3. Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ)
Білім алушыға БАӨЖ тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Магистранттар бұл сабақ бойынша жекелеген өзекті тақырыптар бойынша ғылыми баяндама, реферат дайындап, оны талқылап көрсете білуі керек.
Реферат жұмысын дайындау және оны қорғау негізінен мына тізбектелген кезеңдерден құралады:
1) тақырыпты таңдау және оны өз ғылыми жетекшісімен нақтылау;
2) әдебиеттерді сараптау және зерделеу;
3) реферат жоспарын құру және оны оқытушымен келістіру;
4) рефератты орындау;
5) рефератты даярлауға қатысты жалпы талаптарды зерттеу және орындау;
6) реферат жұмысын бағалауға оқытушыға ұсыну.
Рефератты жазу үшін мына негізгі деректемелерді қолданған жөн: заң және атқарушы өкімет органдарының нормативтік-құқықтық актілері; статистикалық жинақтары мен мәліметтері; кәсіпорындар мен ұйымдардың құжаттары мен мәліметтері; мерзімді басылымдар деректері; оқу құралдары; ғылыми еңбектер мен монографиялар; интернеттен алынған ақпараттар. Ең алдымен пәнге қатысты әдебиеттермен танысу керек. Жұмысты қарқынды жүргізу үшін тақырыптық каталогтарды, сонымен қатар таңдалынған тақырыпқа қатысты дайын сарапталынған мәліметтерді қолданған жөн болады.
Реферат жоспары жұмыстың құрылымын, мазмұнын, оның негізгі құрамдас бөлімдерінің логикалық байланысын бейнелейді. Жұмыс жоспары кіріспеден, негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрылуы тиіс. Құрастырылған жұмыс жоспары осы жұмыстың «МАЗМҰНЫ» атты бөлігінде орнын табады. Кіріспеде шешімі қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайына баға берілуіне, негіздемесіне және осы тақырыптың даярлануына қатысты бастапқы мәліметтеріне көңіл аударылғаны жөн. Сонымен қатар, кіріспеде тақырыптың өзектілігін аша отырып, реферат тақырыбының мақсаты мен міндеттерін айқындап алған жөн.
Рефераттың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың мәнін, әдістерін және негізгі нәтижелерін сипаттайтын мәліметтерден құралған жөн.
Жұмыстың негізгі бөлігі мынаны қамтиды:
Зерттеу жұмысы, әдеттегідей, кіріспеден, бірнеше тараулар мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттелетін мәселенің маңыздылығын, зерттеу жұмысының мақсаты мен негізгі мазмұнын, әдебиет көздерін ашып көрсету керек.
Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Мұнда қарстырылатын категорияның мәні мен мазмұны ашылу керек.
Категорияға сипаттама бергенде нақты сандық материалды пайдалану қажет. Екінші тарауда көбінесе нақты экономикалық механизмді пайдалануды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Үшінші тараудың әртүрлі бағыттары болуы мүмкін. Қорытындыда жұмыс мазмұнының негізгі мәселелері көрсетіледі және зерттеудің нәтижелері қорытындыланады.
Егер зерттеу жұмысының мазмұны зерттеу тақырыбын ашпаса немесе тақырыпқа сәйкес келмесе, ол оқытушының шешімімен қорғауға жіберілмейді және студентке толықтыруға қайтарылады.
Қорытындыда зерттеу нәтижесі бойынша түйінделген қысқаша тұжырымдамалары берілген жөн.
Реферат мәтіні А4 формат, 14-шрифт бойынша компьютер әрпімен терілген мәтіні ретінді ұсынылғаны жөн. Жұмыстың жалпы көлемі 10-12 беттен кем болмау керек. Парақ беттеріндегі мәтіннің жазылу шегіне қатысты мына өлшемдер сақталғаны тиіс: сол жағы-3,0 см, оң жағы- 1 см, жоғарғы жағы- 20 см, төменгі жағы- 20 см.
Достарыңызбен бөлісу: |