М. А. Асимов, Д. Х. Дощанов қаралы хабарды жеткізу



бет25/35
Дата09.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#134874
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)
Документ, 1-115 сұрақтар, 1-115 сұрақтар, С.Т.Шалов
Дәрігер: «Бұл оңай емес», «Иә, бұл өте ауыр», «Бұл өте жағымсыз», «Айтыңызшы, сіз үшін қазір ең ауыр болып тұрған қай жағдай?», «Сөйлеуге тырысыңыз», «Мен сізге оңай еместігін түсінемін, бірақ мен үшін сіздің менімен сөйлескеніңіз маңызды» және т.б.


Сонымен бірге, жанында еш жақыны жоқ пациенттен қаралы жаңалықты естігеннен кейін, қандай жақынының бар екенін, кімді шақыру керектігін сұрау керек.



10-сурет. Эмоционалды қолдау


Сурет 11. Эмоционалды қолдау


Дәрігер: «Мен сізге ауыр екенін көріп тұрмын», «Мен сіздің қайғыңызды түсінемін», «Әрине, сіздің ашуыңыз белгілі, сонда да болса, біздің әңгімемізді тоқтатпағанымыз өте маңызды», «Мен мұның сіз үшін соққы екенін біліп отырмын», «Мен сіздің дәрігеріңіз болып қала беретінімді және сізбен осы дертті емдеуге байланысты ары қарай жұмыс істейтінімді білгеніңізді қалаймын».

Бірқатар пациенттер өздерінің ашуларын дәрігерге бағыттайды.




Пациент: «Сіз барлығын қайтадан тексеруіңіз қажет. Сіздер, дәрігерлер, әрдайым қателік жасайсыздар!» немесе «Мен үнемі сізге тексерілу үшін келіп жүрдім, сіз мұны неге бұрынырақ анықтамадыңыз?».

Қорғаныс позасына тұрудың орнына, дәрігер осы жағдайда көпшілік адамдардың өздерін алданған және ашулы сезінетіндерін мойындауы керек. Мұнда дәрігердің емес, аурудың ауыр продлема болып қабылданатынын атап өту маңызды, дәрігер пациентпен осы мәселені шешу үшін ынтымақтастықта болуы керек.


Өте ригидті немесе шамадан тыс абдыраған пациенттердің күйзелісінің қаншалықты ауыр екенін бағалау қиын. Олар өздерінің қайғысын оқшауланған түрде көрсетуі мүмкін немесе басқа адамдармен, мысалы досымен немесе туыстарымен, өзінің сезімдерін дәрігермен бөлісудің алдында сөйлескісі келуі мүмкін.


Дәрігер: «Мен бұған сенудің қиын екендігін білемін. Сіз барлығын кейінірек сезінуіңіз мүмкін, бірақ менімен сөйлескеніңізді және сізбен бірге екенімді білгеніңізді қалаймын. Мен әрдайым сізді тыңдауға және барлық күш-қуатымды жұмсап, сізге көмек беруге дайынмын».
***ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Ригидтілік (латын тілінен. rigidus – қатаң, мықты, берік) – қатаңдық, беріктік, шымырлылық, икемді болмаушылық. Физиологияда – анатомиялық құрылымдар тонусының және олардың деформациялауға қарсы тұруының күрт артуы. Психологияда - жаңа ситуациялық талаптарға сәйкес, әрекет ету бағдарламасындағы өзгерістерге дайын болмаушылық. Когнитивті, мотивациялық және аффектілі ригидтілік деп ажыратылады.


Когнитивті ригидтілік  - әлемнің ескі бейнесіне қарама-қайшы келетін, қосымша ақпаратты алуда, қоршаған әлемнің жаңа тұжырымдамалы бейнесін құруға дайын болмаушылық.


Мотивациялық ригидтілік – қалыптасқан қажеттіліктерден және олардың қанағаттандырудың әдеттегі тәсілдерінен бас тартуға немесе жаңа мотивтерді қабылдауға дайын болмаушылық. Бұл аса құнды идеяларды құруда көрініс табуы мүмкін.


Аффектілі ригидтілік – белгілі оқиғаларды аффектілі реакциялармен байланыстыруда өзгерістерге дайын болмаушылық. Эмоционалды үйретудегі қиындықтарда, объектілерге шамадан тыс шоғырлануда және эмоционалды бағалаудың тұрақтылығында, сонымен бірге аса құнды идеяларды құруда көрініс табады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет