М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы



бет1/14
Дата15.09.2017
өлшемі3,01 Mb.
#32403
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер институты
Қазақ филологиясы кафедрасы

М - Ж. КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР ТАРИХЫ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Павлодар

УДК 809.434.3-2.

ББК 81.2 казя73

Т 86
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған

Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығы.
Пікірсарапшылар:

1 Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы - Павлодар университеті «Журналистика және қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент.

2 Жүсіпов Ертай Қуандықұлы - Павлодар университетінің доценті, ф.ғ.к.
Т 86 «М - Ж. Көпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы» оқу құралы, Павлодар, 2005 ж. - 159 бет.
ISBN 9965-539-67-7

«М - Ж. Көпеев шығармаларындағы кірме сөздердің тарихы» - атты зерттеуде қазақ елінің басынан кешірген дәуірдегі тілдік қабаттар сөз болады. Қазақ әдеби тілінің тарихында кірме сөздердің алатын орны ерекше. Келіссек те, келіспесек те шындықты мойындауға тура келеді. Монғол (шағатай тілі), араб, парсы сөздері қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткендігі соншалықты кейбірін тек қана сөздікпен, не түбір тұлғасын қайдан шыққанын зерттеу арқылы ғана анықтауға тура келеді. Ал, орыс тілінің жағдайы басқаша. Орыс тілі арқылы енген сөздер тілімізге басқа көрші елдердің сөздері сияқты танымастай өзгеріске түсіп, сіңіп кетпесе де өз даму заңдылықтарын (сыртқы формасы, түбір тұлғасын) сақтап қала алды. Дегенмен, кейбір сөздер бәрібір қазақ тілінің заңдылығына шыдамай бейімделіп, қазақтың төл сөзі сияқты болып кеткені де бар екенін айтуға тиістіміз. Орыс тілінің заңдылығына бейімделіп, сіңісіп кеткен түрік сөздері де өте көп. Жалпы, кірме сөздердің кірігу заңдылығын зерттеу дегеніміз, кірме сөздерге тосқауыл қою деген сөз. Оның алдын алу мен емін табумен бірдей. Қазақ тілі саласында кірме сөздер әр уақытта зерттеу нысаны болып келді. Лексикология, диалектология, тіл білімінде кірме сөздер жан - жақты қарастырылады. Бірақ, оның тарихи дәуірі, сөздердің фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық заңдылықтары онша айтылмайды. Осы олқылықтардың орынын толтыру мақсатында қолдарыңыздағы зерттеу еңбек дүниеге келді.


Т ББК 81.2 казя73

ISBN 9965-539-67-7

© Тұрышев А.Қ., 2005

© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2005


Кіріспе

Қазақ тілінің тарихи кезеңінде кірме сөздердің алатын орны әлі айқындалып болған жоқ. Жалпы, қазақ тілінің лексикология саласында кірме сөздер туралы жан - жақты сөз болады. Бірақ кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық құрылымы толық зерттелген деуге болмайды. Қазақ тілінің оқулықтарында әркез кірме сөз жөнінде әңгіме қозғалып қояды да, оның зерттелуінің тереңдей мәні ашылмайды.



Кірме сөздер қай ғасырдан да бері еніп келеді? Оны анықтау мүмкін емес. Дегенмен түрік елінің басқа шет елдерімен аралас-құраластың нәтижесінде кірме сөздер еніп үлгерді. Оның кейбірі түріктің өз сөздері болса, кейбірі миграция нәтижесінде жеткен сөздер тобы еді. Әрине, ұзақ жылғы тілдік даму барысында қай сөз кімдікі екендігін анықтау, оған нақты баға беру де қиынға соғады. Тіл ұзақ жылғы араласудың жемісі. Адамдар бір - бірін тіл арқылы түсінген. Әуелі адам, одан соң тіл жұмыс істеген. Адамзат баласының дүниеге келуінен бастап, жер бетінде дүние бөлісу басталды. Байлыққа көз тігу, бір жерді басып алу, әлімжеттік күштеу саясатын тудырды. Әсіресе, соғыс қатты әсер етті, бір елді басып алу сол елдің тілін білуге құштарлықты оятты. Үлкен түрік жұртының жер аудару саясаты негізінде көптеген жұрт түріктенген тілде сөйлеп, сол түрік дәстүрін қабылдап, тілі ассимиляцияланып кетті. Түрік жұртының өзі де басқа елдің құрамында жұтылып өзінің әуелгі түріктік келбетінен ажырап қалды. Арабтанған түрік, парсыланған түрік, еуропаланған түрік, т.б. пайда болды. Олардың кейбіреуі өзінің тарихи отанына қайтып оралды. Уақыт арасы үзілгенмен, ұрпақ арасы үзілмей жалғасып отырды. Арада ғасыр салған түрік ұрпақтары өзінің тілін, өз отанын алғанын ұмытып, сол тілдің екінші, бәлкім үшінші, төртінші тасушысы айналғанын өздері де аңғармай қалды. Қазір де сол жағдай қайталануда. Кейбір түрік сөздері ғасыр аралап өз тарихи отанына қайтып оралуда. Оны біздер керісінше аударуға мәжбүр болудамыз. Бұл тек қана қазақ елінің басындағы жағдай емес, күллі елдердің басындағы жайт еді. Қазірлер мына сөз біздікі, ана сөз сіздікі деген құр далбаса даудан ештеңе шықпайды. Бұлтартпайтын дәлел, этимологиялық зерттеу қажет. Әсіресе, кеңестер дәуірі кезінде қазақ елі өз сөздерін түгендеп алуға батылы жетпеді. Қазақ елінің көне сөздерінің көбі не архайзм, не тарихизм сөздерге жатқызылды. Л. Будаговтың, В. Радловтың сөздіктері аз тиражбен шығарылды. Ат - әбзелдеріне, қару - жарақ, зергерлік өнерге байланысты сөздер түріктің (қазақ) төл сөздері екендігі ескерілмеді. Болашақта Даль, Фасмер т.б. сөздіктердегі сөздерге зерттеу жасап, оның ішіндегі түрік (қазақ) сөздерін аршып алып, этимологиялық талдау жасайтын күн жетті. Сол сияқты монғол, араб, парсы сөздерінің де түбір тұлғасын ажыратып, қазақтың төл сөздерін аршып алатын кез туды. Тіпті, шекара бөлінбей тұрғанда түрік сөздері деп жүрген кейбір сөздердің түбір тұлғасын анықтап, қазақтың төл сөздеріне жатқызу керектігін өмір өзі дәлелдеді. Көрші Орта Азия сөздерінің кейбірі бірі - біріне өте ұқсас, бұл түсінікті жағдай. Дегенмен, түбір сөздерді анықтағанда зат пен уәж арасындағы байланысқа қатты мән берген дұрыс болар еді. Мысалы, аты барда заты жоқ сөздердің бізде аты да, заты да бар болса онда ол сөздер сөз жоқ қазақтың төл сөздері болып табылады. Айталық, сәукеле, қарқара уәждері: (қыз, келіншек киетін бас киімдер) немесе тоқым қағар уәжі: (тоқым ат жабдығы, тоқым қағар - 5 - 6 жастағы ер баланың ең алғаш жол сапарға аттануы) т.б. Үзеңгі мен үзік, сырға мен сырмақ, текемет пен текше, бөстек пен бөрік, бөрі мен бөктергі т.б. толып жатқан сөздердің бір - бірімен тығыз байланысты түбірлес сөздер екенін біреу біліп, біреулер біле де бермейді де, монғолдың, араптың, иран тілінен енген сөздер деп сан саққа жүгіртеді. Ортақ болған тілдерді меншіктенудің де өз орны бар. Дегенмен, кім бұрын зерттеп, сол сөздерді ғылыми айналымға енгізіп халық игілігіне айналдырса, сөз де соныкі. Шыңғыс Айтматовтың «Манас» жырынан алып күллі елге жария болған мәңгүрт сөзі қазір қырғыз елінен шыққанын біреу біліп, біреу білмеуі заңдылық. Ал, осы сөзге ұқсас қазақ тілінде мәңгі // бәңгі, қырт // гүрт сияқты варианттары да бар. Тіл түсінісудің, адамның бірін - бірі танудың мықты құралы. Сөздік қорымызбен келген сөздердің құрамын зерттеу біздің басты борышымыз. Кірме сөздерді зерттеу деген оның кіруіне тосқауыл қою деген сөз. Соның алдын алу, емін табу деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет