіру, тестілеу мен сауалнаманы жүргізу, тексеру мен мәліметтерді өңдеу) бақылайды. Халықаралық деңгейдегі аудармашылардың көмегімен тест тапсырмалары мен сауалнамалары тексеріледі. Білім беру ұйымдарында зерттеуге Бақылаушы өкіл қатысады. Таңдау жауабы бар тапсырмаларды тексеру, арнайы бағдарламаның көмегімен автоматты түрде орындалады. Ашық жауабы бар тапсырмаларды тексеру барысында ұлттық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар жұмысының нәтижесі стандартқа сәйкес қамтамасыз етіледі. Ұлттық деңгейдегі тәуелсіз сарапшылармен әрбір төртінші буклет төрт рет тексеріліп, халықаралық сарапшыларға жіберіледі. Қатысушы елдердің сарапшыларымен келісілмеген тапсырмалар талдаудан алынады.


    1. Нәтижелер қалай бағаланады


Әрбір оқушының тесті орындауы, әр жеке зерттеу бағытына (математика және жаратылыстану) байланысты халықаралық 1000 балдық шкаламен бағаланады. Сонымен қатар, әрбір тапсырманың қиындық деңгейіне, нәтижелі орындау мүмкіндігіне


байланысты сол шкалаға сәйкес жеке балдар беріледі. Зерттеуге қатысушы елдер оқушыларының 2/3 бөлігіне жуығы 400 бен 600 аралығындағы балл нәтижесін көрсеткен. Бұл стандартты ауытқуы 100 болатын орташа мәні 500 балға тең халықаралық 1000 балдық шкала сипаттына сәйкес. Қатысушы елдің оқушыларының тапсырмаларды (ең қиын) орындай алуы әрбір ел үшiн орта балл көрсеткіші болып табылады.
    1. PISA ЗЕРТТЕУІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


    1. Жаратылыстану сауаттылығы

Қазіргі заманғы қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі, оларға өмірге әсер ететін жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары салыстырылатын қоғамдық стратегияны (курсты, саясатты) қалыптастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болуда. Сондықтан, PISA зерттеуі аясында 15 жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу де маңызды болып табылады.
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді
анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:

      • ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);

      • қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);

      • ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);

      • ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.



PISA зерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндерін – физиканы (астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қамтиды.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын
«жалпы пәндік» машықтары, ғылыми жаратылыстану білімдері қолданылатын жаратылыстану ұғымдары мен жағдайлар. Ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілей білуі, берілген ақпарат негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасай білу машықтарын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет