Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)



бет35/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус
1801-11 Сымбат экономика (копия), ZHalpy-fizika 2, Fizikany-o ytu- distemesi 2, 5 Математика 5 сынып 5.4.А Пайыз бөлімі Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу Қосымша 3 Үй жұмысы, Хронический пиелонефрит. Хронический цистит.rtf , Саясаттану д рістері
Р
Радикализм – шешуші қимылдар мен саяси көзқарастарға бейімделік, ымырасыздық.
Расизм – әртүрлі расалар мен ұлттардың теңсіздігін жариялайтын идеолгия.
Раса – сыртқы белгілері ұқсас, туыстық жақындықтары бар адамдар тобы.
Ратификация – келісуші жақтардың өкілетті өкілдері қол қойған халықаралық келісімді мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының бекітуі; елдер ратификацияны патификациялық грамоталар алмасу жолымен де жүзеге асырады.
Реабилитация – (латынша-қалпына келтіру)–әділетсіз түрде айыпталған, жала жабылған адамның репутациясын, жақсы атын қайтару, құқықтарын қалпына келтіру.
Революциялық жағдай – революция мүмкіндігін тудыратын экономикалық, саяси және оғамдық өмірдің жағдайларының жиынтығы.
Революция – 1) түбірлі төңкеріс, бір сапалы жағдайдан екіншісіне секірмелі түрде өту, табиғаттың қоғамның және ойдың диалектикалық дамуының маңызды заңдылықтарының көрініс табуы; 2) (латынша-төңкеріс) қоғамдағы, экономика, дүниетану, ғылым, мәдениеттегі сапалы, терең өзгерістер. Әлеуметтік революция – жаңа мен ескі арасындағы күрестің ең өткір түрі. Онда сасяси процестер күшейіп, билік түрі өзгереді, басшылыққа еңске жеткен революцияық күштер келеді, қоғамның аңа әлеуметтік – экономикалық негізі қаланады.
Реквизиция – (латынша-талап)–төлем үшін күштеу (конфискациядан ерекшелігі) немесе мемлекеттік органдарды жеке адамдардың немесе заңды тұлғалардың мүлкін уақытша алу.
Репатриация – соғыс барысында отанынан алшақ қалған азаматтардың және әскери тұтқындардың, сонымен қатар эмигрантардың отанына оралуы. Репатрианттар репатриация бойнша отанына оралғандар.
Репрессиялар – оқшау ойлаушыларға қарсы мемлекет жүзеге асыратын қатаң жазалау шаралары.
Республика – (латынша-қоғамдық іс) – мемлекетті басқару формасы, мұнда билік халық немесе (халық билігі) оның бір бөлігінің қолында болады, сайлау органдары, сайланған қызмет адамдары халықтың атынан сөйлейді.
Монархияға қарама-қарсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет