Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет10/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму

Бекітуге арналған сұрақтар:

1.Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатының негіздері


2.Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатын жетілдіру мүмкіндіктері

Тақырып 8.
Инновациялық-технологиялық дамудағы шағын бизнестің ролі

1.Шағын инновациялық бизнес: даму кедергілері мен болашағы.


2.Экономикадағы кластерлік жүйені дамыту: теориясы және практикасы

Дәріс мақсаты: Инновациялық-технологиялық дамудағы шағын бизнестің ролі туралы мағлұматтар беру
Негізгі сөздер:

  • Кәсіпкерлік

  • Кластер

  • Экономиканың өсу

1. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру міндетін адал бәсекелі орта болған кезде ғана шешуге болады, бұл өз кезегінде, күшті монополияға қарсы жүйенің қалыптасуына байланысты.
Сондықтан Үкімет бәсекелі ортаны дамыту және нарықтың монополиялануын болдырмау мәселелеріне бұдан әрі де баса назар аударуы керек.
Бәсекелестікті дамыту саласындағы негізгі міндеттер нарық субъектілерінің үстем жағдайды асыра пайдалануының алдын алуға, теріс пиғылды бәсекені және бәсекеге қарсы келісімдердің жасалуын болдырмауға, экономикалық шоғырлануды бақылауға және тауар нарықтарының тиімді әрі серпінді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға келіп тіреледі.
Үкімет серіктестік қатынастар негізінде кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қолдау көрсету қажет. Бұл ретте салық режимін жетілдіру мемлекет саясатының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құралдарының бірі ғана болып табылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін басты басымдық бәсекені дамыту болуы тиіс.
ҚР-да бизнесті дамыту үшін барлық ықтимал әкімшілік кедергілерді азайтуға арналған нақты қадамдар қабылдау болжанып отыр. Жеке кәсіпкерлікті тексерулердің барлығы заңмен ғана реттелетін болады. Бұл нормалардың барлығы "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңда қарастырылған.
Шағын ксіпкерлікті дамыту қоры тарабынан шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық-кредит саясатында елеулі өзгерістер болжанып отыр. Ол өздерінде бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруды қалайтын халықтың әр түрлі жіктері үшін нақты көмекші болуы тиіс. Қордың филиалдық-өкілдік желісін кеңейту, өңірлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, әсіресе ақпараттық-талдау, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну бөлігіндегі жұмыстарды күшейту қажет.
Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл жасауы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.
Үкімет шағын кәсіпорындарды озық технологиялармен және басқару тәжірибесімен алмасу бойынша мемлекеттік көтермелеу, олардың халықаралық стандарттарды енгізуі мен халықаралық нарықтарды игеруі тетіктерін әзірлеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты халықаралық қаржы институттарымен, бірінші кезекте Қазақстанда экономиканың жеке секторына кредит беру жөніндегі жобаларды іске асырушы Азия Даму Банкімен және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен тығыз ынтымақтастыққа негізгі назар аударылатын болады.
Шағын және орта кәсіпорындардың қатарынан отандық инвесторлардың класын дамыту қажет. Бұл үшін инвестициялық заңнаманы, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ отандық компаниялар арасында инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
С урет 5 – Жалпы өнеркәсіп көлеміндегі шағын бизнес субъектілерінің үлесі, 2016 жыл

1-шағын бизнес субъектілері


2-орта және ірі кәсіпорындар
Шағын бизнесті қолдаушы мемлекеттік институттар:
- ҚР Өнеркәсіп және Сауда министрлігі құрамындағы шағын бизнесті қолдау Комитеті;
- «Шағын кәсіпкерлікті қолдау Қоры» ЖАҚ;
- «Республикалық ақпараттық-көрме орталығы» ЖАҚ;
- Әкімшіліктегі департаменттер.
Мемлекеттік емес институттар құрамына: кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері, бизнес-инкубаторлар және технологиялық парктер.
Шағын бизнестің дамуы үшін төмендегідей кедергілер жойылуы тиіс:

  • салықтық ауыртпашылықтардың төмендетілуі;

  • меншік және активтерді заңдастыру;

  • кредиттік ресурстарға қол жеткізудегі кедергілер;

  • әкімгершілік шараларды жеңілдету;

  • тексеруші-бақылаушы органдардың бюрократиялық іс-әрекеттерін шектеу.

2. Кластер- кәсіпорындар мен ұйымдар торабы, олардың әрқайсысының үстеме құн құру тізбегінде өз мүдделері бар. Білім, технология, идеяларды өзара алмасу негізінде олар кластерде өндірілетін өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жұмыс істейді. Кластер ішінде ішкі ресурстарды дұрыс пайдалану мультипликативтік экономикалық табысты қамтамасыз етеді.
Кластер - өндірістік байланыстардың инновациялық, рыноктық торабы, бұл торап « төменнен» келген ынта бойынша құрылады.
Кластер салалық қана емес, сонымен қатар экономиканың түрлі секторы мен сферасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтық - өндірістік торабы.
Кластерді құру мынадай кезеңдерден тұратын күрделі ғылыми-зерттеу, жобалау- конструкторлық процесс болып табылады:
1. кезең – кластерді құрудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын болжау және жүйелі талдау:
- Кластер құру мақсаты мен стратегиясын негіздеу;
- Кластер құруда ұлттық және аймақтық жағдайлар мен мүмкіндіктерге әлеуметтік-экономикалық талдау жасау;
- Кластер құрудың құқықтық базасын қалыптастыру;
- Маркетингтік зерттеулер жүргізу және өнімдер мен қаржы рыноктарының моделін жасау.
2. кезең – кластер жобасын жасау атап айтқанда:
- Кластерді дамытудың перспективті (стратегиялық) жоспары;
- Кезеңдер жылдар бойынша кластерді дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың ұйымдастыру – техникалық шаралар жоспары;
- Кластер құруды техника-экономикалық негізделуіне құрылтайшылардың келісім беріп, бекітуі;
- Кластер басшыларының бизнес-жоспары.
3.кезең – кластер құру жобасын дайындау[69].
Кластер құру тиімділігі салааралық байланыстардың даму деңгейіне, осы бірлестіктегі кәсіпорындардың өзара әрекеттесу формаларына, партнерлер арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастарға байланысты. Мұнда әр саланың ресурстық, еңбек және қаржылық ппотенциалы бар арнайы ерекшеліктерін ескерген жөн [70].
М.Портер теориясына сәйкес «бәсекелестік басымдық фирманың осы жүйеніқаншалықты ұтымды ұйымдастыратындығына байланысты анықтала түседі. Байланыстар фирманың қызмет әрекетінің әр түрін біріктіріп қана қоймай, фирма аралық өткізу каналдарының өзара тәуекелділігін негіздей түседі. Фирма осы байланыстарды дұрыс ұйымдастыра отырып бәсекелестік басымдыққа жете алады.
Әлемдік деңгейде кластерлік жүйе қағидаларын қолданған елдерде ол аймақтарды дамытуға айтарлықтай серпін берген. Атап айтатын болсақ, АҚШ-тың азық түліктік қауіпсіздігін ірі шаруашылықтар қамтамасыз етеді.Олардың саны 157 мың, яғни 8% ғана болса да АҚШ бойынша жалпы өнімнің 73%-ын өндіреді. Ірі фермалардың 90%-ның қызметі рентабельді.
Гарвард университетінің профессоры, АҚШ-та кластерлік теорияның негізін қалаушы М.Портердің зерттеулері нәтижесінде өнеркәсіптік кластерлер дамып, жүздеген қалалар мен аймақтар өздерінің кластерлік стратегияларын әзірлеген. Оның айтуынша, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ең шешуші модель- кластерлік тұрғыда даму болып табылады. Ғылыми орталықтар мен университеттер осы жобаны іске қосу тетіктерін талдау жұмыстарымен айналысуы тиіс.
М.Портердің пайымдауынша, кластер бәрінен бұрын өндірістік байланыстың тұйықталған жүйесі мен тұрақталып қалған технологиялық инновациялық салааралық кешен. Басқаша айтқанда, кластер- дегеніміз өзара бір-бірімен тығыз байланысты әрі бірін-бірі толықтырып отыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың территориялық ауқымында қалыптасқан кешен. Бұл кешен сауда әлемінде орналасқан және өзінің бәсекелестік айқындамасын қамтамасыз етугебейімделуі арқылы табысқа жетеді.
Алайда, кластерлік тетік өндірістің бәсекеге қабілетін арттырудың кеңестік-ұйымдастырушылық факторы ғана саналады. Ол бәсекеге басымдық алу үшін әу баста қажет болған негізде құрылатын өндіріс факторларына қосымша қызмет етуі мүмкін. Өндірісті аумақтық шеңберде ғана құрумен шектелмей, ең алдымен олар алдыңғы қатарлы техникамен, озық технологиялармен, жоғары сапалы жұмыс қолымен жарақтандырылуы тиіс. Жарақтандырылып қана қоймай, мұның бәрі бәсекеде басымдылықты иеленген жөн. Бұл өз кезегінде халықтың жалпы білім деңгейіне, елдің ғылыми техникалық жағдайына, шаруашылықты ұйымдастыру нысандары мен басқарудың тәсілдеріне тәуелді. « ... Халықаралық бәсекелестікте табысқа жетуді өндіріс факторлар қандай дәрежеде айқындалса, оларды нәтижелі қолдану сондай дәрежеде айқындайды »- деп жазады М.Портер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет