Жұмбақ-ойдың қазығы. («Кім тапқыр?» ойыны)
Дүние аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік, сонда сымбат.
Мақсатың көңіліндегі табылады,
Адамға ықыласпен қызмет қылмақ. /Ақша/.
Бір нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып ақылынан бір саспайды.
Данышпан ақылы көп сондай зерек,
Жаңылып басқа жөнге бір баспайды. /Есепшот/.
Кішкентай ғана безер,
Жер дүниені кезер. /Күміс ақша/.
Ол не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша адамзаттың зейіні керек. /Есепшот/.
Қорытынды: Балалар, қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.Дұрыс айтасыңдар, ақша еңбекпен, біліммен келеді
Әр отбасы ақшаның құнын бағалап, оны орынды жұмсай білу керек. Терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге «Кедейлік деген не?» деп сұрақ беріпті. Сонда Төле би: Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы- кежірлік, ортаншысы-еріншектік, кенжесі- ұйқы. Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,-деп жауап берген екен. Ендеше балалар, Тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіңдер. Осы жаман әдеттерден аулақ болып, еліміздің экономикасын дамытушы, икемді, ұқыпты тұлға болып өсулеріңе тілектеспін!!!
Құрастырған: Қабдолова П.С.
Тексерген: Кенжебекова Н.М.
Достарыңызбен бөлісу: |