Мақал-сөздің азығы.(Жалғасын тап ойыны) 1.Теңге тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз дүние жоқ.
3. Алтын тапсаң, санап ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
5. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
6. Ақшада көз жоқ.
7. Жылтырағанның бәрі алтын емес. 8. Теңге- тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.
Кім тез ұғып алды екен? «Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік
(«Сиқырлы сандықша » сұраққа толтырылған. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып жауап береді.)
Сұрақтар.
- Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
- Теңгеде кімдер бейнеленген?
- Ақша қандай қызмет атқарады?
- Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
- Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?
- Қайдан несие алуға болады?
- Ақшаны қайда жинауға болады?
- Ұлттық валюта дегеніміз не?
- Теңге немен безендірілген?
- Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
- Қазақ теңгесі қайда басылды?
- «Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар: (теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал). -Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
-Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
- Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
-Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
200 теңге - 1-бала. Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін “Подделка банкнот преследуются по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.