Ұлттың тобырдан ерекшелігі де – рухани құрылым екендігінде. Ел болу – ортақ мақсатқа жұмылған, ұлт мүддесі үшін өз «менін» «құрбанға»


Ұлт дегеніміз – рухани бірлік, адами ерліктің нәтижесі



бет2/4
Дата20.12.2021
өлшемі20,19 Kb.
#104161
1   2   3   4
Байланысты:
Ұлт-тұлға қалыптастырушы орта

Ұлт дегеніміз – рухани бірлік, адами ерліктің нәтижесі. Әр адамның рухани жетілу дәрежесі секілді, әр ұлттың да кемелдену сатылары болады; өтер өткел, кешер тайғақтары болады. Ұлттық сана-сезімнің  тобырлық-топтық, қандық-туыстық деңгейінен рухани-туыстық, саналы бірлік дәрежесіне дейін өсуі – үздіксіз жүретін үрдіс. «Халық» – Алла Тағаланың бір есімі екенін, мағынасы «жаратушы» екенін еске түсірсек, халық немесе ұлт дегеніміз  Адам қалыптастырушы рухани орта болып шығады. Осы бір ұлы миссиясын ұмытқан ұлт – жойылуға бет алған ұлт.  Ол, тіпті, экономикасы дүрілдеп, басқалар сесінен дірілдеп тұрған мемлекет болса да. Рухани мәнінен айырылған ұлт – өзегін құрт жеген ағаш секілді...

«Домалақ бастының бәрі адам бола бермейді» деген аталарымыз  мақтанышпен айтылып, бас әріппен жазылатын Адам тәрбиелеу ісін – «мәселелердің мәселесі» деп білген. Сондықтан жұрт болып  жұмылып, ұлт болып ұйысып, намысты ұл, абыройлы қыз тәрбиелеудің мектебін қалыптастырған: бүкіл тұрмыс-тіршілігін осы ұлы Мақсаттың төңірегіне топтастырып жүйелеп, Пайғамбарлар салған сара Жолды, даңғыл Дәстүрді жалғастырып, жаңғыртып отырған. (Біз «дәстүр» деп шариғатқа қайшы келмейтін қағидаттарды, тәрбиелік мәні бар тамырлы салт-жоралғыларды, Хақ діннің негізінде саналы түрде қалыптастырылған жол-жүйені айтып отырмыз) Сол себепті «Дәстүрің - дәрменің, салтың - санаң, ғұрпың - ғұмырың» деп ескертіп, «Антын бұзған – ер оңбайды, салтын бұзған ел сорлайды» деп сақтандырған.

 Адамның кемелденуі – мәңгілік құндылықтарды бойына жиған, тірлік кешудің белгілі бір мәдени жүйесін қалыптастырған, ұлы дәстүрін жалғастырушы Ұлттың ішінде, қасиетінен айырылмаған Халықтың арасында ғана мүмкін болады. Өйткені, адамның күні – адаммен. Яғни, ұлт – адамның нақты өмір сүру формасы, оны қалыптастыратын қалыбы. Шыққан тегіңді құрметтеу, өз ұлтыңның бет-бейнесі мен қадір-қасиетін сақтау - адами  парыз екеніне түпкілікті дәлел-қасиетті Құран Кәрімдегі: «Біз сендерді бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттар мен ұлыстарға бөліп жараттық...» деген мағынадағы аят («Хужурат» сүресі, 13-аят).

«Мен кіммін?» деген басты сұраққа жауап беру барысында әр адам – ұлттық бірегейлену (идентификация) мәселесіне соқпай кете алмайды: өзінің «менін» тану үшін, ұлттық «менін» де  тануға, түсінуге тиіс болады. Ал ұлттық «менді» тану  – түп-тамырыңды тану, Тәңірлік бастаудан нәр алған түбірлі қасиеттермен, қаныңа сіңген құндылықтармен қауышу деген сөз; сол арқылы бойыңа қуат жинап, бүгінгі күннің талабы мен сынағына қажыр көрсету әрі ұлтыңның ұлы мақсатына сай ғұмыр кешу, өз өміріңнің мәнін тауып, мағынасын арттыру деген сөз. Ұлтыңа ұл болу жеке бастың пенделігінен, отбасылық тұйықтықтан, әулеттік мақтаннан, рулық-жүздік жіктелуден жоғары көтеріле алғанда ғана, әр қандасыңа мейірім мен әділет тұрғысынан қарай алған кезде ғана мүмкін  болады. Ұлтыңа ұл болу – өз еліңнің есеюі жолында тер төгу, міндетсімей жүк арқалау деген сөз, «әр адам – менің бауырым, әр қазақ - менің жалғызым!» деп күн кешу деген сөз. Бір сөзбен айтсақ, ұлтыңа ұл болу - Жаратқанға құл болу деген сөз. Өйткені, хақ дін Исламның талабы да – осы...

Ұлтты қалыптастыратын һәм сақтайтын ерекшеліктер мен негіздер мыналар:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет