Ұлттың ұлы ұстазы: А. Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал / Қмрбк құраст. А. Байжұманова. Алматы, 2003. 46 б



бет3/3
Дата19.05.2017
өлшемі0,69 Mb.
#16484
1   2   3

Ахмет атаның мысалдары 10-16


Байқау
Қазақ санасының шамшырағы 17-22

Әдеби- тарихи конференция
Байтұрсынов әлемінде 22-28

Әдеби ойын
Әдеби қонақжай 29-38
Жыр-ескерткіш 39-41
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар 41-43

Пайдаланылған әдебиеттер 44-45

Құрастырған: Байжұманова А.М.

Редакторы: Раева С. Қ.

Қазақстанның С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасының ротопринтінде басылған.


Тапсырыс № таралымы дана Көлемі

« » 2003 жылы басуға берілді

Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де

сушылар: Кітапханашы; баяндамашы; жазушы; дос; жоғарғы сынып оқушылары; қыздар және балалар.

Безендіру Жазушының портреті; кітап көрмесі; «Қырық мысал»


Кітапханашы:

  • Балалар, сендер Ахмет Байтұрсыновтың “Қырық мысал” өлеңдер жинағын оқыған шығарсыздар. Сол өлең жинағын, автордың өмірбаяны жайлы м ен сендердің сөздеріңді естігім келеді. Жазушы жайлы әңгімелесейік. Бізде онымен жеке немесе хат арқылы сөйлесетін мүмкіндік бар деп есептейік. Бұған сендер не айтасыңдар ?


Жоғарғы сынып оқушылары:

Сәлеметсіз бе, Ахмет Байтұрсынов? Мен әлі күнге дейін сізге ұқсайтын адам кездестірмедім.


Сәлеметсіз бе, Ахмет аға. Меніңше екеуіміздің бір-бірімізге ұқсастығымыз бар.
Сәлеметсіз бе... Сіз менің бұл өмірде бар екенімді білмейсіз де, сезбейсіз де. Сіздің шығармаларыңыз қатты таңдандырды.
Сәлеметсіз бе, Ахмет Байтурсынов? Менің ойымша сіздей адам бұл әлемде жалғыз-ақ. Сіз өте мейірімді жансыз. Шығармаларыңыз өзіңізге ұқсас болып келеді.
Кітапханашы:

“Қырық мысалы” да үміт мол, талап жоқ ұйықтаған қауымның үстіне айнала ұшып, құлағына қоймастан ызыңдай келген. “Масасы” – да қазақ халқы жұрт қалпында ғұмыр шегуге

басқаларға теңелсе екен деген тұғырламалық тілегінен туындапты.

1909 жылы жарық көрген .



Баяндамашы:

Үлкен ағартушы, ірі ғалым лингвист, қоғам қайраткері, Сарытүбек деген жерде, қазіргі Торғай облысы , Жанкелдин ауданында 1873 жылы 25 январда туған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1895-1909 жылы Ақтөбе Қостанай және Қарқаралы уезіндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызымет атқарады.


Кітапханашы:

1913 жылдан бастап ” Қазақ”атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болды. Ол қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшін күрескен ”Алаш ” партиясы көсемдерінің бірі ретінде де белгілі. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін А.Байтұрсынұлы біраз уақыт алашордашылар қатарында қалды, ал 1919 жылы бірқатар ғалым- зиялылармен бірге Кеңес өкіметі жағына өтуге мәжбүр болды. Осы жылдың маусым айында Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитеттің мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жылы Халық ағарту комиссариатына қарасты ғылыми әдеби комиссияның төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланды. Бүкілресейлік Орталық ағарту комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті ” Ақжолда” еңбек етті. 1925-1929 жылы Қазақ халық ағарту институтында дәріс оқыды., сабақ берді.



Жазушы:

Мен-халық мұғалімімін. Оқуым көп емес, аз. Бірақ сол аз білімімді халық мақсаты үшін жұисағаным рас. Менің істеген аз хххысым сендердің де қолдарыңнан келеді. Мен де өздеріңдей адаммын!

-Бұл сөздерімен ол өзінің өте кішпейіл адам екенін көрсетті.
Жоғарғы сынып оқушылары:

Ахмет аға, менің өз басыңызға арнап айтатыным – қашан да болса халық үшін айтып жүрген , қайнамаса қайтпайтын қайратыңыз басқаларға үлгі болып , көргенде көңілімізді көтереді. Тура салған бағытыңыз алдағы сенімімізді семіртеді, ықтиярсыз жүрегімізді лүпілдетеді. Бұл сіздің жұмысыңыздың, жолыңыздың негізділігін, маңыздылығы, болашақ дәуірге де жарайтындығын көрсетеді.


Кітапханашы:

Ахаң, еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі- артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды.



Баяндамашы:


Бірінші рет жазушы ақ патшаға қарсы теріс пікір таратып жүр деген жаламен ұсталып, ол жаланы бірге істеген татар мұғалімдері жазыпты. 1907 жылы Қарқаралы абақтысында біраз отырып шығады. Бүл қаламгердің бірінші қамалған қараңғы үйі болатын. Семейге ауысқан кезінде көп ұзамай сол Семей губернаторыТройницкийдің шұғыл пәрменімен 1909 жылғы 1 шілдеде тұтқынға алынады. Сөйтсе, Байтұрсыновтың үстінен ақ патшаның Шыңғысов Тәттімбет бастаған жергілікті тыңшылары арыз түсірген. Ол арыз азамат басына екі үлкен айып төндіреді; бірінщі айып- Ахмет Байтұрсынов мемлекеттік бірінші думаның мүшесі, аса білімді саясаткер Әлихан Бөкейхановпен бас қосып, өкіметке қарсы жасырын ұйым құрып , теріс үгіт өрбітіп жүр дейді. Екінші айып- ол меңгеріп отырған училищеде бірде- бір орыс баласы жоқ, ол өзге отырықшы ұлттардың балаларын шеттетіп, тек қана қазақ балаларын оқыту керек деген көзқарас ұстап отыр дейді.

Байтұрсынов өз өмірінде 5 рет абақтыға отырған, 2 рет жер аударылған. Ақыр аяғында Алматы абақтысының жер асты подвалында атылып, қала маңына жасырын көмілген.


Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа не алар өлім менен.

Өлген күні апарып тығары көр,

Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.


Тән көмілер , көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,

Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін.


Әдебиеттер:
Бес арыс: Естеліктер,эсселер және зерттеу мақалалар.

Құраст. Д. Әлімханов. - Алматы. Жалын, 1992. – 544 бет.

Досжанов. Д

Абақты.Алматы; Қазақстан, 1992.- 228 бет.


Байтұрсынұлы. А.

Жоқтау.- Алматы: А. Байтұрсынов атындағы қор, 1993.- 96 бет.

Кәкішев. С.

Ақаң туралы ақиқат.- Алматы: Қазақстан,Шапағат, -1992.- 112 бет.



Безендіру: Кітап көрмесі, текстке қатысты иллюстрациялар, А.Байтұрсыновтың портреті.

Қатысушылар: жүргізуші, диктор (дауыстың магнитофондағы дыбысы), поездағы жолсерік қыз, ауылдық мұғалима, кітапханашы, оқушы(чтец), экскурсовод.



Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, бүгін кітапхана сіздерді аудармашы- ақын Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына әдеби саяхат жасауға шақырып отыр. Оның шығармашылығымен сендердің ата-аналарың, апа- аталарың жақсы таныс. Оның әңгімелерін, естеліктерін,мысалдарын оқымаған адам жоқ шығар. Балалар , біз ақынның балалық шағы мен жастық шағы өткен Торғай облысына саяхатқа шықтық деп есептейік. Міне, біз поезд вагонындамыз. Радионы қосып Байтұрсыновтың туған өлкесі туралы әңгіме тыңдайық. (Жүргізуші магнитофонды қосып Торғай өлкесі туралы айтылған әңгімені тыңдатады).

Диктор: Құрметті жолаушылар. Біздің поезд Қазақстан өлкесінің Торғай облысына келе жатыр. Бұл жақта әдемі пейзаж бар.

Жолсерік қыз: Құрметті жолаушылар,қайырлы таң! Қазір жол бойындағы станцияға тоқтаймыз. Оғанға дейін уақыт өткізу үшін « » деген кроссвордты шешейік.

Қатысушылар: Кітапханашы, жазушы, сынып оқушылары, баяндамашы.



Безендіру: Кітап көрмесі ( Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары), Жазушының портреті.
Кітапханашы: Балалар, сендер әдебиет сабағында Ахмет Байтұрсыновтың “Ақ жол” атты кітабын оқыған боларсыңдар. Сол кітап туралы және автордың өзі туралы мен сендердің өз пікірлеріңді білгім келеді. Егер сендер оны кездесуге шақырып, әңгімелесетін болсаңдар не айтар едіңдер. ( А. Байтұрсыновтың
1925 жыл. Қызылорда қаласы. Сол жылдары аттөбеліндей қазақ зиялылары Ахаңды арқа тұтып, ұлттық мәдениетіміздің Ахаң сынды мәуелі бәйтерегінің аясына келіп, бір мезет дамылдап, ой өрбітіп, бір марқайып қайтуды аңсап жүреді екен. Сондай жандардың бір тобы: Әліби Жангелдин, Міржақып Дулатов, Әміре Қашаубаев, Сәкен Сейфулллин, Иса Байзақов, Мұхтар Әуезов бүгін де Ахаңның төрін толтырып отыр.

Қай қонақ келсе де Ахаңның күй сандығын, қызыл қоңырлау скрипкасы мен домбырасын қызықтаудан жалықпайтын. Мұндай музыка аспаптары ол кезде тек қана Ахаң сияқты еуропаша тәлім- тәрбие көріп, білім алған заңғар жандардың ғана үйлерінен табылатын.

Әлкең де, Сәкен де, Мұхаң да бастары қосыла қалғанда, Ахаңа ән салдырып, күй тарттырмай қоймайтын- ды.

Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,

Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті.

Адамның өзім көрген абзалы екен,

Айтайын өлең қылып перизатты.

Ән аяқталғанда:



  • Аха, Іңкәр деген кім?- деп қиылға сұраған Мұхтарға:

  • Иә, айтсам айтайын, деп баяу үнмен сағынышты бір сырдың тиегін ағытып жүре берген- ді.

  • Семей түрмесінен елге оралғаннан кейін біраз күн аунап- қунап деп алған соң, ағайын- туыстарды бұдан әрі әуре- сарсаңға салмайын деп, дабырасыз таң сыз бере пар ат жеккен пәуескемен Орынборға бет алдым. таҢ шапағына малынған Аққұмның қойнауын, ақкөлдің айдынын қимай барамын. Ауылдан онша да ұзай қойғаным жоқ. Кенет, аттар осқырына құлақтарын қайшылап, жол жиегіне көз тікті. Мен де мойнымды созып, жол бойына қарасам, үстіне жамылғы жамылған бір адам жолымды кесіп өтуге асығып келеді екен. Ат айдаушы делбені қағып, аттарды қамшылай түсті. Бірақ, ол бізден бұрын үлгеріп, жолымызды қиып өтті де, арбаның артына жармасты. Ат айдаушы божыны тартып, аттарды тежеді. Бейтаныс жан бетіне жамылған жамылғыны ашып жіберді. Бір әсем сәуле маған жарқ ете түскендей болды. Аңтарылып қалдым. Қос бұрымы тірсегіне төгілген он бес- он алтыдағы үріп ауызға салардай уыздай жап- жас қыз күлімсіреп қарап тұр. Әлден кейін есімді жиып:

  • Қарағым, жолымды неге қиып өттің?- дедім.

  • Ахмет аға! “Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа” деген ғой. Оғаш қылығымды кешіре көріңіз. Сізбен қоштаса алмай қалам ба деп асықтым. Бұл сапардан аман- сау тезірек елге оралыңыз, аға”- деді.

  • Атың кім, айналайын?

  • Іңкәр,- деді де қыз бұрылып жүре берді… Менің жүрегім бүлк етіп қайта басылғандай болды. Іңкәр… Іңкәр! – деп есімін іштей қайталай беріппін. Осы бір көрініс түрменің шаңы басқан көкірегімді тазартып қана қоймай, жаныма сұлулықтың сәулесін құйғандай болды. Орынборға келгеннен кейін де сол қызды

Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де



сушылар: Кітапханашы; баяндамашы; жазушы; дос; жоғарғы сынып оқушылары; қыздар және балалар.

Безендіру Жазушының портреті; кітап көрмесі; «Қырық мысал»


Кітапханашы:

  • Балалар, сендер Ахмет Байтұрсыновтың “Қырық мысал” өлеңдер жинағын оқыған шығарсыздар. Сол өлең жинағын, автордың өмірбаяны жайлы м ен сендердің сөздеріңді естігім келеді. Жазушы жайлы әңгімелесейік. Бізде онымен жеке немесе хат арқылы сөйлесетін мүмкіндік бар деп есептейік. Бұған сендер не айтасыңдар ?


Жоғарғы сынып оқушылары:

Сәлеметсіз бе, Ахмет Байтұрсынов? Мен әлі күнге дейін сізге ұқсайтын адам кездестірмедім.


Сәлеметсіз бе, Ахмет аға. Меніңше екеуіміздің бір-бірімізге ұқсастығымыз бар.
Сәлеметсіз бе... Сіз менің бұл өмірде бар екенімді білмейсіз де, сезбейсіз де. Сіздің шығармаларыңыз қатты таңдандырды.
Сәлеметсіз бе, Ахмет Байтурсынов? Менің ойымша сіздей адам бұл әлемде жалғыз-ақ. Сіз өте мейірімді жансыз. Шығармаларыңыз өзіңізге ұқсас болып келеді.
Кітапханашы:

“Қырық мысалы” да үміт мол, талап жоқ ұйықтаған қауымның үстіне айнала ұшып, құлағына қоймастан ызыңдай келген. “Масасы” – да қазақ халқы жұрт қалпында ғұмыр шегуге

басқаларға теңелсе екен деген тұғырламалық тілегінен туындапты.

1909 жылы жарық көрген .



Баяндамашы:

Үлкен ағартушы, ірі ғалым лингвист, қоғам қайраткері, Сарытүбек деген жерде, қазіргі Торғай облысы , Жанкелдин ауданында 1873 жылы 25 январда туған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1895-1909 жылы Ақтөбе Қостанай және Қарқаралы уезіндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызымет атқарады.


Кітапханашы:

1913 жылдан бастап ” Қазақ”атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болды. Ол қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшін күрескен ”Алаш ” партиясы көсемдерінің бірі ретінде де белгілі. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін А.Байтұрсынұлы біраз уақыт алашордашылар қатарында қалды, ал 1919 жылы бірқатар ғалым- зиялылармен бірге Кеңес өкіметі жағына өтуге мәжбүр болды. Осы жылдың маусым айында Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитеттің мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жылы Халық ағарту комиссариатына қарасты ғылыми әдеби комиссияның төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланды. Бүкілресейлік Орталық ағарту комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті ” Ақжолда” еңбек етті. 1925-1929 жылы Қазақ халық ағарту институтында дәріс оқыды., сабақ берді.



Жазушы:

Мен-халық мұғалімімін. Оқуым көп емес, аз. Бірақ сол аз білімімді халық мақсаты үшін жұисағаным рас. Менің істеген аз хххысым сендердің де қолдарыңнан келеді. Мен де өздеріңдей адаммын!

-Бұл сөздерімен ол өзінің өте кішпейіл адам екенін көрсетті.
Жоғарғы сынып оқушылары:

Ахмет аға, менің өз басыңызға арнап айтатыным – қашан да болса халық үшін айтып жүрген , қайнамаса қайтпайтын қайратыңыз басқаларға үлгі болып , көргенде көңілімізді көтереді. Тура салған бағытыңыз алдағы сенімімізді семіртеді, ықтиярсыз жүрегімізді лүпілдетеді. Бұл сіздің жұмысыңыздың, жолыңыздың негізділігін, маңыздылығы, болашақ дәуірге де жарайтындығын көрсетеді.


Кітапханашы:

Ахаң, еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі- артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды.



Баяндамашы:


Бірінші рет жазушы ақ патшаға қарсы теріс пікір таратып жүр деген жаламен ұсталып, ол жаланы бірге істеген татар мұғалімдері жазыпты. 1907 жылы Қарқаралы абақтысында біраз отырып шығады. Бүл қаламгердің бірінші қамалған қараңғы үйі болатын. Семейге ауысқан кезінде көп ұзамай сол Семей губернаторыТройницкийдің шұғыл пәрменімен 1909 жылғы 1 шілдеде тұтқынға алынады. Сөйтсе, Байтұрсыновтың үстінен ақ патшаның Шыңғысов Тәттімбет бастаған жергілікті тыңшылары арыз түсірген. Ол арыз азамат басына екі үлкен айып төндіреді; бірінщі айып- Ахмет Байтұрсынов мемлекеттік бірінші думаның мүшесі, аса білімді саясаткер Әлихан Бөкейхановпен бас қосып, өкіметке қарсы жасырын ұйым құрып , теріс үгіт өрбітіп жүр дейді. Екінші айып- ол меңгеріп отырған училищеде бірде- бір орыс баласы жоқ, ол өзге отырықшы ұлттардың балаларын шеттетіп, тек қана қазақ балаларын оқыту керек деген көзқарас ұстап отыр дейді.

Байтұрсынов өз өмірінде 5 рет абақтыға отырған, 2 рет жер аударылған. Ақыр аяғында Алматы абақтысының жер асты подвалында атылып, қала маңына жасырын көмілген.


Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа не алар өлім менен.

Өлген күні апарып тығары көр,

Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.


Тән көмілер , көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,

Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін.


Әдебиеттер:
Бес арыс: Естеліктер,эсселер және зерттеу мақалалар.

Құраст. Д. Әлімханов. - Алматы. Жалын, 1992. – 544 бет.

Досжанов. Д

Абақты.Алматы; Қазақстан, 1992.- 228 бет.


Байтұрсынұлы. А.

Жоқтау.- Алматы: А. Байтұрсынов атындағы қор, 1993.- 96 бет.

Кәкішев. С.

Ақаң туралы ақиқат.- Алматы: Қазақстан,Шапағат, -1992.- 112 бет.



Безендіру: Кітап көрмесі, текстке қатысты иллюстрациялар, А.Байтұрсыновтың портреті.

Қатысушылар: жүргізуші, диктор (дауыстың магнитофондағы дыбысы), поездағы жолсерік қыз, ауылдық мұғалима, кітапханашы, оқушы(чтец), экскурсовод.



Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, бүгін кітапхана сіздерді аудармашы- ақын Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына әдеби саяхат жасауға шақырып отыр. Оның шығармашылығымен сендердің ата-аналарың, апа- аталарың жақсы таныс. Оның әңгімелерін, естеліктерін,мысалдарын оқымаған адам жоқ шығар. Балалар , біз ақынның балалық шағы мен жастық шағы өткен Торғай облысына саяхатқа шықтық деп есептейік. Міне, біз поезд вагонындамыз. Радионы қосып Байтұрсыновтың туған өлкесі туралы әңгіме тыңдайық. (Жүргізуші магнитофонды қосып Торғай өлкесі туралы айтылған әңгімені тыңдатады).

Диктор: Құрметті жолаушылар. Біздің поезд Қазақстан өлкесінің Торғай облысына келе жатыр. Бұл жақта әдемі пейзаж бар.

Жолсерік қыз: Құрметті жолаушылар,қайырлы таң! Қазір жол бойындағы станцияға тоқтаймыз. Оғанға дейін уақыт өткізу үшін « » деген кроссвордты шешейік.

Қатысушылар: Кітапханашы, жазушы, сынып оқушылары, баяндамашы.



Безендіру: Кітап көрмесі ( Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары), Жазушының портреті.
Кітапханашы: Балалар, сендер әдебиет сабағында Ахмет Байтұрсыновтың “Ақ жол” атты кітабын оқыған боларсыңдар. Сол кітап туралы және автордың өзі туралы мен сендердің өз пікірлеріңді білгім келеді. Егер сендер оны кездесуге шақырып, әңгімелесетін болсаңдар не айтар едіңдер. ( А. Байтұрсыновтың портретін көрсетеді)
Сынып оқушылары: ( Әркім өз қалаулары бойынша ретпен сұрақ тілектерін айтады)

  • Сәлеметсіз бе, Ахмет Байтұрсынов?

  • Сіздің қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға екеніңізді бүкіл қазақ жұрты біледі.

  • Сәлеметсіз бе? Мен сізбен жақсы танысып ақындық жолымды әрі қарай ұштағым келеді. Сондықтан сіздің уақытыңыз болса, аздап ақпарат алғым келеді.

  • Сәлеметсіз бе? Мен сіздің шығармаларыңызды өте сүйіп оқимын.


Кітапханашы: Ол ағартушы ғалым болу үшін елеулі еңбектер атқарып, мемлекет қайраткерлігіне жету үшін қиын да, күрделі жолдардан өткен.
Жазушы: “… Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нәрсесі жалғыз өлең емес. Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздердің бәрінде де Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңдерінен үздік артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кең болғандығы даусыз…”
Кітапханашы: Енді Ахмет Байтұрсыновтың еңбегіне, шығармаларына тоқталатын болсақ: қазақ балаларына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер. Автордың еңбектері өзінің қарапайымдылығы, ішкі мазмұны және көлемі жағынан қазақ әдебиеті жағынан алғашқы орынды алады.
Жазушы:

Ғылым.

“Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ,

Оқыған ол ғылымды көпір болмақ”.

Зулатып шариғатты шарт жүгініп,

Мөлденең отырғанда мойын толғап”


Баяндамашы: Ақын атамыз 1873 жылдың 25 қаңтарында Торғай уезінің болысында қарапайым шаруа семьясында туған. 1891 жылы Торғайдағы екі кластық орыс - қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынборға барып мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. Одан кейін 1896-1907 жылдары Ақтөбе Қостанай және болыстық мектептерде, екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Сөйтіп жүріп алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, халықтың көркем сөз мұрасын жинау, зерттеу ісін жасады, мақала жазды. 1911 жылы Орынборда “Маса” атты өлеңдер және аударма мысалдар жинағы басылды. 1913 жылдан бастап “Қазақ” атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйек айына дейін оның редакторы болып жұмыс істейді. “Алаш” партиясы көсемдерінің бірі.
Кітапханашы: Құрметті балалар, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына әдеби саяхат жасап көрелік. Оның шығармашылығымен сендердің ата-аналарың таныс. Біздің бүкіл әлем оның естеліктерін, өлеңдерін, әңгімелерін оқыды. (А.Байтұрсыновтың портретін көрсетеді)
Кітапханашы: Балалар, біз сендермен ақынның балалық шағы мен жастық шағы өткен жерге саяхатқа шықтық деп ойлап көрейік. Міне, біз поезд вагонындамыз. Радионы қосып ақынның шығармашылығы туралы әңгіме тыңдайық. ( Кітапханашы магнитофон қосады)
Диктор: Құрметті жолаушылар, қайырлы таң ! Біздің поезд Қазақстан территориясының Торғай облысына бара жатыр. Аз уақыттан кейін керекті жерімізге жетеміз. Біз кәзір А. Байтұрсынов туралы құрастырылған крассворд шешіп көрейік (кроссворд сызылған ватман алынады )
Кітапханашы: Рахмет! Қәзір біз балалармен бірге бұл кроссвордты шешіп көреміз (балалар кроссвордты шешеді).
Жазушы: “Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Өз алдында ел болуға, өз тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз”
Кітапханашы: Балалар, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы - оның ақындық аудармашылық еңбегі. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай, Ыбырай шығармаларын, орыс әдебиетін оқыды. Ақынның өлеңдер топтамасы “Маса” деген атпен Орынборда 1911жылы басылған жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Сонымен, балалар енді бір сәт А. Байтұрсыновқа арнап, газетте жарияланған талапкер шәкірттердің өлеңдерінен оқып беріңдерші.


Сынып оқушылары:

Тұңғиық терең ғұлама,

Мұңыңды ұрпақ ұға ма ?

Ғылымның шамын жаққан,

Сөндірмей жүрші ұлы ағам !
Бостандықты аңсаған,

Тәуелсіздікке жол салған.

Жас ұрпаққа ұсынып,

Әліппені жасаған.


Өсе берсін мерейің,

Көркейгеніңді көрейін.

Ұмытпас сені ұрпағың,

Есінде сақтар өз елің.



Бір кезде сары маса боп оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, біз де сөзін оқып, сүйсінеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет