8-дәріс: Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқық.
1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жүмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы кұрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам- социалистік жүйені социалистік мемлскет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.
1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М.И.Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халықкомиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.
1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды.
Қазақстанда бір орталықганған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен казақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет кұрылды.
Қазревком Казақ автономиясын қүрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Қазревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң, оның кейбір мүшелері Кеңес өкметінің жұмысына тартылып Қазревкомның кұрамына өтті.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы М.И.Калинин "Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" декретке кол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і кұрылды.
Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді.
В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (КазОАК) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Заволжье әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді.
1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай сьезі өтті. Сьезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Казақ Орталық Аткару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С.Меңдешевті бекітті. Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.
1937 жылы 26 наурызда бүкіл-қазақстандық кеңестсрдің төтенше X сьсзі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы 11 тараудан 125-баптан тұрды. I тарауда қоғамдық құрылыс анықталды. 1-бапта ҚазКСР жүмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп корсетілді. ҚазКСР-дің саяси негізі еңбекшілер депутаттарыньщ кеңестері деп анықталды (2-бап). ҚазКСР-дің экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары (4-бап) дсп танылды. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Сондай-ақ азаматтардың өзіндік меншігі мойындалды.
Социалистік шаруашылыктың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратыны айқындалды.
Еңбек ету әр азаматтың міңдеті екендігі көрсетіліп, "Еңбек етпеген - ішіп жемейді" принципі конституцияда атап өтілді.
II тарауда "Мемлекеттік құрылыс" бекітілді. 13-бапта экономика, саясат, отан қорғау және өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отырғандығы көрсетілді.
Осыған сүйеніп ҚазКСР-ы КСРО конституциясының 14-бабында көрсетілген құкықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғары өкімет органдары мсн мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп береді.
КСРО заңдары Казақстан территориясында міндетгі түрде қолдануга жатты. Қазақстан азаматы КСРО азаматы болып есептелді.
III тарау мемлекетгік окімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР-да өкімет билігінің жоғарғы органы — ҚазКСР-ның жоғарғы кеңесі болды. Бірден-бір заң шығаратын орган тек Жоғарғы Кеңес болды.Сессиялар арасында жұмысты Жоғарғы Кеңес сайлаған оның Президиумы жүргізді.
Мемлекеттік өкімет билігінің атқарушы және өкімші жоғарғы органы ҚазКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңссі болды. Бұл орган рсспубликаның үкімсті болып табылды.Мемлекеттік басқарудың салаларына халық комиссарлары басшылық етті.Нсгізгі заң жергілікті кеңестердің билігін, құрылысын, жұмыс тәртібі мен құқықгарын белгіледі.
Соғыстан кейін мемлсксттік құрылыс пен мемлекетті басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946 жылы 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-нің Министрлер Кеңссі, ҚазКСР-нің Халық комиссариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Кейбір министрліктердің саны 7 болды. Жаңадан онеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Министрліктердің өкілеттіктері артты. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды.
50-жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтсрі кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, онеркәсіп пен құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау және басшылық ету құқықтары артты.
1956 жылғы КОКП-ның XX сьезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс кезең болды. Сталинның жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50-жылдары жазықсыз атылған,қамалған азаматтардың үлкен тобы қайта ақталды.
50-жылдары одақтас республикалардың құқықгары артьш, егемендігі біршама кеңейді.
ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, т. б. ауыл шаруашылығына қатысты қүқықгары кеңсйді.
Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Ксңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың окілдері кіргсн экономикалық комиссия құрылды.
1958 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.
60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлскет басшысы Н.С.Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брежневтің келуімен байланысты.
1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндсгі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, сслолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікгі Кеңестердің атқару комитеттерінің қүрамына 20 мың адам кірді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелсне түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды. 1924 жылы Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария жоне Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жсрлері қайтарылды. Осы жылы Қарақалпақ автономиялы облысы да Қазақстан құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСР-і құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді.
ҚазКСР Конституциясы бойынша Қазақстанның шекарасы тек оның Жоғаргы Кеңесінің келісімімен ғана өзгсруге жатты. 1955 жылы 13 жслтоқсанда Жоғарғы Кеңес қаулысымен Батыс Қазақстан облысының Жәнібск ауданының жалпы көлсмі 7049 гектар оңтүстік болігі РКФСР-дің Астрахан облысының Владимир ауданына бсрілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70-жылдары Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ үйымдарымсн ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.ҚазКСР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі 1972 жылы 21 шілдеде қабылданды.
1959 жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды.
1971 жылы ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу, оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты.
1963 жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды.
Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура жәнс нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |