Жатттығу №3-4.
Экспорт карточкасы
(іскерлік-танымдық ойын)
Аты, фамилиясы_____________________________________________________
Алтын |
Мұнай
|
Каучук
|
Мыс
|
Бокситтер
|
| Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы |
| Елі | Елі | Елі | Елі | Елі |
| Ағаш отын |
Фосфаттар
|
Аллюминий
|
Уран
|
Джут
|
| Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы |
| Елі | Елі | Елі | Елі | Елі |
|
Автомобиль-дер
|
Жеміс-жидек
|
Қант
|
Какао
|
Кофе
|
| Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы |
| Елі | Елі | Елі | Елі | Елі |
|
Мақта
|
Киім
|
Шай
|
Қалайы
|
Күріш
|
| Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы |
| Елі | Елі | Елі | Елі | Елі |
|
Машиналар
|
Балық
|
Копра
|
Өңделген алмаздар
|
Ет
|
| Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы |
| Елі | Елі | Елі | Елі | Елі |
|
Табиғи газ
|
Банандар
|
Нақты
құралдар
|
Темір рудасы
|
Тоқыма өнімдері
|
| Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы | Астанасы |
| Елі | Елі | Елі | Елі | Елі |
|
|
|
Алтын
Претория
|
Мұнай
Эль-Рияд
|
Каучук
Куала-Лумпур
|
Мыс
Сантьяго
|
Бокситтер Парамарибо
|
Ағаш отын
Оттава
|
Фосфаттар
Рабат
|
Аллюминий
Кингстон
|
Уран
Ниамей
|
Джут
Дакка
|
Автомобильдер
Токио
|
Жеміс-жидек Мадрид
|
Қант
Манила
|
Какао
Аккра
|
Кофе
Богота
|
Мақта
Мехико
|
Киім
Сеул
|
Шай
Коломбо
| Қалайы
Ла-Пас
|
Күріш
Бангкок
|
Машиналар
Стокгольм
|
Балық
Рейкьявик
|
Копра
Апиа
|
Өңделген алмаздар
Иерусалим
|
Ет
Веллингтон
|
Табиғи газ
Алжир |
Банандар
Тегусигальпа
|
Нақты құралдар
Берн
|
Темір рудасы
Нуакшот
|
Тоқыма өнімдері Париж
|
Шарты:
Оқу тобы екі топқа бөлінеді. Оларға «Әлемнің саяси» картасы беріледі. Жоғарыдағы кесте бойынша картадан аталған астаналар бойынша мемлекеттерді тауып, желім-қағаз жапсыру арқылы белгілеу керек. Қай топ мемлекеттерді бірінші болып, әрі дұрыс таба біледі.
Осы мемлекеттер көрсетілген өнім түрлері бойынша әлемдік экспорттың көшбасшылары болып саналатынын есте сақтаңыздар.
Жаттығу №5-6.
Есептер
1.2016 жылы Қазақстанның экспортының көлемі - 32 899, 6 млн.АҚШ долларын, импорты - 18 324 ,17 млн. АҚШ долларын құрады.
Ал 2015 жылы экспорт - 27849,0 млн. АҚШ долларын, импорт - 17352,5 АҚШ долларын құрады.
Осы көрсеткіштерге қарап:
2015, 2016 жылдардағы ҚР сыртқы сауда айналымы көлемін;
2015 және 2016 жылдардағы сыртқы сауда сальдосын;
2015 жылмен салыстырғандағы 2016 жылы экспорттың немесе импорттың көлемінің ұлғаюы/кемуі неше пайызды құрайды? Кему себебі неліктен? Өсу себебі неге байланысты деп ойлайсыз?
2. Төмендегідей тұжырымдамалар қай теоремалар негізінде жасақталған:
1) азық-түлікке бағаның өсуі азық-түлік өндіруде белсенді қолданылатын факторлар иелерінің табыстарының өсуіне және басқа факторлар иелерінің табыстарының төмендеуіне алып келеді. (Столпер-Самуэльсон)
2) Жұмысшы күші көлемінің өсуі салдарынан еңбек сыйымды (еңбекті көп қажет ететін) тауарлар өндірісі ұлғаяды, ал капитал сыйымды (капиталды көп қажет ететін) тауарлар өндірісі қысқарады. (Рыбчинский)
3) Жұмысшы күші жеткілікті елдер салыстырмалы түрде капиталды көп қажет ететін тауарларды импорттайды.(Хекшер-Олин).
3. Егер ел белгілі бір тауар түрін өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болса, онда осы ел абсолютті артықшылықтарға да ие деп санауға бола ма?
Немесе керісінше, ел абсолютті артықшылықтарға ие болса, салыстырмалы артықшылықтарға да ие болады деп есептеуге бола ма? Түсіндіріңіз.
4. Қазақстанда өндіріс факторының қай түрін жеткілікті деп санауға болады: капитал, жер немесе еңбек? Сіздің ойыңызша қайсысы? Не себепті? Осыған орай, Қазақстан үшін қандай тауар түрін өндіріп, сатқан пайдалы: капиталсыйымды, жермен жақсы қамтамасыз етілген немесе еңбек сыйымды?
Жаттығу №7-8.
Ситуациялық талдаулар
1. Жапония негізінен өнеркәсіп тауарларын экспорттайды (оның ішінде автомобильдерді) және шикізаттарды импорттайды (оның ішінде азық-түлік және мұнайды). Жапонияның сауда шарттары үшін келесі жағдайлар қалай әсер етеді:
1) Таяу Шығыстағы соғыс мұнай тасымалын тоқтатты.
2) Жапон автомобильдері экспортталатын негізгі рыноктарда кореялық автомобильдердің импорты ұлғайды.
3) АҚШ энергияның жаңа көзін жасап шығарды.
4) Ресейде егін шықпай қалды.
Жауабы:
1) Сауда шарттары нашарлайды, себебі шикізаттың (мұнайдың) салыстырмалы бағасы өседі, ал Жапония экспорттайтын тауарлардың салыстырмалы бағасы (автомобильдердің) төмендейді.
2) Сауда шарттары нашарлайды, себебі жапон автомобильдерінің бағасы төмендейді.
3) сауда шарттары жақсарады, себебі энергия көзі ретінде мұнайға деген қажеттілік қысқарады, сондықтан Жапония импорттайтын тауарлар бағасы арзандайды.
4) Сауда шарттары нашарлайды, себебі Ресейде егіннің шықпай қалуы әлемдік рыноктағы азық-түлікке сұранысты өсіреді және бағасы қымбаттайды, ал Жапония азық-түлікті негізінен импорттан алады.
2. Қазіргі кезде Жапонияға иммиграция деңгейі барынша төмен, себебі бұл елдің үкіметі қатаң иммиграциялық саясат жүргізіп отыр. Сіз жапондық досыңызға иммиграциялық ағымды реттеуші Жапония заңдарына өзгерту енгізу керек екендігін дәлелдеңіз. Осыған орай, 3 нақты дәлел келтіріңіз. Ол сізге 3 нақты қарсы пікірін білдіруі керек.
Жаттығу №9.
Жаттығулар
1.Төмендегілердің қайсысы тікелей инвестиция, қайсысы портфельді инвестиция болып табылады?
1) Американдық банк «Лукойл» компаниясының акциясын 20 млн. АҚШ долларына сатып алды.
2) «ТуранӘлемБанкі» Берлинде ғимарат сатып алып, өз филиалын ашты.
3) Павлодар трактор зауыты АҚШ-та орналасқан трактор өткізуші қазақ-американ біріккен кәсіпорынының жарғылық қорындағы өз үлесін 51-ден 72%ға дейін өсірді.
4) Қазақстандық «Sеven» компаниясы Германиядағы клиентінің тапсырысы бойынша «КазМұнайГаз» компаниясының ағымдағы акция шығарылымының 11%-ын сатып алды.
5) Канадалық «Макдональдс» фирмасы тағы бір мейрамхана ашты.
6)Қазақстан-американ инвестициялық Қоры қысқа мерзімді қазақстандық міндеттемелер мен мемлекеттік займ облигацияларына 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы орналастырды.
Жаттығу №10.
І. КЕЛЕСІ ТҰЖЫРЫМДАР МЕН КЕЛІСЕСІЗ БЕ?
Елдегі валюта резервінің азаюы төлем балансында “минус” таңбасымен белгіленеді, себебі бұл операция импорт болып саналады
Иә Жоқ
Егер елдің ағымдағы операциялары оң сальдолы болса, онда экспорт импорттан көп және оның көмегімен таза шет елдік активтері өседі не әлем алдындағы міндеттері төмендейді.
Иә Жоқ
Егер АҚШ азаматы жаңа “Тойота” сатып алса, онда АҚШ-тың ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы азайып, Жапонияның төлем балансында ағымдағы операциялар өседі.
Иә Жоқ
Егер “Боинг” компаниясы Хорватиямен құны 100 мың долл. тұратын самолетті осы сомадағы Адриатия теңізінің жағалауындағы қонақ үй орнына алмастырса, онда АҚШ-тың ағымдағы операция балансының оң сальдосы артады.
Иә Жоқ
Егер АҚШ Сауд Арабиясынан жылына 100 мың долл. сомасында мұнайды заемға алса, онда бұл операция капитал қозғалысы мен қаржы құралдары шотында көрсетіледі.
Иә Жоқ
Жаттығу №11.
Есептер мен жаттығулар
І. ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАП:
Х және У өнімдерін өндіретін А және В елдері арасында тиімді сауда қатынасын анықтау үшін, салыстырмалы артықшылықтар теориясы бойынша нені бағалау қажет?
А) А және В елдеріндегі Х тауарын өндіру шығындарының осы елдердегі У тауарын өндіру шығындарына қатынасын;
Б) елдер арасындағы сауда қатынасы қалыптасқанға дейінгі А еліндегі Х және У тауарларын өндіру шығындарын В еліндегі Х және У тауарларын өндіру шығындарына қатынасын;
В) екі елдегі Х және У тауар өндірісінің абсолютті көрсеткіштерін;
Г) жауаптар дұрыс емес.
Аталғандардың қайсысы Хекшер – Олин теоремасын сипаттамайды?
А) ел өндіріс факторымен артық қамтамасыз етілген болып саналады, егер осы өндіріс факторының саны әлемдегі басқа елдердегі санынан артық болса;
Б) елдер өзінің артық тауарларын импорттайды;
В) салыстырмалы шығындардың еларалық өзгешеліктері елдердің өндіріс факторларымен әртүрлі деңгейде қамтамасыз етілуімен анықталады;
Г) елдер өндіруде өндіріс факторлары жетіспейтін тауарларды импорттан алады.
Кестеде 2 елдегі Х және У тауарларына кететін еңбек шығыны (сағатына) көрсетілген. Осы мәліметтер бойынша нені көруге болады?
А) В елінің Х және У тауарларын өндірудегі абсолютті артықшылығын;
Б) А елінің Х және У тауарларын өндірудегі салыстырмалы артықшылығын;
В) сауда қатынасында В елі Х тауарын өндіруге маманданады;
Г) сауда қатынасында А елі Х тауарын өндіруге маманданған.
А елінде Z тауарының бірлігіне - 10 сағат, W тауар бірлігіне - 15 сағат жұмсалады. Ал В елінде Z тауарына - 18 сағат, W - 45 сағат жұмсалған. Осы елдер арасында сауда қатынасы болуы мүмкін бе? Егер, ИӘ болса, онда әр ел қандай тауар түрін экспорттайды? Жоқ болса, не себепті?
Жаттығу №12.
І. КЕЛЕСІ ТҰЖЫРЫМДАРМЕН КЕЛІСЕСІЗ БЕ?
“сауда шарты” (term of trade) көрсеткіші экспорт пен импорт бағалары индекстерінің қатынасы арқылы анықталады.
Иә Жоқ
Ұзақ мерзімді кезеңге сауда қатынастарын орнатудан экспорттық салалар бойынша тауар өндірушілер де, импортпен бәсекелес салалар бойынша тауар өндірушілер де ұтады.
Иә Жоқ
Импорттық тауарларға салықты өсіру елдегі сол тауардың тұтынуын өсіріп, оның бағасының көтерілуіне әкеледі.
Иә Жоқ
Импорттық квотаны енгізу болашақта импорт көлемінің өспеуіне кепілдік бола алмайды.
Иә Жоқ
Импорттық квота жөнінде қайсысы дұрыс емес:
А) тарифтерге қарағанда квота мемлекетке кіріс әкелмейді.
Б) мемлекет кірісіне импорт квотасын енгізу импорттық лицензияларды орналастыру әдісіне байланысты;
В) квоталар импорт көлемін азайту үшін қолданылады.
Г) импорттық квоталар енгізу отандық өндірушілердің осы тауарға монополиялық билігінің өсуіне әкеледі.
Экспорттық салықтық енгізілуі қандай нәтиже береді? Дұрыс емес жауапты көрсет:
А) осы тауарға ішкі бағаның төмендеуі;
Б) өндірушілердің табыстарының азаюы;
В) бағаның төмендеуінен отандық тұтынушыларды жоғалту және осы тауарды тұтыну деңгейінің төмендеуі
Г) мемлекет кірістерінің өсуі.
Жаттығу №13.
І. Дұрыс жауап беріңіз
Егер Жапонияның ақша массасының өсу қарқыны АҚШ-тың ақша ұсынысы өсімі қарқынынан төмен болса, онда бұл:
А) Жапониядағы инфляция деңгейінің өсуіне әкеледі.
Б) долларға қатысты айырбас курсының төмендеуіне әкеледі;
В) бағаға қатысты доллардың айырбас курсының төмендеуіне әкеледі.
Г) АҚШ-тағы инфляция деңгейінің төмендеуіне әкеледі;
Д) АҚШ-тың таза экспортының төмендеуіне әкеледі.
Доллардың арзандауы -
А) АҚШ-қа импортталатын тауарлар бағасы американдық тұтынушылар үшін арзандайды.
Б) шет елдік тауар нарығында доллардың сатып алу қабілеті артады
В) шет елдіктер үшін АҚШ экспорты арзандайды
Г) шет елдіктер үшін АҚШ экспорты қымбаттайды.
Д) басқа ситуация орын алады.
3. Номиналды валюталық курс валюталардың сатып алу қабілеті паритетімен анықталады. Бір телевизор АҚШ-та 500 доллардан сатылса, дәл сол телевизор Қытайда 2000 юань тұрады. Юаньнің долларға шаққандағы номиналды айырбас курсын есептеңіз.
4. Егер пайыз ставкасының өсуі мемлекеттік шығындар мен инфляция деңгейінің өсуіне байланысты туындаса, онда ұлттық валютаның құнсыздануын күтуге болады.
Иә Жоқ
Жаттығу №14.
Халықарлық валюта рыногында ұлттық валютаның бағасы айтарлықтай төмендесе елдің экспорт пен импорт көлемі қалай өзгереді?
А) экспорт пен импорт азаяды
Б) экспорт пен импорт көбееді
В) экспорт өсіп, импорт азаяды
Г) экспорт азаяды, импорт өседі
Д) экспортта, импортта өзгрмейді.
Евро бағасы 1 евроға 0,5 доллардан 0,4 долларға дейін қысқарады. Германиядағы 150 евро тұратын магнитофон қанша доллар болады?
А) 10 долл. түседі
Б) 7,5 долл. түседі
В) 15 долл. түседі
Г) 15 долл. өседі
Д) 10 долл. өседі.
Орталық Банк ұлттық валютаны девальвацияласа, онда:
А) бұл ел Алтын стандарт жүйесінен бас тартқан
Б) Орталық Банктің алтынды сатып алу бағасы өскен
В) төлем бағасының ағымдағы шотында тапшылықтың өсуі күтіледі
Г) жаңа ақша айналысқа енгізіледі.
Егер елде ұлттық валютаның нақты айырбас курсы өссе, онда:
А) осы ел азаматтары үшін импорт тауарлары арзандайды
Б) таза экспорт қысқарады
В) төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы артады
Г) аталғандардың барлығы да орындалады
Д) аталғандардың ешқайсысы орындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |