Ұлттың ұлы ұстазы: А. Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал / Қмрбк құраст. А. Байжұманова. Алматы, 2003. 46 б



бет1/3
Дата19.05.2017
өлшемі0,69 Mb.
#16484
  1   2   3
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал / ҚМРБК Құраст. А.Байжұманова.- Алматы, 2003.- 46 б.

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толған мерейлі жыл.

Үкіметтің мерейтойларға байланысты қаулысына сәйкес 100, 125, 150, 175, 200 жылдықтар ғана тойлануға жатады. Осы қаулыға салсақ, Ахмет Байтұрсынұлының 130 жылдығы жаппай аталып өтілмейді. Алайда, кейінгі ұрпақ ұлы ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Оның бір ғана жолы- жыл сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау. Осыған байланысты С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы балалар оқуының жетекшілеріне арнап жазылған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты әдістемелік құралын назарларыңызға ұсынады.

Ұлттың ұлы ұстазы

Суреттеу кеші



Қатысушылар: өмірбаяншы, әдебиетші, көркемсөз оқушы

Залдың безендірілуі:

А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, мына эпиграф жазылған плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.



Әбіш Кекілбаев

Көркемсөз оқушы:

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынов
Өмірбаяншы /1/ : А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.

Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

Өмірбаяншы /2/: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Өмірбаяншы /3/: Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.

А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы…

Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.

Өмірбаяншы /1/: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

Көркемсөз оқушы:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап- сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?


Өмірбаяншы /2/ Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.

Көркем сөз оқушы: Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: “Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: “Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін бір қиссамыз бар”,- деп, қолына Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт “Тұтқындағы Байтұрсынның “Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/. Онда мынадай жолдар бар:

…Бағың жоқ көр соқырдың көзі алдында,

Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:

Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,

Аузына керек тас деп бір алды ма?

Өткірсің наркескеннің алмасындай,

Жүйріксің “полный ходтың” арбасындай.

Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,



Өзінің болмады деп қарғасындай…
Сұлтанмахмұттың осындай бағасынан кейін “Маса” жинағына қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай!

Өмірбаяншы /3/: Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.

Көркемсөз оқушы А. Байтұрсынұлы аудармаларынан бір мысал өлең оқиды.

Өмірбаяншы /2/: А. Байтұрсынұлына М. Әуезов былай баға берген: “Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың “рухани көсемі” .

Өмірбаяншы /3/: Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.

Өмірбаяншы /1/ : Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақыттта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: “Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен.

Өмірбаяншы /2/: Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

Өмірбаяншы /3/: 1909 ж. 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан- нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көреді

Көркемсөз оқушы: Абақтыда жатып құдай мен аруаққа сыйынған Ахмет Байтұрсынов:
… Я, құдайым! Аққа жақ!

Өзіңе аян- мен нақақ.

Мені ұстатып, айдатып,

Зығырданды қайнатып,

Масайрасып, мәз болып,

Қуанғанды өзің тап!…-


деп күйінсе де, осындай қиын ахуалда жеке бастың дұшпанын жазалауды арман тұтпай, жаратушыдан өзінің туған халқының болашағын нұрлы етуді жалынып сұрап былай деген еді:

…Аз күндікке алданып,

Аз нәрсеге жалданып,

Адасқанын алаштың



Түзу жолға түсір, хақ!
1909 жылы Семей түрмесінде жатып, қазақ халқының болашақ рухани көсемі, міне, осындай “тілек батасын” айтқан болатын.

Өмірбаяншы /1/: Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі- қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. “Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында “Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері қазақ АКСР- нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады.

Өмірбаяншы 1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясының жұмысына араласады, біршама адасушылық күй кешеді. Бірақ сол замандағы қым- қуат саяси күрестің арасынан нақ жолын тапқан ол кейіннен Совет қызметіне белсене араласты. Мемлекеттік қызметкер ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет үкіметінің басшыларының бірі болған А. Байтұрсынұлының басына бұлт үйіріліп, бағы таюы да өз халқының басына түскен ауыр күн, зұлматтармен астас болып келеді. Қазақстандағы бар билікті қолына алып, “Кіші октябрь” саясатын жүргізе бастаған Ф. И. Голощекиннің білек сыбана бір көрінген тұсы- ұйып келе жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді. 1929 жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға, әлбетте, “рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді.

Көркемсөз оқушы: Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі халдерін Ахаңның қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты: “Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап жатыр… Падрес апа жылап отыр екен… Содан соң: “Ой, Самырат, ағаңды НКВД алып кетті қара машинаға салып. “Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам, бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: “О дүниеге,- дейді.- Сұмдық- ай!”- деп сөйлеп жатыр… Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің үйіміздің жанында Заң институты бар еді…”

Өмірбаяншы / /: Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929- 1934 жылдары айдауда болған қуғын- сүргіннің жаңа толқынына ілігіп біржолата кете барды. Халықаралық Қызыл Крест арқылы М. Горькийдің әйелі Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей, 1934 жылы босанып, әуелі Батыс- Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады. Бірақ ол бостандық баянды болмай, 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді

Өмірбаяншы / /: Алайда мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын

Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,-

деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.



Ахмет атаның мысалдары


Байқау
А. Байтұрсыновтың портреті, балалардың мысал өлеңдерге салған суреттері, тапсырмалар салынған конверттер, сөзжұмбақ, мысал өлеңдердегі кейіпкерлердің аттары жазылған қағаздар, мысалдан үзінді, шығармаларының аттары жазылған үлестірмелі қағаздар, сандықша
Жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.

Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер- білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді.

Балалар, оқуға бар жатпа қарап,

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн сығалап,-

деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке оқуға шақырды. Осы мақсатта ол Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығады. Бұл жинақ “Замандастарыма” деген кіріспемен басталады. Онда Ахмет Байтұрсынов аударманың мән- мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.


Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе құлағына дүбір барып,

Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,

Жүргенде қамыт басып, қажып- талып.

Аудармалардағы әр түрлі аңдар түрлі адамдарды бейнелейді. Адамдардың мінезі, патша отаршыларының, байлардың зорлық- зомбылығын Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.

Бүгін біз Ахмет атамыздың мысалдары бойынша байқау өткіземіз. Байқау барысында сендерге түрлі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды алдымен орындаған балалар жетон алады. Байқау соңында кімнің жетоны көп болса, сол “Ахмет атамыздың мысалдарын ең көп білетін бала” болып танылады.



Байқау бағдарламасы:
Жүргізуші: Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.


Бұл үзінді қай шығармадан алынған?
Балалар: “Аққу, Шортан һәм Шаян”
Жүргізуші: Мына сөздерді кім айтты?
Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,

Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.

Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,

Естуге құмар болып өліп тұрмын.


Балалар: Түлкі. (“Қарға мен түлкі”)
Жүргізуші: “Әлін білмеген әлек” деген нақыл сөз қай мысалдағы кейіпкерге арналып айтылған?
Балалар: Бақаға арналып айтылған (“Өгіз бен бақа”)
Жүргізуші: “… Қораздан біразырақ күй үйренсең,

Сайрар мұнан гөрі де артығырақ”.-

деп бұлбұлға ақыл айтқан кім?
Балалар: Есек (“Есек пен Бұлбұл”)
Жүргізуші: Біздің байқауымыздың келесі тапсырмалары мына үстелдің үстіндегі конверттерге салынған.

Балалар оларды кезекпен алады, ал ішіндегі тапсырмаларды жүргізуші оқиды.


  1. конверт
Ақындар шықты сайысқа…“

Ахмет атаның өзіңе ұнайтын мысал өлеңін оқып бер.

2- конверт

Қарға мен Түлкі” мысалына қойылым көрсету.

Бұл тапсырмаға балалар алдын- ала дайындалып

келгендіктен баға қойылмайды.


3- конверт
Жас суретші” байқауы

Жүргізуші А. Байтұрсынов мысалдарына салынған суреттерді көрсетеді, ал балалар сол мысалдардың атын атайды.
4 конверт
Білгірлер” байқауы

Балалар мына сөзжұмбақты шешуі керек.

Осы сөзжұмбақты дұрыс шешкенде А. Байтұрсынов талантының бір қыры ашылады.







к







ө




т




қ

а

з










ы

ш




а

қ

і

қ

р

ы

р

қ

л

б

а

н

м

м

а

у

д

а

р

м

а

ш

ы

с




і

қ

ғ

о




ы

с

у




р

а

а

й

қ

ы




і







н




қ

к

а










қ


Сұрақтар:

  1. Ілгері жылжымайтын, талап ойлап талпынбайтын жұртты ақын қандай суға теңейді?

  2. Жегіліп жүк тартқан кейіпкерлердің бірі.

  3. Көзі нашар көріп, қартайған Маймылдың сатып алған құралы.

  4. “Өгіздей болам” деп суды іше беріп қарны жарылып өлген кейіпкер?

  5. Түлкінің мақтағанына алданып ірімшігінен айрылып қалған кейіпкер?

  6. “Төрткөзбен” дос болып, серт айтысқан төбеттің аты.

  7. Тамағына сүйек тұрып қалып қиналған қасқырға кім көмек көрсетеді?

  8. Көгершінді табалап отырып өзі торға түсіп қалған кім?

  9. Аңшылардан қашып ауылды сағалаған қасқыр кімнен ақыл сұрайды?


5 конверт
Ойлан, тап!”

Мына үлестірмелі қағаздарда мысал өлеңдердегі кейіпкерлердің аттары берілген. Олар кімдер?

- р - с - - н

е – е -

- а - - ы-



- а – қ- -

т - - н –

- ұ- б- л

-о - ы


қ- р – с –
6 конверт
Кім жылдам?”

1 минут ішінде балалар мысалдардағы өздері білетін кейіпкерлердің атын жазу керек.
7 конверт

Сандықша



Жүргізуші: Мына сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?

Балалар: Айна

Жүргізуші: Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.

Балалар: Көзілдірік

Жүргізуші: Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.

Балалар: Әмиян
Ойын бағдарламасы:

Жүргізуші: Енді байқауымыздың ойын бағдарламасына көшейік. Тапсырмаларды дұрыс орындағандарың үшін жетон алатындарыңды ұмытып кетпеңдер. Бірінші ойын “Адасу” деп аталады.


Мына өлең жолдарындағы ауысып кеткен сөздерді тап.
Жүк алды Бақа, Шортан, Аққу бір күн,

Жегіліп қалды үшеуі дүркін- дүркін.


Өтірік жақтағанға қарға еріп,

“Жарқ” етті пәрменінше жағын керіп.
Шошқаға сол уақытта көз айтады

Ағаштың басындағы қарға көріп.



Көшеде екі Бөшке келе жатты


Бірі тос, екеуінің бірі қатты.

Шыбынға Аю сатты ашуланды,

Көтеріп жерден әйдік бір жас алды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет