Ескерту: біздің қолымызда Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің араб жазуымен жазылған Қазан қаласында 1907 жылы шыққан нұсқасы сақталған. Кітатаптағы аудармада, алдыңғы берген аудармада да көптеген өзгешеліктер бар. Бұл өзгерістер туралы ақын шөбересі ф.ғ.к. Жүсіпов Нартай Қуандықұлы «Қазақ әдебиеті» газеті, 1990. - №27 (2153) жұлдызы 6 шілде; «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №4 1994 жылғы санында былай жазды: «Ал, бүгін біз оқырман қауымға ақынның «Сарыарқаның кімдікі екендігі» еңбегінің еш жерде жарияланбаған алғашқы қолжазба нұсқасын ұсынып отырмыз». Біздің ойымызша 1907 жылы жарияланған нұсқасының басы өлеңмен де ортасы, аяғы қара сөз үлгісін жазылған. Оны өзінің «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклоршылық еңбегі» - деген кандидаттық диссертациясының авторефератында да көрсетіп кеткен екен.
1 Қ.Мұхамедханов, Қуандық Мәшһүр-Жүсіпов // Молмұраның иесі «Семей таңы» газеті,
3 қараша, 1983. - №210. - 3 б. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің туғанына 125 жылдығына арналған
мақала. Осы мақала «Мәшһүр-Жұсіп мұрасы жөнінде» - деген атпен // «Жұлдыз» журналында 3
наурыз, 1984 жылғы санында жарияланды.
2 «Ағизел» журналы, 1991. - №10.
1 Қазақ тілі мен әдебиеті //Сарыарқаның кімдікі екендігі М-Ж. Көпеевтікі/ қолжазбаны түзеп,
өңдеп баспаға ұсынған ақын шөбересі/. 1994. - №4. -124 б.
2 Н.Жүсіпов. Мәшһүр-Жүсіп және фольклор. – Павлодар, 1999. - 29 б.
3 Б.Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Мектеп», 1976. - 15 б.