Ұлттық әдебиет және өлкетану орталығы



бет10/11
Дата05.02.2022
өлшемі129,65 Kb.
#9779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жағдаяттар шешу. Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз.
1-жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі, жыртық. Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр . Сенің іс-әрекетің?
2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың. Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге.  Қай затты алар едің? Неге?
3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ. Бірақ оны кигің келмей тұр. Жыртық болмағанмен, ескі. Ойыңды әкеңе айтып едің, әкең айлық әлі алмағанын айтты. Сенің әрекетің…?
4-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді. Билет бағасы – 300 теңге. Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды, сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?
5 жағдай. Сен анаңмен бірге базарға денешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың. Аралап жүріп 1000 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың. Сен машинаны алғың келді. Ал анаңда бар жоғы 3000 теңге ғана…Сенің әрекетің….
6 жағдай. Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты. Билет бағасы 100 теңге. Сондай-ақ ағылшын кітабын алуың керек.Ол 130 теңге. Қайсысын таңдайсың? Әрекетің…..
Мінекей, сендердің тапқырлықтарың кез-келген жағдайдан шыға білетіндіктеріңді көрсетіп тұр. «Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Ал сендер отбасы байлығын толықтыруға қалай көмектесе аласыңдар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет