М. А. Асимов, Д. Х. Дощанов қаралы хабарды жеткізу


ПАЦИЕНТТІҢ ӘРІ ҚАРАЙҒЫ ӘРЕКЕТІН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ



бет26/35
Дата09.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#134874
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)
Документ, 1-115 сұрақтар, 1-115 сұрақтар, С.Т.Шалов
ПАЦИЕНТТІҢ ӘРІ ҚАРАЙҒЫ ӘРЕКЕТІН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ (12-сурет, 13-сурет, 14-сурет)

Қаралы хабарды жеткізгеннен кейін, коммуникацияның тиімді көрсеткіші ретінде, пациентпен әрі қарайғы әрекеттің жоспарын бірлесіп талқылау және құру өте маңызды. Бұл келесі сұрақтарды қамтиды: бұл жаңалықты тағы кім білуі керек, ол қандай көмек алғысы келеді, дәрігердің тарапынан емдеудің үздіксіздігі және тұрақты қарым-қатынас туралы сенім, сонымен бірге, қажеттілігіне қарай басқа мамандардың кеңестері. Дәрігердің пациентпен коммуникациясын жақсарту үшін, пациенттен келесі кездесуге, өзінің және отбасының қандай сұрақтар мен мәселелерді талқылағысы келетінін жазып келуін сұрауға болады.


Бірқатар пациенттерде мазасыздану деңгейі күшейіп, ұйқысыздық немесе жабырқау, еңсесінің түсуі пайда болуы мүмкін. Осы тұста пациенттерге өздерін жақсы сезіну үшін, жақсы ұйықтау үшін, қаралы хабарды естігеннен кейін көңіл-күйдегі жағымсыздықпен не істеу керектігін айту қажет. Жауап қайтарудың аса ауыр формасында (депрессия және суицидтік ойлар), психотерапевтің және психиатрдың кеңесі ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет