Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет11/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму

Бекітуге арналған сұрақтар:

1.Шағын инновациялық бизнес: даму кедергілері


2.Экономикадағы кластерлік жүйені дамыту

Тақырып 9.
Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатын жүзеге асыру механизмдері

1.Мемлекеттік корпорациялардың құрылуы мен олардың маңызы


2.Қазақстан аймақтарында жүйелік құрылымдарды қалыптастыру
3.Бәсекелестікті дамытудағы кластерлік бағыттың маңызы

Дәріс мақсаты: Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатын жүзеге асыру механизмдері туралы ақпарат беру

Негізгі сөздер:
- Қаржы
- Құрылым
- Мониторинг

1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) – бұл өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес-құрылымдар. ӘКК-нің коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы сонда, олар алынған пайданы өздері мүддесін көздеп құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды. Қазақстанның түрлі өңірлерінде бастапқы кезеңде қолдарына коммуналдық меншікті, жерді, жаңа бизнес жасау үшін пайдалануға болатын жұмыс істеп тұрған рентабельсіз кәсіпорындарды беру арқылы ӘКК жасақтауға болады. Әрбір ӘКК өзіндік бір өңірлік даму институтына айналуға тиіс, оның еліміздің тиісті өңіріндегі мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг компаниясы ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Содан кейінгі кезеңде басқару тәжірибесін жинақтауы мен ӘКК-нің капиталдану деңгейінің артуына қарай олардың өңірлік және халықаралық рынокқа шығуымен қоса, “жауапкершілік аясын” кеңейту мен әртараптандыру жөнінде әңгіме қозғауға болар еді. Бұл корпорациялардың қызметі жаңа жобалар тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперациялануды күшейтуге бағытталады. Сөйтіп ӘКК ірі жұмыс берушілерге әрі ел дамуының жолбасшысына айналады, бұл ретте ол мемлекеттік қызметшілер санын өсіріп, мемлекетке салмақ салмайтын болады.
Бұл корпорациялардың қызметі бүкіл елімізде де, одан тысқары жерлерде де жүзеге асырылатын жаңа жобаларды тартуға бағытталатын болады. Кез келген ӘКК-нің қызметі әкімшілік округтен үлкен аумаққа таралатын болады және өндірістік байланыстарға мейлінше жуық болады. Үкімет Қазақстанда 5 ӘКК құру орынды деп санайды.
2. ӘКК қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу мен ынталандыру шараларының кеңейтілген жүйесі қолданылатын болады. Әрбір ӘКК мөлшері бойынша елеулі игерілмеген жер учаскелерін қоса алғанда, елдің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқаратын холдингілік компанияны білдіреді.
Жергілікті атқарушы органдардың аудандық және қалалық әкімдіктердің жанынан құрылған кәсіпкерлік бөлімдері ұйымдастырушылық рөл атқаратын мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі рөлі күшеюі тиіс.
Құрылған Кәсіпкерлік практика жөніндегі республикалық оқу орталығының мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл үшін оған құрылған Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталықтардың желісі арқылы өңірлерде өкілдігі бар кәсіпкерлік проблемалар ғылыми-зерттеу орталығы мәртебесін беру болжанып отыр.
Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар жұмыстарының нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік еркіндігі индексін сынау және рейтингілік бағалау жүйесін енгізу жүреді, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамды дамыту шеңберінде бизнес пен биліктің әлеуметтік серіктестік қағидаттары сыбайлас жемқорлық әрекеттерге өркениетті қарсы күш болады.
Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін рентабельді емес кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану шараларын қабылдайтын болады.
Қайта капиталдандыру және/немесе өңірлік холдингілерге енгізу арқылы рентабельді емес кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
Қазақстанға инвестициялар тарту процесі ескі активтерді қайта сату емес, жаңа салаларға шоғырлануы тиіс.
Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар жұмыстарының нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік еркіндігі индексін сынау және рейтингілік бағалау жүйесін енгізу жүреді, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз етеді.
Рентабельді емес кәсіпорындардың базасында жаңа өндірістер мен технологияларды дамыту мақсатында оларды нәрлендіру және қайта құрылымдау жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру үшін мыналар жоспарланады:
1. Нәрлендіру және қайта құрылымдау рәсімдерін қолдану мүмкін болатын рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру тәртібін бекіту.
2. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және олардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг және талдау жүргізу тетігін айқындау.
3. Қаржылық жағдайға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша нәрлендіруды және қайта құруды жүргізу жолыменжаңа технологиялыр мен жаңа өндірістерді қолдану мүмкін болатын кәсіпорындардың дерекқорын қалыптастыру.
4. Технологиялар мен инновациялар импортын қолдаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.
3. Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді талдай отырып, өңірлік бәсекеге қабілеттілікті дамыту механизмінің негізгі бағыттары жасақталуы тиіс.
Мұндай құрылымдардың қатарында «тігінен принципі» бойынша ұйымдастырылатын кластерлердің ролі зор. Кластерлер - бұл технологиялық тізбекпен байланысқан мамандандырылған жеткізушілер, негізгі өндірушілер және тұтынушылардың аумақтық шоғырлануы. Осы ретте кластерлердің өңірлік құрастырушылардың маңызы туралы айта кету керек. Кластерлерді тек рыноктар мен фирмалар арасындағы ұйымдасу формасы ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір өңірлік ортада қызмет ететін, өзара байланысты компаниялар мен институттардың географиялық шоғырлануы деп те атауға болады. Бүгінгі күні Арал ауданында «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «Камбала балық» ЖШС-нің балық шаруашылығын дамытуға бағытталған үлкен көлемдегі жобасы іске асырылуда. Жоба толық іске асқан жағдайда Қамбала балығының өз маркетингі, балық өнімінің экспорт және импорты, лаборатоиялары, жоспарлау және өндіріс бөлімдері жұмыс атқарады, әрине бұл мәселелерді шешу жұмыссыздық пе ауданның балық кластерін дамытуға көп үлесін қосады. Кәсіпорында 2016 жылы барлығы 446 тн балық қабылданып, өңделді. Орта есепппен тәулігіне 1,5 тн балық өнімдерін өндіреді. Бүгінгі күннің өзінде кәсіпорын өнімін экспортқа шығару жұмыстары біршама жолға қойылған. Дайын балық өнімдері Ресейдің Челябинск, Астрахань, Приморск-Ахтарск, Томск қалаларына, Украинаға, Уфаға 60 тонна, 40 тоннадан балық тиеліп отыр, тапсырысқа сәйкес жұмыс жасалуда.
Жалпы, Қызылорда облысында минералды-шикізат қорының айтарлықтай әлеуеті бар. Айталық, өңірде 65% - ванадий, 15,1% - мырыш, 13,7% - уран, 9,6%-қорғасын, 4,7% - мұнай және газ конденсаты, жалпы қазақстандық жерасты су қорының - 3,4%-ы және сол сияқты кең таралған пайдалы қазба көздеріне әйнек шығару өнеркәсібі үшін керекті жоғарғы сапалы кварц құмдары, доломиттер, әк тасы, ас тұзы, мергель, саздақ, құрылыс құмдары шоғырланған. Сонымен қатар, қоңыр көмір қоры және жанатын мұнайлы тактатас, қоңыр теміртас, фосфорит пен цирконий-титан кендері анықталды.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы аясында Қызылорда облысының 2014-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық Бағдарламасы қабылданып, оны жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасалуда. Индустриалды-инновациялық жобаларды асыру 3 топқа бөлінеді:

  • серпінді жобалар (100 млн. АҚШ доллар және одан жоғары);

  • облыстық дәрежедегі жобалар (20 млн. АҚШ долларынан 100 млн. дейін);

- өңірлік жобалар (1 млн. АҚШ доллар және одан жоғары). Аталмыш жобалардың жалпы саны 2-кестеде (негізгілері Қосымша А) көрсетілген.
Кесте 10 - Өңірлік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2016-2019 жылдар аралығында жүзеге асырғалы отырған инвестициялық жобалар

Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың саны

Ашылатын жұмыс орындары

Тартылатын инвестиция көлемі, млн. теңге

1

2

3

29

6910

113 753,3

*Ескертпе - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мәліметтері бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет