Құқық – қоғамдық қатынастар – құқық нормалаымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Құқықтық мемлекет – Конституция билігі, заңдарды бұзбау жүзеге асырылып, адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын мемлекет.
Құрылтай – Шыңғыстықтар мен моңғолдардың көшпенді ақсүйектерінің, биліктің жоғарғы органының ортақ империялық жиналысы.
Құрбандық шалу – дінге табыну әдет – ғұрпы; құдайларға сыйлар, ануарлар, кейде адамдарды құрбандық ету.
Қырғыз-қайсақтар – қаақтардың Ресейдің ресми құжаттарында аталуы.
Қысқы сарай – архитектура ескерткіші; XVIIIғ. Екінші жартысынан бастап Петербургтегі орыс императорларының қысқы резиденциясы. Эрмитаж музейінің басты бөлігі. 1754-1762 жж. Архитектор В.В. Растрелли салған.
Л
Легитемділік – халықаралық қауымдастық пен халықтың мемлекеттік билгінің (және мемлекеттің анықтаған территориясының) танылуы.
Либерализм – жеке тұлғаның құқы, саяси теңдігі мен бостандығының танылуының негізін қалаған теория.
Лидерлік – биліктік шешімді қабылдау құқын беретін және басқаларға ықпал ететін әлеуметтік дәреже.
М
Мавзолей – б.з.д. IVғ. тұрғызылатын Геликарнаста Карни Мавсолға тұрғызылған мазар. Кейіннен мола басына салынатын ескерткіш ретінде танымал.
Мадлен – палеолит мәдениеті. Атауы Франциядағы Ла Мадлен тұрағына байланысты. Солютре мен мезолит арасында.
Манап – қырғыздардың руларының ақсүйектері.
Манифест – 1) жолдау, саяси жағдайға байланыстай өкіметтің халыққа үндеуі; 2) бағдарламалық сипаты бар қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың немесе әдеби топтардың үндеуі; 3) (латынша-үндеу) Шақыру. Жоғарғы кіметтің елге тастаған үндеуі (1905ж. 17 қазандағы Манифист), іс-әрекеттер туралы декларация.
Мажоритарлық сайлау жүйесі – бір мандатты сайлау жүйесі. Көп дауысқа ие болған кандидат сайланады
Марксизм – XIXғ. Ортасында Маркс пен Энгельс негізін салған ілім.
Массагенттер – Орал мен Каспий бойындағы ертедегі тайалар одағы.
Достарыңызбен бөлісу: |