Антисметизм – еврей ұлтының өкілдеріне жау көзқарасты негіздейтін идеология.
Апартеид – нәсілдік дискриминация және түсті халықтар құқын шектеу саясаты.
Апогей – (грекше - Жерден аластатылған) – кез-келген дамудың жоғарғы нүктесі; шың, гүлдену (кең тараған ұғым «атақ апогейі»).
Аренда – (латынша – қарызға беру). Белгілі бір уақытта жер, мекеме, ғимаратты жалға беру.
Аристократия – 1) билік етуші социумның жоғарғы үстем тап адамдары, ақсүйектер; 2) мемлекеттік билік формасы, билік осылардың қолында болады.
Артықшылдықтар – біреуге берілетін ерекше құқық артықшылық.
Архаизм – (грекше – ежелгі, көне) – 1) ескірген сөздер, қолданыстан шыққан; 2) ескірген құбылыс, ескілік, қалдығы.
Археологиялық ескеркіштер – ежелгі заттар, қоныстар қалдығы, молалар, құрылыс қалдықтары.
Археологя – (греше ежелгі дүние туралы ғылым) – қоғам тарихын заттай тарихи деректер, адамның материалдық мәдениетінің қалдығы (заттай ескерткіштер) бойынша зерттейтін ғылым.
Ассимиляция – бір халықтың басқа халықпен оның тілін, дәстүрін меңгеріп, өз тілін, мәдениетін, ұлттық ой-санасын жоғалтуы; табиғи ассимиляция халыққа тиімді жағдайда өтеді және шағын халықтың ірі этникалық қауымымен қосылады; күшпен ұлттық, діни қанау жағдайында өтеді және белгілі бір халықтарды басу.
Ассимиляциялық саясат – капиталистік мемлекеттердің шовинистік саясаты, қаналған халықтың ұлттық ерекшеліктерін жоюға бағытталған, оларға үстемдік етуші ұлттың тілін, мәдениетін, дінін күштеп таңу арқылы жүзеге асырылады.
Атаман – 1) мемлекеттік биліктен тәуелсіз отряд басшысы; 2) казак әскерлерінің жоғарғы басшысы.
Ауыл – тұрақ, ертеде көшпелі, қазір отырықшы.
Ашель – ерте палеолит мәдениеті. Амьен қаласындағы Сент Ашель (Франция) елді мекеніне байланысты қойылған. Алғаш рет 1885ж. ғылымға Габриель де Мортилье палеолиттің бесінші кезеңі ретінде енгізді, ол шелль мен мустье арасын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |