Азық–түлік салығы – 1921 ж. салбырт орнына енгізілген, ЖЭС – тің басталуына негіз салды. 1923 ж-ға дейін сақталған.
Амнистия – (грекше кешірім) – жазадан босату немесе оның жеңілдетілуі – жоғары мемлекеттік билік шешімімен қабылданатын әділ – сот шаралары.
Анархия (грекше-anarcsia) басшысыздық, өкіметсіздік; 2) бытырыңқылық, ұйымдаспағандық, тәртіпсіздік; өндіріс анархиясы-жеке меншіктен туатын капиталистік шаруашылық дамуындағы бытыраңқылық.
Андронов мәдениеті – 1 (қола дәуірі (б.з.д. 2 мың.ж) Батыс Сібір, Қазақстан және Орал маңы. Ачинск маңындағы Андроново селосына байланысты қойылған. Молалар мен тұрақ қалдықтары. Шаруашылығы: мал шаруашылығы әне жер өңдеушілік; 2) Оңтүстік Зауралье, Батыс Сібір мәдениеті. Қола дәуірі б.з.д. II мыңжылдық – б.з.д. II мыңжылдық – б.з.I мыңжылдық басы.
Анимизм –Алғашқы қауым адамдардының рухы, әр заттың жаны бар деген ғылымға дейінгі түсінігі.
Антанта (француз-келісім) – Ұлыбритания, Франция, Ресей кірген әскери блок. 1907 жылы құрылған. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия бастаан Үштік одаққа қарсы болды.
Антигитлерлік коалиция– (1941-1945 ж.ж.)-Германия фашистік блогына қарсы күресуші мемлекеттер мен халықтардың әскери – саяси одағы. Италия, Жапония және олардың одақтастары қосылды.
Антикоминтерндік пакт – 1963ж. Германия мен Жапония арасында жасалған Коммунистік Интернационалға қарсы бірігіп күресу жөніндегі келісім. Шын мәнісінде КСРО-ға қарсы бағытталды. 1938ж. оған Италия қосылды.
Антропология – адамдардың және нәсілдердің эволюциясы, олардың шығу тегі жөніндегі биологиялық ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: антропогонез, адам морфологиясы және энтикалық антропология немесе нәсілтану. Кейбір шетелдерде «антропология» термині адамдар жөніндегі ғылым жиынтығы деп түсіндіріледі, оған этнография, да кіреді.
Альтернативтілік – ұсынылған бірнеше варианттардан сайлау мүмкіндігі.
Анархизм – саяси ағым. Мемлекет институтынан бас тартуды уағыздайды, ол тұлғаның шексіз бостандығын қолдайды.