Тілі – тек құбылыстар мен заттарға ат қою арқылы түсінісетін қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл – сол халықтың дүниетанымы, санасы, жаны...
Діні – осы ұлттың өмірлік қағидасын орнықтырушы, мәдениетін қалыптастырушы, құндылықтар жүйесін реттеуші, халықтың қан тамырына құнар құюшы, арман мен мақсатын айқындаушы қуат-сенімі...
Салт-дәстүрі– мыңдаған жылдардың сүзгісінен өткен, сол халықтың сана-сезімінің, өміртанымының, яғни ішкі мазмұнының сыртқы көрінісі, қарым–қатынас қалыбы...
Өнері – өмірді қабылдау, түйсіну мен сүйсіну, жеткізу тәсілі; құлшылық-шүкіршілігінің бір түрі; ақиқат пен әсемдіктің, сыр мен сұлулықтың үйлесу формасы...
Достарыңызбен бөлісу: |