1-жүргізуші: Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ - Мұхтар Әуезов. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы “Абай жолы” романында жүзеге асты. Әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдік-эстетикалық игілік болып қосылған “Абай жолы” эпопеясының шығармашылық тарихында, жазушының ұстаханалық баянында бірнеше оқшау белгілі қасиет-сапа бар.
2-жүргізуші:9 сынып оқушыларының орындауында Мұхтар Әуезовтың «Қараш-Қараш» оқиғасынан үзіндіні тамашалыңыздар.
1 - жүргізуші: Осынша қазақ үшін дара тұлға туралы кемеңгерлердің, белгілі тұлғалардың өздері тебірене естелік айтыпты:
2 - жүргізуші: «Мұхтарды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»
Н. Ә. Назарбаев.
1-жүргізуші:«Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай» Ш. Айтматов.
2-жүргізуші: 10 «Б» сыныбының орындауында Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесінен үзінді.
1-жүргізуші: Жазушыға талай ақындар жүрек жарды, сүйікті жырларын арнаған. Мысалы: Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Әбдіраш Жарасқан «Тарих заңы», Мұхтар Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?».
2-жүргізуші: Бұл оқылған дүниелердің бәрі біз үшін құнды. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған, әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу - біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз.
1-жүргізуші: Алдарыңызда 10 сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзінді көрсетеді.
2-жүргізуші: Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. М.Әуезовтің құдiретi, оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну - мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады.
1-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Әуезовтың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 2-жүргізуші: Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!!!