Болмысты Хайдеггердің өзі қалай түсінеді?
Болмыс ұмытылған соң, енді оны әңгіме ету үшін оған ой бастайтын жолды тазалау қажет, сонымен қатар, ол жайлы сөйлейтін тілдің де жолын ашқан жөн. Сол себепті, Хайдеггердің тілі аса күрделі. Жеңіл емес, қозғауға, орнын ауыстыруға қиын, ауыр, ұзын сөйлем құрылымдарының ұзақтығы сондай, аяқтап келе жатқана, басы қалай басталғанын ұмытып та қаласың. Хайдеггердің өзі, түсінуге өте ауыр ыңғайсыз тілі жайлы пайымдаудың мүлде өзгеше ұстындары өзінің төл лексикалық құрамын, ана тілін қалыптастырады, деген пікір айтты. Хайдеггердің қолайсыз сөз құрылымдарының қалыптасуына оның осы бағыттағы, ой толғап, пайымдаулар жасаған алғашқы, тұңғыш философ екендігі тікелей әсер етті. Хайдеггердің еңбектерін түсінікті тілге көшіру келер ұрпақтың бір міндеті болуы мүмкін. Бірақ, мәселе мынада, аударма барысында Хайдеггердің ой-таным тереңдігі жоғалып кетпей ме екен күдік бар.
Демек, Хайдеггер Болмысты Уақыт аясында қарастырады. (тіпті, оның басты шығармасы “Болмыс пен Уақыт” деп аталады). Хайдеггер Болмыстың да, Уақыттың да затия немесе затияның (“сущий”) бір түрі еместігін біледі. “Егер Болмыс бар болса, біз оны затия (“сущее’) деп тануға мәжбүрміз әрі оны өзі тәріздес басқа затиялар қатарынан тауып ала аламыз”.
Осы аудитория бар. Шам жарықтандырған аудитория бар. Жарық аудиторияны біз ойланбастан-ақ затия тектес бір нәрсе деп қабылдаймыз. Бірақ, аудиторияның қай жерінен біз осы “барды” табамыз? Болмыс нәрселерінің ешқай жерінен біз оны таба алмаймыз. Уақытқа қатысты да сол. “Уақытты көрсетіп тұрған сағаттың ешқай жерінен біз уақытты таба алмаймыз, сағат мехнаизмдері арасында, циферблатта ол жоқ. Заманауи техникалық хронометр құралдарында да жоқ. Бұл жайт төмендегідей тәртіп орнатады: хронометр техникалық тұрғыда және өлшем нәтижелері бойынша тиімді болған сайын уақыттың өзі туралы ойлануға да себебі азаяды”.
Болмыс пен Уақыт бар екендігі орындық, ағаш, қабырға бар екендігімен тең емес. Әрине, тілге тиек – ештеңе емес, бірдеңе. Сондықтан Хайдеггер Болмыс пен Уақыттың затияда өмір сүру әдіс-амалын белгілеу үшін “es gibt” ұғымын қолданады. Бибихин оны орысшаға “имеет место” деп аударған, қазақша – “орын алды”. Болмыс пен Уақыт орын алды. Болмыс затияда қатысу арқылы орын алды. Жасырылғанды ашу (“открытие потаенности”). Болмыс дегеніміз қатысуды (“присутствие”) білдіреді. Қатысу (“Присутствие”) дегеніміз адамның бір маңызды нәрсесімен ілігу (“задевание чем-то существенным человека”). Адам – қатысуын ұстап қалған беріктік (“Человек – это устоявший в захваченности присутствованием”). Адам – қатысқанына үнемі сый иеленуші. (“Человек – тот, кто является постоянным приемником дара присутствия”). Осы сыйды иелену арқылы адамның адамдық өлшемі қалыптасады. Сондықтан қатысу қуанышын ешкім алып шықпаса, Болмыс ашылмай қалады, адам Болмыс өлкесі ашықтығынан алыстап кетеді, адам адам болудан қалады. Адам дегеніміз Болмыс бақташысы. Затияда Болмыс – оң ашылуына алаң қамқорлық иесі. Болмыстың ашылуы Уақыт қатысуымен жүзеге асады. Бірақ, Уақытты белгілі бір ұзақтық немесе бірінің соңынан бірі жүрген не ерген сәттер не осы сәттердің ауысымы деп түсінуге болмайды. Уақыт Болмысқа қарап, өзінің Уақыт екенін шын (нағыз) мәнінде көрсете алады. Алайда, шын (нағыз) мәнінде деген “Енді Қазір” емес, “Қатысушы” түрғысында деген мағынаны білдіреді.
Біз жоғарыда Қатысушы қатысу ұғымына адамды “берік ұстаған” деп анықтама бердік. “Берік ұстаған” қалай жүзеге асады. Уақыт арқылы. Өйткені Уақыт Өткен ғана (Cол Кезде) емес, Oсы шақ та (Енді Қазір), Болашақ та (Кейін). Уақыт “Жүзеге Асқан”, “Қатысып Тұрған”, “Келе Жатқан” ретінде орын алады. (“Оно имеет место как Осуществившееся, Присутствующее, Наступающее”). “Бізге Уақытты екі нүкте арасындағы ұзындық өлшемі тұрғысында түсінген әлдеқайда анық. Уақыт туралы бұл түсінік бірінен соң бірі келетін не жүретін, үш өлшемді кеңістік туралы түсінігімізден қалыптасқан. Алайда, қандай да бір уақыт есебінен бұрын, одан, тіпті, дербес “осы шақ”, “жүзеге асушы” және “енді қазір” арасына өзара тартылған (тартылушы, “протяженность”) орын алғаны анық. “Келе жатқан” да, “әлі осы шақ емес” те, “келе жатушы” да, сонымен қатар, “енді осы шақ емес” те жүзеге асқанда, тіпті, нағыз осы шақта әрдайым тию мен ілігу, яғни, “қатысушы” бар. Осындай пайымдауға түскен “қатысуды” біз үш өлшемді уақыттың біріне жатқыза алмаймыз, әсіресе – осы шақты. Дәлірек айтсақ, уақыттың үш өлшемінің тұтастығы немесе бірлігі бір-бірінің пайдасына ойнаған ойыннан көрінеді”.
Хайдегердің міндеті-уақытты оңалту, оғанболмысқа орын беру. Болмыс деңгейінде ойшыл жою, уақыт теңдігі (бейболмыс) жойылады, оның орнына бірінші жағдайда бейболмысқа қарағанда мүлдем басқа мағынасы бар бейьолмыс қойылады. Кез келген жағдайда болмыс уақыттың субстанциясы ретінде әрекет етеді
Достарыңызбен бөлісу: |