М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет6/85
Дата19.03.2022
өлшемі2,35 Mb.
#136074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Даулетова-Н. (16)

Математикалық сауаттылығы
– білім алушының әртүрлі жағдайда, өзі 
өмір сүріп жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсіну, жасампаз
мүдделі және ойшыл азаматқа тән дәйектелген математикалық пікір айту және 
математиканы қазіргі таңда, болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін 
қолдана алу қабілеті. 
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – 
білім алушының нақты 
жағдайларда ғылыми әдіс көмегімен шешілетін, зерттелетін проблемаларды 
анықтау үшін, тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін 
жаратылыстану білімін қолдану қабілеті.
PISA зерттеуі үшжылдық кезеңмен 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Әр 
кезеңде үш бағыттың біреуі анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жасау үшін негізгі 
болып анықталады. Негізгі бағыт бойынша тестілік тапсырмалар барлық 
тапсырмалардың тең жартысын құрауы мүмкін. Назарды кезеңдік ауысымы әр 
тоғыз жыл сайын бағыттың біреуіне жан-жақты талдау жасап, өзгерістердің 



үдерісін анықтауға мүмкіндік береді. 2000, 2009, 2018 жылдары оқу 
сауаттылығы, 2003, 2012 жылдары математикалық сауаттылық, 2006, 2015 
жылдары жаратылыстану сауаттылық зерттеудің негізгі бағыты болып 
анықталды.
Еліміз, Қазақстан, PISA-2018 зерттеудің жетінші кезеңі, «оқу сауаттылығы» 
екінші рет бағаланды. Осылайша, PISA-2009-бен салыстыра отырып, оқу 
сауаттылығы бойынша білімнің тоғыз жыл бойы үдерістерін анықтау мүмкіндігі 
берілді (1-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет