Ўлттыќ ќолданбалы ќолґнері негізінде болашаќ мўєалімніѕ кґркемдік ќўзіреттілігін ќалыптастыру



бет17/33
Дата22.12.2021
өлшемі303,5 Kb.
#127746
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері
СРС БУБТ, қмж, қмж, қмж
Орта көрсеткіш

5,4

10,9

19,7

20,7

34,4

44,3

74,0

54,7

36,0



2 сурет – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі (компоненттер бойынша)

6 кесте – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі (%)




жоғары деңгей

орта деңгей

төмен деңгей

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

5,4

10,9

19,7

20,7

34,4

44,3

74,0

54,7

36,0



3 сурет – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі

Эксперименттік жұмыс нәтижелерінен көрінген өсу динамикасы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі мақсатты түрде рет-ретімен қалыптастырылған жағдайда студенттердің теориялық білімдерді игеруі мен олардың педагогикалық іскерліктерді қалыптастыруында жүйелілік, толыққандылық және саналылық қамтамасыз етіледі деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді (7- кесте және 4- сурет).

.

7 кесте – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасқан деңгейлері (компоненттер бойынша көрсеткіштер)




 

жоғары деңгей ()

орта деңгей ()

төмен деңгей ()

 

БЖ

ЭТ

БТ

БЖ

ЭТ

БТ

БЖ

ЭТ

БТ

Білімділік компонент

6,9

21,2

7,6

29,4

52,2

33,3

63,7

26,6

59,1

Іс-әрекеттік компонент

10,8

31,3

11,3

41,3

53,1

41,1

47,9

15,6

47,6

Тұлғалық компонент

6,1

20,4

6,4

20,6

56,9

21,4

73,3

22,7

72,2

Орта көрсеткіш

7,9

24,3

8,4

30,4

54,1

31,9

61,6

21,6

59,6




4 сурет – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасқан деңгейлері (компоненттер бойынша салыстырмалы көрсеткіштер)

Жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдау барысында анықталған, яғни болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістеменің оңтайлығы Пирсонның корреляциялық коэффициенті (r=0,96) шамасы, зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдейді.


Қорытынды
Жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибені, ғасырларды қамтитын мәдени дәстүрлерді ескере отырып, білім мазмұнының жаңаруы болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісіне де жаңа талаптар қоюда, өйткені оқушыларды халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеудің қаншалықты дәрежеде тиімді болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттеріне, оның теориялық және тәжірибелік даярлығының деңгейіне тікелей қатысты. Осыған орай, болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіретттілігін қалыптастыру педагогика теориясы мен тәжірибесі үшін айрықша маңыз иеленеді.

Қоғамдағы және білім берудің қазіргі жүйесіндегі жоғары деңгейлі кәсіби-көркемдік құзіреттілікке ие мұғалімге деген объективті қажеттілік пен бұл тұрғыдағы ғылыми негізделген ұсыныстардың болмауы арасындағы қайшылық болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізделуі мен сыннан өткізілуі қажеттігін анықтады.

Айқындалған проблеманың теориялық талдануы мен осы бағыттағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1) болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың мәнін анықтаудағы бастапқы ғылыми-теориялық айқындамалар төмендегідей қағидалар болып табылады:



  • біздің зерттеуіміздің шешуші ұғымдары жүйесіндегі негізгі орынды толыққанды мән-маңызы мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық тұрғыдан келгенде ғана анықталатын «педагогикалық құзіреттілік», «педагогикалық құзірет», «біліктілік», «кәсібилік», «кәсіби-көркемдік құзіреттілік», «этномәдени құндылықтар» ұғымдары иеленеді, өйткені олардың мазмұндарын біріктіретін және анықтамаларын негіздейтін басты идеялар «кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттер», сондай-ақ, «білімдер», «іскерліктер», «дағдылар» ұғымдары болып табылады;

  • осы негіздегі ғылыми талдау барысында біз «болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі дегеніміз – тиісті білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибені көп ұлтты ортада білім беру жағдайындағы кәсіби әрекетте іске асыруға ықпал ететін кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттердің өзара ұштасқан жиынтығы» деген тұжырымға келдік;

2) болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі педагогикалық үдеріс субъектілерінің өздерінде этномәдени құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған үйлесімді әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажет.

3) болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің жоғары деңгейі өздігінен қалыптаса қалмайды және кәсіби даярлық үдерісін мақсатты түрде ұйымдастыруды талап етеді. Бұл үдеріс барысында:



  • студенттерде таңдалған мамандыққа қызығушылықтарының артуы, кәсіби-көркемдік әрекетке оң көзқарастың жетілуі, этнопедагогикалық білімнің әлеуметтік маңыздылығын қажетсінуі және саналы түрде түсінуі негізінде болашақ мұғалімдер ретіндегі кәсіби-этикалық бағыттылық қалыптасуы керек;

  • педагогика және этнопедагогика негіздерінен жалпы теориялық білімдер, кәсіби-көркемдік әрекетті ұйымдастыру жолдары мен түрлері, әдістері мен құралдары қалыптасуы керек;

  • жалпы теориялық білімдерді этномәдени және кәсіби-көркемдік білім беру аясына кіріктіру; мәдениетке сәйкестік, табиғатқа сәйкестік, халықтық ұстанымдарын басшылыққа алу; педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда құндылық қарым-қатынастарға бағдар ұстану; оқытылатын пән мазмұнында кәсіби-көркемдік білімдерді қолдану іскерліктерін игеруге қалыптасуы керек;

4) зерттеліп отырған құбылысты қалыптастырудың біз әзірлеген үлгісі, оның нәтижелерін өлшеуге ұсынған жүйе, сондай-ақ, жоғары мектептегі кәсіби даярлық мүмкіндіктеріне жасалған талдау болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесін негіздеуге мүмкіндік берді;

5) біздің тарапымыздан әзірленген әдістемені сынақтан өткізу нәтижесі студенттермен бірінші курстан бастап мақсатты түрде жүйелі жұмыс жүргізу, оқытуда кәсіби-көркемдік құзіреттілікті қалыптастыруға бағыт ұстану, оқу пәндерін оқып-үйренуде пәнаралық байланыстарды іске асыру қажеттігін көрсетті;

6) біз ұсынған әдістемені енгізу және сынақтан өткізу қорытындылары болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасу деңгейі зерттеліп отырған құбылыстың тұлғалық, танымдық және амал-әрекеттік компоненттерінің қалыптасу деңгейлеріне қатысты деп түйін жасауға мүмкіндік береді;

7) әдістеменің тиімділігін тексеруге бағытталған эксперименттік жұмыс кәсіби-көркемдік құзіреттілікті қалыптастыру үшін барынша қолайлы алғышарттар педагогикалық іс-тәжірибе алдындағы қорытындылаушы кезеңде жүргізілген «Айшықты ши тоқу өнері және оның педагогикалық маңызы» аталатын арнайы курсты оқып-үйрену үдерісінде жасалғанын көрсетті.



Дәйектелген тұжырымдар төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  • гуманистік педагогика идеяларын білім беру тәжірибесінде табысты іске асыру үшін болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін мақсатты түрде қалыптастыруды жоғары оқу орындарында ұйымдастыру керек;

  • болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың өзара байланысты төрт кезеңнен тұратын әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері анық тиянақтағандықтан, бұл әдістемені жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісінде қолдану керек;

  • студенттерге арналған «Айшықты ши тоқу өнері және оның педагогикалық маңызы» арнайы курсын және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған «Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» арнайы семинарын кеңінен қолдану керек;

  • болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған толықтыруларды психологиялық-педагогикалық пәндердің оқу бағдарламаларында пайдалану керек;

  • болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығында педагогикалық үдерістің барлық субъектілерінің шығармашылық әлуетін дамытуға ықпал ететін оқытудың интерактивті әдістерін тәжірибеге кеңінен енгізу керек;

  • болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында әзірленген әдістемені, сондай-ақ, диссертациялық зерттеу барысында қол жеткізілген өзге де ғылыми нәтижелерді мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарының жұмыс тәжірибесінде, сонымен бірге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінде қолдануға мүмкіндік бар.

Біздің тарапымыздан жүргізілген зерттеу қарастырылып отырған проблеманың барлық қырларын түбегейлі шешуді діттемегендіктен, бұл бағыттағы алдағы ізденіс жұмыстары біліктілік арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру проблемасына, аталған құбылысты әлеуметтік жұмыспен байланыстыра зерделеуге, мамандарды кәсіби-көркемдік әрекетке даярлайтын кәсіби білім берудің барлық буындарындағы сабақтастық мәселесіне бағытталған зерттеулерде жалғасын табуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет