«ҚАРАЛЫ ХАБАР»
ЖӘНЕ «ЖАҒЫМСЫЗ ХАБАР».
ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАР ЖӘНЕ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
_____________________________________________________
Құрылымы қиынырақ, жүргізілуі қауіптірек , ал жетістігі күмәнді іс болса, ескі тәртіпті жаңамен алмастыру одан да қиын болады…
Макиавелли
«Қаралы хабар» және «жағымсыз хабар» ұғымдары қүнделікті өмірде және медицина саласында коммуникативтік дағдыларды оқытуды енгізгенге дейін ажыратылып қарастырылмады және теңдестерілген ұғымдар ретінде түсіндірілді. Коммуникативтік дағдылар кез келген коммуникативті араласуға бағдарланған пән ретінде, қажетті психотерапевтік әрекет ретінде, осы мақсатқа жетудің әрбір сөздік (вербалды) емес әрекетіне және әрбір сөйлемге үлкен мән береді.
«Қаралы хабардың» «жағымсыз хабардан» айырмашылығы неде?
Қаралы хабар – бұл дәрігердің мәлімдейтін хабарлары:
Қайтымды процесі бар ауыр дерттер туралы жаңалық (мысалы, құрт ауруы, сифилис, кома жағдайы, алуан түрлі этиологиялық ісіктер және т.б.).
Асқынған аурулар – қайта айналмайтын процестер туралы (метастазасы бар кеселді ісіктер, бауыр циррозы, ВИЧ-СПИД, ақ қан ауруы және т.б.).
Ауыр салдары бар жазылмайтын аурулар туралы – қайта айналмайтын процесстер (бас мидың органикалық және психикалық аурулары: эпилепсия, шизофрения; эндокриндік аурулар – қант диабеті, генетикалық аурулар – Даун ауруы және т.б.).
Туыстарға науқастың өлімі жайлы болған тікелей хабарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |