Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.
Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.
Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс.
Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан
Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.
Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.
Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Дүниетанымның компоненттері: білім, дүниетаным, сенім, мұрат, көзқарас, қарым-қатынас, мінез-құлық, этностық сана.
Білім - обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының обьективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы ой тұжырымы, сонымен қатар осы адамдардың өмірлік позициясы, сенімдері, мұраттары мен таным, және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары кіреді.
Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс. Сенім үмітпен басталады. Сенім-адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілітін жоғарлатуға ықпал жасайды. Сенімнің орындауы адамның нақты іс-әрекетімен тәжірибесіне байланысты келеді.