Қаралы хабарды хабарлауда, қарапайым, айқын сөздер мен ұғымдарды қолданыңыз.
Шындықты көлеңкелейтін «ісік», «өсу», «метастаза» сөздерінен аулақ болыңыз (егер пациентте ісік болса, осы сөзді қолданыңыз).
Болжам жасаудан аулақ болыңыз.
«Ештеңе істеу мүмкін емес», «мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым», «бұл соңы» деген сөйлемдерден аулақ болыңыз.
Медициналық және ғылыми терминдерден барынша аулақ болыңыз.
Паразит сөздерден аулақ болыңыз.
Пациентке ақпаратты жеткізу үшін барлық мүмкін болар, қолдағы бар құралдарды қолданыңыз (маркер тақтасы, алуан түрлі иллюстрациялар, стендтер және т.б.).
Ақпаратты бөлшектеп жеткізіңіз, содан кейін пациенттің мәліметті қалай түсінгенін тексеріңіз.