Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі ғалымдардың қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата12.09.2022
өлшемі296,73 Kb.
#149319
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маханбетова Мерей 6 СӨЖ морфология
философия сож
Екен 
сөйлеп тұрған кезде, оған дейін белгісіз нәрсеге жағымды әсер 
береді. Мысалы: барады екен, көрсем екен. Екеннің болымсыз түрін 
емес
етістігі деп таныған.

Болуу 
етістігі -б тұлғалы көсемшемен тіркескенде аяқталған қимылды 
білдіреді: жеп болдым. Ал -ған формасын жалғағанда алдамшы әрекетті 
білдіреді. Мысалы: ұйықтаған болыб жатыр. Болымсыз түрі – көрмеген 


болыб, қарамақсыған болыб, есітпегенсіген болыб. Яғни, болуу етістігі 
болатын немесе болмайтын, мүмкін емес қимылды білдіреді.
Зерттеуші «Сложные идеи в глаголе, выражаемая у нас придаваемыми к 
глаголу предлогами, киргизском языке выражаются сопоставлением 
нескольких глаголов» дей келе, кейбір етістіктер лексикалық мағыналарын 
сақтап қалатынын, ал кейбіреулері өз мағынасынан айырылып, басқа 
ерекше мағынаға ие болатынын айтады. Мұндай етістіктерді көмекші 
етістіктер қатарына жатқызады. Олар: тұруу, жатуу, отыруу, жүруу, қалуу, 
алуу, тастау, кетүу.
Тұруу
етістігін ғалым бұйрық райда барлық жақ бойынша -а тұлғалы 
көсемшемен тіркесіп, екінші қимыл аяқталғанға дейінгі уақытты білдіреді 
деген анықтама береді. Сонымен қатар, осы көсемшелі тұлғаға есімшенің 
қосымшасы жалғанып, үздіксіз қимыл-әрекетті білдіреді деп, мынадай 
мысал келтіреді: «қазақтың күн көре туғуны мал». Тұрұп көсемшесі 
етістіктің «осы» көсемшесімен тіркесіп, орындалған, бірақ қаламайтын 
қимылды білдіреді: біліб тұрұб айтпайды.
Жатуу, тұруу, отуруу, жүруу
қимыл етістіктері жатыр,тұр, отыр, жүр 
тұлғасында дәл қазір жасалған әрекетті білдіреді. 
«Осы төрт етістіктен 
басқа ешқандай етістік мұндай фомаға ие емес»
дейді. Көсемшелі тұлғаға 
осы аталған төрт етістіктің бірі жалғанып, нақ осы шақты көрсететіндігін 
айтады: ұйықтаб атыр, біліб тұрмын, түсүнүб отыр екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет