Ұйымдастыру кезеңі: Қайырлы күн, құрметті оқушылар!
Сабағымызды бастамас бұрын (Психологиялық дайындық:) мына «Еңбек ағашын» толтырайық. Оқушыларға 2 түрлі қағаз қиындылары таратылады. Сол қағазға экрандағы сұрақтарға бір сөзбен жауап жазып, әр қайсысын өз орнына іледі.
1. Бұталарға - Оқушы қандай болу керек?
2. Жапырақтарға - Оқушының алдағы мақсаты, жоспары. Мақсаттарын мұғалім оқиды. Міне, балалар, алдыға қойған мақсаттарға жету үшін қайтуіміз керек? Әрине көп еңбек етуіміз керек. Ендеше, қазір сабақ барысында сендердің алдыға қойған мақсатқа жету жолында жасаған еңбектеріңе куә боламыз.